41
Тақырыбы:
2.2.1 Тұрақты электр тоғы. Электр тізбегі.
Сабақ жоспары:
1.
Тұрақты тоқ
2.
Кернеу
1.
Кернеу тұрақты болса, онда ток күші кедергіге кері пропорционал: тізбек бөлігінің R кедергісі неғүрлым көп болса,
ондағы I ток күші соғүрлым аз.
Осы заңдылықты тексеру үшін қолданған тізбектегі шамды кедергілер жинағымен алмастырамыз.
(3-
сурет ). Әр түрлі кедергілерге сәйкес ток күшін өлшеп, біз шынында да І ток күшімен
R- кедергі кері
пропорционалдық тәуелділікте екендігіне көз жеткіземіз.
Кедергіні азайтқанда ток күші артады. Егер ток күші осы тізбек үшін шекті мәннен артып кетсе, онда
тізбектегі құралдар істен шықса, ал сымдар қызып өрт шығуы мүмкін. Қысқа тұйықталу кезінде осы
жағдай орын алады. Қысқа тұйықталу деп тізбектің кернеуі бар екі нүктесін
кедергісі өте аз қысқа
өткізгішпен қосуды айтады.
Тогы бар жалаңаштанған
өткізгіштер бір-біріне тигенде,
оларды ұқыпсыз жөндегенде,
құрастыру
платаларында көп шаң жиналғанда және электр құралдарының ішіне
жәндіктер кіріп кеткенде де
қысқа тұйықталу орын алу мүмкін.
Кедергіні тәжірибе арқылы анықтау әдісі Ом заңына негізделген. (2)
формуладан.
R=U/I (2)
Сондықтан
тізбек бөлігінің R кедергісін анықтау үшін U мен I ток күшін өлшеп кернеуді ток күшіне бөлу керек. Осыған
сәйкес тізбек кескіні 39-суретте көрсетілген.
3-сурет.
Егер, керісінше тізбек бөлігінің
R кедергісі мен І ток күші белгілі болса, онда Ом заңын қолданып U
кернеуді есептеуге болады. (2) формуладан
U=IR. (3)
Тізбек бөлігіндегі U кернеуді табу үшін, осы бөліктің I ток күшін R кедергіге көбейту керек.
Достарыңызбен бөлісу: