Мазмұны Кіріспе. Халықаралық бірліктер жүйесі Бөлім Молекула кинетикалық теория және термодинамика негіздері



Pdf көрінісі
бет16/114
Дата19.10.2023
өлшемі3.62 Mb.
#481106
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   114
2.Физика-на-казахском-языке-для-1-курса

Конденсация – бұл заттың салқындау немесе сығылуының салдарынан газ тектес күйден сұйық 
күйге айналу процессi. Сұйық бетiндегi будың қысымы неғұрлым жоғары болса, сол температурада 
конденсацияға ұшырайтын молекулалар саны да соғұрлым көп болады.
Бетi ашық ыдыстағы сұйықтың булану процесi конденсация процесiнен басым болып келедi. Ал бетi 
жабық ыдыста сұйық пен будың арасында, булану процесi мен конденсация процесстерi бiрiн-бiрi 
толықтыратындай, динамикалық тепе-теңдiк орнайды. Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдiкте 
болатын буды қаныққан бу деп атайды.
Температура тұрақты болған жағдайда қаныққан будың қысымы оның алатын көлемiне байланысты 
болмайды.
Егер сұйықтың булануы конденсациядан басым болса немесе сұйық толық буланып кетсе, онда оның 
устiндегi буды қанықпаған бу деп атайды. Буларға, тек бу қанықпай тұрған жағдайда ғана, идеалды 
газдар үшiн орныққан заңдарды қолдануға болады.
 
Қаныққан бу. Егер сұйық құйылған ыдысты тығыз жабатын болсақ, онда сұйықтың азаюы тез арада 
тоқталады. Температура өзгермеген жағдайда сұйық — бу жүйесі жылулық тепе-теңдік күйге келеді 
және бұл күйде ұзақ уақыт бола алады. Булану процесімен қатар конденсация процесі болып 
отырады және бұл екі процесс орта есеппен бір-бірін тексереді. 
Ыдысқа сұйық құйып, бетін жапқаннан кейін, алғашқы кезде, сұйық буланады да, будың тығыздығы 
арта бастайлы. Бірақ мұнымен бірге сұйыққа кайта оралатын молекулалардың саны да өсіп отыратын 
болады. Бу тығыздығы неғұрлым арткан сайын, сұйыққа қайтып оралатын бу молекулаларының саны 
арта түседі. Температура тұрақты болған жағдайда осының нәтижесінде жабық ыдыстағы сұйық пен 
бу арасында біртіндеп динамикалық (қозғалмалы) тепе-теңдік калыптасады. Сұйық бетінен шығып кететін 
молекулалар саны орта есеппен сол уақыт ішінде сұйыққа қайтып оралатын бу молекулаларының 
санына тең болады. Су үшін бөлме температурасында бұл сан секундта 1 см2 бет аудан үшін 1022 
молекулаға тең. 
Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын бу қаныққан бу делінеді. Бұлай аталудың өзі бір 
температурада берілген көлемде бу мөлшерінің бір шамадан артып кетуінің мүмкін еместігін 
аңғартады. 
Егер сұйық құйылған ыдыстағы ауа алдын ала сорылып шығарылған болса, онда сұйық бетінде 
қанықкан бу ғана қалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет