Мазмұны Кіріспе. Халықаралық бірліктер жүйесі Бөлім Молекула кинетикалық теория және термодинамика негіздері



Pdf көрінісі
бет91/114
Дата19.10.2023
өлшемі3.62 Mb.
#481106
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   114
2.Физика-на-казахском-языке-для-1-курса

 
 
 
 Массаның жылдамдықтан тәуелдiлiгi 
Егер денеге ұзақ уақыт тұрақты күш әсер ететiн болса, онда классикалық физикадағы Ньютон 
заңдарына сәйкес оның жылдамдығы шексiз өсуi тиiс. Ал релятивистiк физика тұрғысынан 
қарағанда жарық жылдамдығы мүмкiн болатын ең үлкен, шектiк жылдамдық. Кез-келген массасы 
нөлден ерекше болатын дененiң жылдамдығы жарықтың жылдамдығынан үлкен бола алмайды. Бұл 
қарама-қайшылық классиклық физикадағы қозғалыс теңдеуiне өзгерiс енгiзу қажет екендiгiн 
көрсетедi. Бiрақ бiр ерекшелiгi сол, қозғалыс теңдеуi релятивистiк жағдайда өзiнiң түрiн өзгертпейдi 
екен, яғни
(4) 
Өзгерiс тек импульстiң 
өрнегiне кiрiп тұрған массаға ғана қатысты болады. Релятивистiк 
физикада дене қозғалған кезде масса тұрақты болып қалмайды. Жылдамдық артқан кезде ол да 
артады. Оның жылдамдықтан тәуелдiлiгiнiң өрнегiн релятивистiк физикадағы импульстiң сақталу 
заңынан шығарып алуға болады. Бұл тәуелдiлiк мынадай
(5) 
мұндағы m0 дененiң тыныштықтағы массасы. Дененiң жылдамдығы артқан кезде массасының 
артуы күш қанша ұзақ әсер еткенiмен оның жылдамдығының шексiз өсiп, жарық жылдамдығынан 
үлкен болып кетуiне мүмкiндiк бермейдi.


95 
Энергия мен массаның өзара байланыс заңы 
Қозғалыстағы дененiң энергиясының болатындығы белгiлi. Дене массасының оның 
жылдамдығынан тәуелдiлiгi масса мен энергияның арасында қандай да бiр байланыстың бар екенiне 
нұсқайды. Бұл байланысты алғаш рет салыстырмалылық теориясын пайдалана отырып
А.Эйнштейн тағайындаған. Ол өрнек мынадай:
(6) 
Бұл масса және энергия тәрiздi маңызды шамаларды байланыстырып тұрған физиканың iргелi заңы. 
Бұл шамалардың бiр-бiрiмен жарықтың жылдамдығы арқылы байланысуының да терең физикалық 
мағанасы бар. Тыныштықта тұрған денеге E0 = m0c2 энергиясы сәйкес келедi. Бұл дененiң 
тыныштық немесе өзiндiк энергиясы деп аталады.
Масса мен энергияның арасындағы осы байланыс атом және ядро қойнауындағы энергияның кiлтi 
болып табылады. Массаның энергияға айналуының бiр жарқын мысалы элементар бөлшек пен оның 
антибөлшегiнiң аннигиляциялануы. Ол жөнiнде мына жерден қарап көруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет