Мазмұны Кіріспе. Халықаралық бірліктер жүйесі Бөлім Молекула кинетикалық теория және термодинамика негіздері



Pdf көрінісі
бет19/114
Дата19.10.2023
өлшемі3.62 Mb.
#481106
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   114
2.Физика-на-казахском-языке-для-1-курса

салыстырмалы ылғалдық делінген шама енгізілді. 
Берілген температурада ауа құрамындағы су буы р парциал қысымының, сол температурадағы 
қаныққан будың р қысымына, процентпен өрнектеліп алынған қатынасы, ауаның φ салыстырмалы 
ылғалдылығы деп аталады:
Психрометр. Ауа ылғалдылығын арнайы приборлар арқылы өлшейміз. Солардың бірі — 
психрометр туралы айтпақшымыз. 
Психрометр екі термометрден тұрады. Олардың біреуінің резервуары құрғақ күйінде болады да 
ауаның температурасын көрсетеді. Екіншісінің резервуары бір ұшы суға батырылған шүберекпен 
оралады. Су буланады, осының нәтижесінде термометр салқындайды. Салыстырмалы ылғалдық көп 


19 
болса, булану азая түседі, дымқыл шүберекке оралған термометр соғұрлым жоғары температураны 
көрсетеді. 
Салыстырмалы ылғалдық 100%-ке тең болғанда, су тіпті буланбайды және екі термометрдің де 
көрсетуі бірдей болады. Екі термометрдің температуралар айырмасы бойынша арнаулы кестелер 
көмегімен ауаның ылғалдылығын анықтауға болады. 
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы φ деп ауадағы су буының қысымы p-ның атмосфералық 
температурадағы судың қаныққан буының қысымы p
k
– ға қатынасына тең шаманы айтады.
φ = (p/p
k
)· 100 % (2.1) 
p
k
шамасының мәндерi белгiлi сәйкес кестелерден анықталады. Ауаның температурасы төмендеген 
сайын оның салыстырмалы ылғалдылығы артады, себебi неғұрлым ауаның температурасы төмен 
болса, соғұрлым су буы қанығуға жақындай түседi. Салыстырмалы ылғалдықты өлшеу үшiн арнайы 
психрометр деп аталатын прибор қолданылады. Салқындату барысында (процесiнде) бұрын 
қанықпаған бу қаныққан буға айналатын температура шық нүктесi деп аталады. Шық нүктесiне тең 
температурада атмосферадағы су буы конденсациялана бастайды. Тұман пайда болып, шық түседi, 
қатты дене беттерi терлей бастайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет