51
Оң нормаль бағыты тұйық контурдағы
токтың бағыты бойынша
айналғандағы оң кесiлген бұранда ұшының iлгерiлемелi қозғалысымен
сәйкес келедi (1 - сурет).
Тогы бар түзу сызықты өткiзгiштiң магнит тiлшесi жазықтығы
өткiзгiшке перпендикуляр, ал центрi өткiзгiш өсiнде жатқан шеңбердiң
жанамасы бойынша орналасады. Магнит
индукциясы векторының
бағытын Максвелл
ережесi (
бұранда ережесi) бойынша анықтайды:
егер бұранданы өткiзгiштегi ток бағыты бойынша бұраса, онда
бұранда сабының қозғалыс бағыты магнит индукциясы векторының
бағытына нұсқайды.
Магнит индукциясы векторының модулi магнит өрiсi тарапынан тогы
бар өткiзгiштiң бiр бөлiгiне әсер ететiн
максималды күштiң ток күшiнiң
сол
бөлiк ұзындығына көбейтiндiсiнiң қатынасына тең:
(1)
СИ жүйесiнде
Магнит индукциясының бiрлiгi ретiнде бiр
тесла (1
Тл) – ұзындығы 1
м өткiзгiш
бөлiгiне 1
А ток күшi болғанда өрiс тарапынан
F
max
= 1
H максималды күш әсер ететiн
бiртектi өрiстiң
магнит индукциясы қабылданған.
Егер векторлары өрiстiң барлық нүктелерiнде бiрдей болса, магнит өрiсiн
бiртектi деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: