Дәріс №2 Мәдениет тілі Жоспар: Тіл мен мәдениет сабақтастығы Мәдениет тілі түсінігі



Pdf көрінісі
бет5/5
Дата19.10.2023
өлшемі438.41 Kb.
#481169
түріСабақ
1   2   3   4   5
bcf04ed59e710ba61f6306c1626acd59 1

Конвенционалды белгілер, аты айтып тұрғандай, адамдардың өзара келісімге келуі 
нәтижесінде қалыптасқан белгілер. Ол белгілерді басқашалай, шартты белгілер деп те атай 
аламыз. Мысалы, мектептегі қоңырау үні, зілзала кезіндегі дабыл соғу, шіркеу 
звонницасының үні, жұма намаз алдындағы азан шақыру, жедел жәрдем мәшинесінің 


үстіндегі қызыл айшық крест және т.т. Конвенционалды белгілерді өз алдына тағы да 
сигнал, индекс деп тарамдатып жіберуге тағы болады. Сигнал, немесе ишаралар әрбір 
мәдениетке сай қалыптасады. Оларды адам бала шағынан көріп-біліп, үйреніп өседі. 
Мысалы, біздер үшін бас шайқау ишарасы – әлденемен немесе әлдебіреумен келіспеу 
дегенді білдірсе, болгарлар үшін ол, керісінше, мақұлдау ишарасы болып табылады. Ал 
индекстер – ақпаратты сығыңқы түрде орналастыру үшін белгілі бір жағдайларда арнайы 
пайдаланылатын белгілер. Әдетте, атауынан-ақ, біз пошта индексін еске түсіреміз, 
карталардағы, схемалардағы, графиктердегі белгілерді де индекске жатқызамыз. 

Document Outline

  • a. Б.Л. Уорфтың тұжырымдамасы бойынша, тіл – адам ойын анықтайтын форма. Тіл адамның өмірді қабылдауын және құрылымдауын анықтайды. Әрбір тұлға жастайынан ана сүтімен бірге бойына дарыған, қабылданған тіліне сай әлемнің тілдік картинасына ие. "Тіл біз...


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет