Мазмұны Кіріспе. Халықаралық бірліктер жүйесі Бөлім Молекула кинетикалық теория және термодинамика негіздері


Өздiк индукция құбылысы. Индуктивтiлiк



Pdf көрінісі
бет61/114
Дата19.10.2023
өлшемі3.62 Mb.
#481106
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   114
2.Физика-на-казахском-языке-для-1-курса

Өздiк индукция құбылысы. Индуктивтiлiк. 
Катушка арқылы өтiп жатқан токтың шамасы өзгерсе, онда ол катушканың маңындағы магнит өрiсiнiң ағыны 
да өзгередi. Ал, өз кезегiнде бұл өзгерген магнит ағыны электромагниттiк индукция құбылысына сәйкес 
катушкада қайтадан индукциялық ЭҚК-iн туғызады. Осылай, тiзбектегi токтың өзгеруiнен осы тiзбектiң өзiнде 
қайтадан индукциялық ЭҚК-нiң пайда болуы өздiк индукция құбылысы деп аталады.
Өткiзгiш арқылы өтiп жатқан ток туғызып отырған магнит өрiсiнiң ағыны Ф
s
сол өрiстiң магнит 
индукциясына пропорционал, ал магнит индукциясы өз кезегiнде тiзбектегi ток күшiнен тәуелдi, олай болса
өздiк индукция магнит ағыны сол өткiзгiштiң өзiндегi ток күшiне тура пропорционал, яғни Ф
s
~I. Контурдың 
пiшiнiнен және ортаның магниттiк қасиеттерiнен тәуелдi болатын пропорционалдық коэффициентi L деп 
белгiлеп, индуктивтiлiк немесе өздiк индукция коэффициентi деп атайды. Онда
Ф
s
= L·I (1) 
Мұндағы L – дiң бiрлiгi ретiнде 1А ток өткенде 1 Вб магнит ағынын туғызатын контурдың индуктивтiлiгi 
алынады. Оны 1 Генри (Гн) деп атайды. Яғни, 1 Гн = 1 Вб/А.
Ленц ережесi бойынша индукциялық ЭҚК-i тiзбектегi токтың арту сәтiнде оның өсуiне, ал төмендеу сәтiнде 
оның кемуiне кедергi жасайды. Осы тұрғыдан алғанда өздiк индукция құбылысы механикадағы заттардың 
инерттiлiк қасиетiмен, ал индуктивтiлiк сәйкес инерттi массамен баламалы. Фарадейдiң электромагниттiк 
индукция заңы өздiк индукция құбылысы үшiн де орынды. Яғни, өздiк индукция ЭҚК-i өздiк индукция магнит 
ағынының өзгерiсi түрiнде мына өрнекпен анықталады
Ф
(2) 
Өздiк индукция құбылысын индуктивтiлiгi үлкен катушкадан, резистордан және қыздыру лампаларынан 
тұратын тiзбекпен жасалған тәжiрибе айқын көрсетедi
Магниттiк өрiстiң энергиясы. Магнит өрiсi энергиясының тығыздығы 
Электр тiзбегiн ток көзiне қосқан кезде контурдағы токтың мәнi нөлден бастап артып, өзiнiң қандай да бiр I – ге 
тең тұрақты мәнiне жеткенше, токтың осы өзгерiсiнен пайда болатын өздiк индукция ЭҚК-iн жеңуге қарсы 
жұмыс жасалынуы тиiс. Энергияның сақталу заңына сәйкес бұл жасалынған жұмыс энергияның басқа түрiне, 
яғни осы тұйық контурдың магнит өрiсiнiң энергиясына айналады. Бұл үрдiс механикада жұмыс iстей отырып 
массасы m – ға тең денеге v – ға тең жылдамдық бергенге ұқсас. Бұл жағдайда дене 
2
/2-ге тең кинетикалық 
энергияға ие болатыны белгiлi. Осы ұқсастықты пайдалана отырып бiздiң жағдайымыздағы энергияның өрнегiн 
мына түрде жазуға болады
(3) 
Бұл өрнекте энергияның мәнi индуктивтiлiк және тiзбектегi ток арқылы анықталған. Бiрақ бұл магнит өрiсiнiң 
энергиясы болғандықтан оны тiкелей осы өрiстi сипаттайтын шамалар арқылы да жазуға болады. Ол үшiн өрiс 
туғызып тұрған контурды ұзындығы аса үлкен катушка деп есептесек, өрiстiң бүкiл энергиясы сол катушканың 
iшiне жинақталады Ал катушка индуктивiгiнiң L=μμ
0
n
2
Sℓ және магнит өрiсi индукциясының B=μμ
0
In екенiн.
Мұндағы μ-ортаның магниттiк өтiмдiлiгi, μ
0
- магнит тұрақтысы, S- катушканың көлденең қимасының ауданы
ℓ-катушканың ұзындығы. Ал S·ℓ=V катушканың көлемi. Дербес жағдайда аса ұзын катушканың магнит өрiсi 
үшiн алынған осы өрнек өзін қандай токтардың туғызып тұрғанынан байланыссыз кез-келген магнит өрiсi үшiн 
де орынды болады.
Энергияның сақталу заңына сәйкес, тiзбектегi ток нөлге дейiн кемiген кезде өрiстегi жинақталған энергия қайта 
бөлiнiп шығады. Оны индуктивтi катушканы ток көзiнен ажыратқан кезде онымен параллель жалғанған 
шамның жылт етiп жанып өшкенiнен байқауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет