Мазмұны Кіріспе. Халықаралық бірліктер жүйесі Бөлім Молекула кинетикалық теория және термодинамика негіздері



Pdf көрінісі
бет29/114
Дата19.10.2023
өлшемі3.62 Mb.
#481106
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   114
2.Физика-на-казахском-языке-для-1-курса

2-сурет 
3-сурет 


26 
кристалдарға тән, стуктураның сол фрагментiндегi барлық бағыттар бойынша қайталанушылық жоқ. 
Тек көршi атомдар ғана белгiлi бiр тәртiппен орналасқан.
Сұйықтар секiлдi, аморфтық денелер үшiн бөлшектердiң жақынырақ орналасу тәртiбi тән, бiрақ 
олардың қимылдары (қозғалуы) өте жәй. Аморфтық денелерге шыны, пластмасса, шайыр, смола 
және т.б. жатады. Барлық аморфты денелер изотропты болып келедi, яғни олардың физикалық 
қасиеттерi барлық бағытта бiрдей деген сөз.
Сыртқы әсерлердiң нәтижесiнде, аморфтық денелер бiр мезгiлде, қатты денелер секiлдi, серпiмдiлiк қасиетiн 
және, сұйықтар тәрiздi, аққыштық қасиетiн анықтайды. Бұның мысалы ретiнде әр түрлi смолалардың 
қасиеттерiн қарастыруға болады. Төменгi температураларда аморфтық денелер өз қасиеттерi жағынан 
қатты денелердi еске түсiредi. Олардың аққыштық қасиеттерi жоқ дерлiк. Бiрақ , температураның ұлғаю 
шамасына қарай аморфтық денелер де жұмсарады және олардың қасиеттерi барынша сұйықтың 
қасиеттерiне жақындай түседi. Бұл мынаған байланысты. Аморфтық денелердiң атомдары немесе 
молекулалары, сұйық молекулалары секiлдi,өзiнiң тепе-теңдiк күйiнiң маңында тербелiс уақытына ие. Бiрақ , 
бұл уақыт, сұйықтарға қарағанда, өте көп. Тек температураның өсуiмен ғана, бiр тепе-теңдiк күйден келесi 
күйге атомдардың секiрiсi бiртiндеп жиiлейдi де, дене аға бастайды. Аморфтық денелердiң кристалдық 
денелерге қарағандағы бiр ерекшелiгi сонда, олардың белгiлi бiр балқу температурасы болмайды. 
Газ 
және қатты дене аралығында агрегат күйдегі зат сұйық деп аталады. Сондықтан да сұйықтар газдар 
мен қатты денелер тәрізді, оларға тән қасиеттерімен сипатталады. Сұйыққа тән қасиеттің бірі – 
аққыштық, бұл жағынан ол газдарға жақындау. Газдар сияқты, сұйықтар аққыштағы жөнінен өзі 
құйылған ыдыстың барлық қысымды барлық жағынан бірдей береді. (Паскаль заңы) және өздеріне 
батырылған денелерді ығыстырып шығарады (Архимед заңы). Газдар сияқты, сұйықтықтар 
изотропты келеді. Қатты денелер сияқты, сұйықтықтардың молекулааралық өзара әсерлесу күштері 
болғандықтан, молекулалар белгілі бір аралықта бір-бірін ұстап тұрады. Сондықтан да 
сұйықтықтардың қатты денелер сияқты көлемі болады. Сұйықтықтардың қатаюы кезінде, олардың 
көлемі өзгереді, яғни ұлғаяды (мысалы, мұзға айналады). Бұл тұрғыда сұйықтық ішкі құрылымы 
қатты денелердің құрылымына сәйкес. Тәжірибелердің қорытындылары меншікті балқу жылуы λ 
меншікті булану жылуымен r салыстырғанда оның аздау екенін дәлелдеді. Мысалы, Na үшін λб = 
1,1*10 Дж/кг, υб=4,6*10 Дж/ кг екен. Қатты дененің меншікті жылу сыйымдылығының 
Сvбалқытылған дененің меншікті жылу сыйымдылығынан Сб өзгешелігі болмайды. Мысалы, Na 
үшін Сv=1,2*103 Дж/ (кг*к) Сб=1,4*103 Дж/ (кг*к) эксперименттердің осындай нәтижесі сұйық 
молекулаларында болатын жылулық қозғалыстардың қатты денелер молекулаларындағы жылулық 
қозғалыстардың өзгешеліктерінің шамасы екенін көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет