45
Метал өткізгіштерден бастаймыз. Ол өткізгіштердің вольт-амперлік
сипаттамасы бізге белгілі, бірақ әзірге
оның молекула-кинетикалық
теория тұрғысынан түсіндірілуі туралы ештеңе айтылған жоқ.
Металдардағы еркін заряд тасушылар электрондар болып табылады. Олардың шоғыры өте үлкен 10
28
1/м
3
шамасында. Бұл электрондар бейберекет жылулық қозғалысқа қатысады. Электр өрісінің әсерінен олар 10
-4
м/с (52-параграфты қара) шамасындағы орташа жылдамдықпен, реттелген түрде орын ауыстыра бастайды.
Металдағы токты еркiн электрондар туғызады. Олардың концентрациясы үлкен болады және металл
атомдарының концентрациясымен бiр реттi болады.
Металдар электр өткiзгiштiгiнiң классикалық электрондық теориясының негiзiнде келесi ұйғарымдар
жатады:
1) металдағы еркiн электрондар өздерiн идеал газ молекулары төрiздi ұстайды; “электрондық газ"
идеал газ заңдарына бағынады;
2) ретсiз қозғалыс кезiнде еркiн электрондар өзара соқтығыспайды ( идеал газ молекулалары төрiздi),
олар кристалдық торлардың иондарымен соқтығысады;
3) электрондар иондармен соқтығысқанда өздерiнiң кинетикалық энергиясын толығымен бередi.
Металдағы электрондардың реттелген қозғалысының орташа жылдамдығы
өткiзгiштiң берiлген
нүктесiндегi элекр өрiсiнiң кернеулiгiне пропорционал болады:
(1)
мұндағы
е- электрон заряды,
m- оның массасы, - тектелес екi соқтығудың арасындағы орташа уақыт
(электронның еркiн жолының орташа уақыты).
Достарыңызбен бөлісу: