3-семинар. Канбан жүйесінде іріктеу және тапсырыс беру карточкаларын қолдану
КАНБАН өндірістің әрбір сатысында өндірілген өнімнің мөлшерін шұғыл реттеуді
қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе болып табылады.
Іріктеу карточкасы құрамында алдыңғы учаскеден түсуі тиіс бұйымның түрі мен
мөлшері болады.
Өндірістік тапсырыс карточкасы құрамында алдыңғы
технологиялық сатыда
дайындалуға тиіс болатын өнімнің түрі мен мөлшері болады.
Жеткізуші карточкасы немесе субмердігер карточкасы құрамында: жиынтықтаушы
бұйымдарды жеткізу жөніндегі нұсқаулық болады, жеткізуші
карточкасы іріктеу
карточкасының бір түрі болып табылады.
1 – сурет. КАНБАН карточкаларының негізгі түрлері
Белгі беру карточкасы бұйым партиясын бейнелеу үшін қолданылады. Мұндай карточка
бұйым партиясымен контейнерге бекітіледі. Егер бекітілген карточкамен белгіленген
деңгейге дейін контейнерден детальдар алынса, оларды толтыруға
тапсырыс жұмыс істей
бастайды. Белгі беру карточкалары екі түрлі болады: материалды жіберуге карточка талап
ету және дайындауға карточка-тапсырыс (үш бұрышты формада). Карточкалардың негізгі
түрлерінің жіктемесі 1- суретте көрсетілген.
Іріктеу және тапсырыс беру карточкаларын қолдану 2 - суретте көрсетілген.
1. Автожүктегіш жүргізушісінің А учаскесіндегі детальдардың
жинаулы тұрған жеріне
келуі. Іріктеу карточкасы + бос контейнерлер. Жол жүрудің белгіленген уақытындағы тек
белгіленген мөлшер.
2. В учаскесінің жүргізушісі жинаулы тұрған жерінен детальды алып кетеді. Тапсырыс
карточкасын шешу алу және оларды тапсырыс карточкасын жинау пунктіне жөнелту + бос
контейнерлерді тиеп жіберу.
3. Өзімен бірге алып келген іріктеу карточкасын контейнерден шешіп алынған әрбір
тапсырыс карточкасы орнына бекіту.
4.
Бұйымды өңдеу басталғанда, босатылған контейнердің іріктеу карточкасы осы
учаскенің іріктеу карточкаларын жинау пунктіне жеткізіледі.
5. А учаскесінде карточкалар қабылдау пунктінен алып кетіледі және өндіріс
карточкаларын жинау пунктінде жүргізуші оларды шешіп алған ізбен қалдырылады.
6. Детальдарды өндіру осы карточкалар жинақталған
сияқты сол бір ізбен анық
жүргізіледі.
7. Дайын бұйымды тапсырыс карточкасымен бірге қоймыға орналастырады.
Дәстүрлі (итеретін) амалдың сипаттамасы: детальдарды кестеге сәйкес дайындау
(детальдар дайын болуына қарай алдыңғы операциядан кейінгісіне түседі). Сүйрейтін жүйе
кезекті учаскенің детальдарды, құрастыру бөліктерін және т.б. алдыңғы
учаскеден келесісіне
тапсырыс беруінен және алуынан тұрады.
КАНБАН ережелері:
Кезекті технологиялық кезең қажетті бұйымдарды алдыңғысынан нақты белгіленген
уақытта қажетті мөлшерде керекті жеріне тартады:
¨ карточкасыз кез келген орын ауыстыруға тыйым салынады;
¨ карточка мөлшерінен асып түсетін кез келген іріктеуге тыйым салынады;
¨ карточкалар саны өнім мөлшеріне сәйкес келуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: