Мазмұны Кіріспе. Халықаралық бірліктер жүйесі Бөлім Молекула кинетикалық теория және термодинамика негіздері


туғызады, деді.  Электромагниттік толқындар



Pdf көрінісі
бет73/114
Дата19.10.2023
өлшемі3.62 Mb.
#481106
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   114
2.Физика-на-казахском-языке-для-1-курса

туғызады, деді. 
Электромагниттік толқындар - кеңістікте айнымалы электромагниттік өрістердің таралуы. 
ЭМТ вакуумде таралу 
жылдамдығы: 
Электромагниттік толқынның ортадағы 
таралу жылдамдығы: 
ε-ортаның диэлектрлік өтімділігі, 
μ- магниттік өтімділігі 
Электромагниттік толқынның теориялық есептеулер арқылы табылған вакуумдегі жылдамдығы тікелей 
өлшенген жарық жылдамдығына тең болуының маңызы ерекше. Жарық – электромагниттік 
толқын болып шықты. 
Электр өрісінің 
кернеулік векторы, магнит индукция 
векторы тербелістерінің фазалары кезкелген 
нүктеде сәйкес. 
мен 
векторлары бағыты және толқындардың таралу бағыты өзара перпендикуляр. 
Электромагниттік толқындар – көлденең толқындар. 
Бірдей фазада тербелетін ең жақын екі нүктенің арақашықтығы электромагниттік толқының 
ұзындығы деп аталады 
Электромагниттік толқының негізгі сипаттамасы оның тербеліс 
жиілігі ν. Себебі электромагниттік толқын бір ортадан екінші ортаға өткенде толқын ұзындығы өзгереді, 
ал жиілігі тұрақты болып қалады. Электромагниттік толқын электр зарядтарының үдемелі қозғалысы 
кезінде туындайды. Электромагниттік толқынның энергетикалық сипаттамаларының бірі -
электромагниттік толқын шығару ағының тығыздығы. Ол толқынның таралу бағытына перпендикуляр 
ауданы S беттен ∆t уақыт ішінде өтетін электромагниттік W энергияның беттің ауданы мен энергияның 
өту уақыты көбейтіндісіне қатынасы: 
немесе 
Яғни, толқынның шығару ағынының тығыздығы беттің бірлік ауданнан бір периодта өтетін 
электромагниттік толқын шығарудың орташа қуаты немесе оны толқынның интенсивтілігі деп 
атайды. Х.Б. жүйесінде оның өлшем бірлігі Вт/м
2



69 
Жазық электромагниттік толқын тарайтын кеңістіктің ∆V көлемінен ∆t уақыт ішінде белгілі бір 
энергия өтіп үлгереді. Бұл элекромагниттік өріс энергиясы 
W=w·∆V=w·S·c·∆t 
мұндағы w- элекромагниттік толқын энергиясының тығыздығы. Олай болса I=w·c. 
Элекромагниттік толқын шығару ағынының тығыздығы электромагниттік энергия тығыздығы мен 
толқының таралу жылдамдығының көбейтіндісіне тең.
- нүктелік көзден шығатын толқының интенсивтілігі арақашықтықтың квадратына 
кері пропорционал. 
Енді электромагниттік толқының электр өрісінің және магнит өрісінің энергияларының тығыздықтары 
өзара тең 
Олай болса электромагниттік өріс энергиясының тығыздығы w=w
э
+w
М
=2w
э
. Электр өрісінің 
кернеулігі және магнит өрісінің индукциясы E~a~ω
2
немесе B~a~ω
2
, олай болса өрістің энергия 
тығыздықтары 
және 
Сондықтан электромагниттік толқының 
интенсивтілігі жиіліктің төртінші дәрежесіне пропорционал I=w·c~ ω
4

Электромагниттік толқындарды жиілік бойынша жіктеу электромагниттік толқындар шкаласыдеп 
аталады. Олар (ν=10
-3
Гц) төменгі жиілікті толқындар мен радиотолқындардан бастап, гамма сәулелерге 
дейінгі (ν<10
21
Гц) аралықты қамтиды. 
  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет