Мазмұны Кіріспе. Халықаралық бірліктер жүйесі Бөлім Молекула кинетикалық теория және термодинамика негіздері



Pdf көрінісі
бет53/114
Дата19.10.2023
өлшемі3.62 Mb.
#481106
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   114
2.Физика-на-казахском-языке-для-1-курса

өткiзгiштiгi (n-типтi өткiзгiштiгi) болады.
Электрон кеткен жерде артық оң заряд пайда болады да, оң кемтiк құрылады.
1-сурет 


49 
Сыртқы электр өрiсiнде электрондар электр өрiсiнiң кернеулiгiнiң бағытына қарама қарсы жаққа 
ығысады. Оң кемтiктер электр өрiсiнiң кернеулiгiнiң бағытына қарай орын ауыстырады, яғни электр 
өрiсiнiң әсерiнен оң зарядтың қозғалатын жағына қарай орын ауыстырады. Кемтiктердiң реттi орын 
ауыстыруанан болатын таза жартылай өткiзгiштiң электрөткiзгiштiгiң меншiктi кемтiктiк 
өткiзгiштiгi (p-типтi өткiзгiштiгi) дейдi.
Жартылай өткiзгiштердiң кристалдық торларына қоспаларды (қоспалық центрлерiн) еңгiзуiнен 
болатын электрөткiзгiштi қоспалық өткiзгiштiк дейдi.
Қоспалар 
жартылай 
өткiзгiштер 
кристалдарына 
электрондарды қосымша жабдықтаушы болуы мүмкiн. 
Мысалы, жартылай өткiзгiштiң торында германийдiң 
төрт валенттiк электроны бар бiр атомы бес валенттiк 
электроны бар қоспаның (мышьяк, сүрме) атомымен 
ауыстырылсын. Қоспалық атомның төрт электроны 
көршi 
германий 
атомдарының 
электрондарымен 
коваленттiк байланыстар жасауға қатысады, ал бесiншi 
электрон коваленттiк байланыс жасауға қатыса алмайды. 
Ол “артық" болады, өз атомымен әлсiз байланыста 
болады, сондықтан одан оңай бөлiнiп кетедi де, еркiн атом бола алады.(1 сурет). Электр өрiсiнiң 
әсерiнен жартылай өткiзгiштегi сондай электрондар реттелген қозғалысқа келедi, ал жартылай 
өткiзгiште электрондық қоспалық өткiзгiш пайда болады. Мұндай өткiзгiштiгi бар өткiзгiштер 
электрондық немесе n-типтiк жартылай өткiзгiштер дейдi.
Жартылай өткiзгiштегi төрт валенттiк электроны бар 
бiр атом үш валенттiк электроны бар қоспа 
атомымен (индий, алшюминий) алмасқанда, торда 
барлық коваленттiк байланыстар құрылуы үшiн бiр 
электрон жетiспейдi (2 сурет). Бiрақ, қоспалы атом 
тордағы ең жақын негiзгi атомның электронын алған 
жағдайда, ол барлық байланыстарды құра алады. 
Онда негiзгi атомнан кеткен электронның орнында 
оң кемтiк пайда болады, осы кемтiкке тордағы келесi 
көршiлес атомның электроны ырғып түсуi мумкiн 
және т.с.. Электрондардың оң кемтiктердi бiр iздi толтыруы жартылай өткiзгiштегi кемтiктердiң 
қозғалысына және онда ток тасымалдаушылардың пайда болуына тендес. Электр тогының әсерiнен 
кемтiк өрiс кернеулiгiмен бағыттас орын ауыстырады да, жартылай өткiзгiште кемтiктiк қоспалық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет