Мазмұны Кіріспе. Халықаралық бірліктер жүйесі Бөлім Молекула кинетикалық теория және термодинамика негіздері


Металдарда еркін электрондардың бар екендігінің тәжірибелік дәлелдемесі



Pdf көрінісі
бет49/114
Дата19.10.2023
өлшемі3.62 Mb.
#481106
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   114
2.Физика-на-казахском-языке-для-1-курса

Металдарда еркін электрондардың бар екендігінің тәжірибелік дәлелдемесі. Металдардың өткізгіштігі 
олардағы еркін электрондардың қозғалысынан болатындығынын тәжірибелік 
дәлелдемесін тәжірибе жүзінде Л. И. Мандельштам мен Н. Д Папалекси (1913 
ж.) Б. Стюартпен, Р.Толмен (1916 ж.) берген. 
Бұл тәжірибелердің мазмұны мынадай. Катушкаға сымды орайды да, оның екі 
ұшын бір-бірінен изоляцияланған екі металл дискіге дәнекерлеп бекітеді (1-
сурет). Дискілердің ұштарына сырғымалы контактілердің жәрдемімен 
гальванометрді қосады. 1-сурет. Катушка 
Катушканы қатты айналдырады да, сосын кенет тоқтатады. Кенет токтатқанда, катушканың зарядталған 
еркін бөлшектері өткізгішке қатысты инерциясы бойынша біраз уақыт қозғалыста болады, олай болса
катушкада электр тогы пайда болады. Ток аз уақытқа созылады, себебі өткізгіш кедергісінің әсерінен 
зарядталған бөлшектер тежеледі де, ток кұрайтын бөлшектердің реттелген қозғалысы тоқтайды.  
Тоқтың бағыты, онын теріс зарядталған бөлшектердін қозғалысынан пайда болғанын көрсетеді.
Электрондардың металдағы қозғалысы. Электр өрісі тарапынан болатын тұрақты күш әсерінен 
электрондар реттелген қозғалыста белгілі бір жылдамдық алады. Бұл жылдамдық әрі қарай уақыт өтуіне 
байланысты артпайды, өйткені кристалдық тордың иондарының тарапынан электрондарға белгілі бір тежеуіш 
күш әсер етеді. Бұл күш суға батқан тасқа әсер ететін кедергі күшіне ұқсас. Нәтижесінде электрондардың 
реттелген қозғалысының орташа жылдамдығы өткізгіштегі электр өрісінің кернеулігіне 
пропорционал, υ~ E олай болса, өткізгіштің ұштарындағы потенциалдар айырмасына да 
пропорционал болғаны, себебі 
Е =U/ℓ, мұндағы ℓ — өткізгіштің ұзындығы. Өткізгіштегі ток күші бөлшектердің реттелген 
қозғалысының жылдамдығына пропорционал екенін біз білеміз. Сондықтан ток күші өткізгіштің 
ұштарындағы потенциалдар айырмасына пропорционал деп айта аламыз: I ~ U . Металлар 
өткізгіштігінің электрондық теориясы негізінде Ом заңын сапа жағынан түсіндіру міне осындай. 
Meталдардағы еркін зарядтарды тасушылар электрондар екендігі тәжірибе арқылы дәлелденген. 
Электр өрісінің әсерінен электрондар кристалдық тордың тарапынан болатын тежеудің салдарынан 


46 
тұрақты орташа жылдамдықпен қозғалады. Реттелген қозғалыстың жылдамдығы өткізгіштегі өріс 
кернеулігіне тура пропорционал. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет