«тарих» кафедрасы


 ТАРАУ. СЫР ӨҢІРНІҢ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ МҰРАЛАРЫНЫҢ



Pdf көрінісі
бет14/38
Дата23.10.2023
өлшемі3.11 Mb.
#481446
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38
Каналхан Е.Г. 2022 сонгы вариант (1)

ТАРАУ. СЫР ӨҢІРНІҢ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ МҰРАЛАРЫНЫҢ 
ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЗЕРТТЕЛУІ 
 
1.1 Тарихи-мәдени мұралар жайлы жазба деректер алғашқы 
өлкетанушылық ғалымдардың еңбектерінде 
Сыр өңірі – Арал аймағы ежелден сақ, скиф, массагет, ғұн, қаңлы, оғыз, 
қыпшақ және т.б. көптеген көшпелі, отырықшы тайпалардың отаны болғаны 
тарихымыздан белгілі. Ұлы Жібек жолының дәл орта тұсына сәйкес келетін 
Сыр өңірі, Батыс пен Шығысты жалғап отырған Орта Азияға жалғасып 
жатыр. Бұл өңірдің ежелгі заманнан өркениет ошағы болып дамуына, табиғат 
жағдайларының адамзат тіршілігіне қолайлы болуы маңызды роль атқарды 
(сурет 1). 
Сыр өңіріне – Сырдария өзенінің төменгі және орта ағысы, оның 
тармақтары мен ежелгі арналары орналасқан Қызылорда облысы жері кіреді. 
[1, 253-261 бб.]. 
Аймақтың Сыр өңірі аталуы – Сырдария өзенімен байлынысты 
алынған. Өзен көне грекше – Яксарт деп аталған, бұл атаудың өзі көне парсы 
тіліндегі Yakhsha Arta
(«Үлкен маржан») деген сөз тіркесінен бастау алады, 
бұл өзен суының түсінен пайда болған. Ортағасырлық мұсылман 
жазбаларында өзен жұмақтағы төрт өзеннің бірінің атымен «Сейхун»деп 
аталған Римдіктер Оих десе, қытайлықтар Қазақстаннның оңтүстік арқылы 
Арал теңізіне құятын өзенді «Е» өзені деп атаған. Қыпшақтар «Інжу-егіз» деп 
атады деген пікір де бар, сонымен бірге «Шаш» өзені деген атау да кездеседі 
[2]. 
Қазақстанның өлке табиғаты жөніндегі қытай, араб, парсы, орыс, 
саяхатшыларымен зерттеушілерінің деректерінің бірқатары кеңес дәуірінде 
қайта-қайта талқыланып сараланды. Олардың ішінде Н.Дингельшед (1893), 
Л.С.Берг (1908), В.В.Бортольд (1900), С.П.Толстов (1962), Ә.Бейсенова 
(1990) т.б. монографиялық еңбектерінде ғылыми тұрғыда дәйектелген. 
Олардың зеттеулерінен Сырдария, Әмудария, Арал теңізі алқабының табиғат 
жағдайларының қандай өзгеріске ұшырағандығы және бұрынғысы мен 
қазіргісін салыстыра отырып, мол деректер алуға болады. 
VІ ғасырға дейінгі алғашқы мәліметтерде (Геродот, Плиний, Стабон 
мен Птоломей т.б.), бір кездері сырдарияның «Яксарт» деп Бактриліктер, 
«Танаид» деп А.Македонский әскерлері атаған және Арал теңізі «Оксий 
қоспасы» делінгенін білеміз. Бұл кезең қазақ жері мен оны мекендеген 
халықтар жайлы алғашқы мағлұматтардың пайда болуымен сипатталады. 
Х ғасырда өңір жайлы араб географтары Ибн Хордадбек, Максиди, 
Ибн Хаукаль мен Ибн Русте, әль-Истархи, әл-Масуди, әль-Идриси және т.б. 
еңбектерінде кездеседі. Ибн-Хаукаль мен Ибн Фадланның көрсеткен 
Сауранның сыртымен ағатын өзеннің Сырдария екені, жоғарғы сағасындағы 
гуздер патшасының қысқы ордасы астанасы – Янгикент шаһарының – 
географиялық, тарихи жағынан нақты келетіні анық [3, 146 бет]. 


18 
Ал Ибн-Русте мен Исфаханидің Арал теңізін: теңіз аумағы 100 фарсах, 
батыс бөлігін айнала суких (Қара таулар) деп аталатын тау сілемдері алып, 
шығыс жағалауында ну орман мен қамыс аралас өскендігін сипаттайды. 
Теңіздің картографиялық бейнесі де тұңғыш берілген [4,24-27 бет]. 1928 
жылы Теңіз көлемі 70,430 шақырым болған. Қазір теңіздің 25 пайызы ғана 
қалған деген болжам ба [6, 6-8 бет]. 
Зерттеушілер ортағасырдағы жазба деректердің географиялық 
тұрғыдан жұтаңдығын, жер-су елді-мекендерді (топоним, этноним, 
антропонимдер, гидронимдер) атауларын тізбелеуден аса алмағандығын 
орынды көрсеткен. Сондықтанда өлкенің өткенін талдау, жан-жақты тану 
мәліметтердің тапшылығынан шектеулі болып отыр. 
Географиялық зерттеу кезіндегі ХVІ ғасырдан басталатын орыс-қазақ 
қатынастарының жетістіктерін жоққа шығаруға болмайды. Оның барысында 
қазақ жерлерінің көшіп қонатын мекендері мен керуен жолдары туралы 
нақты мәліметтер алынған. «Үлкен сызба кітабында» өңірдің кейбір жерлері 
бейнеленген[4, 65-66 бб.]. 
Сыр өңірінің жер бедері көбіне біртегіс жазықтық болып келеді. 
Жазықтың басым бөлігі Сырдария, Сарысу өзендері, Қызылқұмды кесіп 
өткен Іңкәрдария, Қуандария, Жаңадария өзендерінің ертедегі жазығы болып 
табылады. Құмды белестермен және төбешік сілемдермен алмасып отыратын 
өңірдің ең биік ауытқу белгісі оңтүстігінде 200 метрге, батысында Арал 
теңізі жағалауында 53 метрге барады [1, 12 б.].
Сырдария Орталық Азиядағы ірі өзендердің бірі, бастауын орталық 
Тянь Шань сілемдерінен алады. Сырдария өзенінің төменгі ағысының басым 
көпшілігі қазіргі Қызылорда облысының жерінен өтуі оның географиялық 
жағдайының өте маңызды ерекшелігі болып табылады. Орта Азия мен 
Қазақстандағы ертедегі өркениет осы өзеннің бойында пайда болды.
Оңтүстік-шығысында Амударияның ежелгі атырабымен қосылған 
Сырдарияның ежелгі атырабының ауданы ендік бағытта 400-ден астам 
километрге меридионалдық бағытта (орташа есеппен) 200-ге жуық
километрге созылған үлкен үшбұрыш болып келеді. Батыста ол Арал 
теңізінің шығыс жағалауымен, оңтүстікте Қызылқұм шөлінің құмымен 
шектелген, солтүстікте шекарасы шамамен Қызылорда қаласынан төмен 
қазіргі Сырдария аңғарының бойымен өтеді. Қазіргі өзен аңғарының 
шығысына қарай Жосалы мен Қызылорда қалаларының арасындағы ауданда, 
бұрын Сарысу мен Шу өзендері Сырдарияға қосылған тармақтарының 
жүйесі сақталған. 
Сырдарияның ең ежелгі арнасы (Ескі-Сырдария) зерттелген арналар 
ауданынан біршама оңтүстікке қарай, Қызылқұм шөлінің негізгі массивінен 
оңтүстікке қарай, солтүстікте Заравшан алқабын жиектейтін оңтүстікте су 
айыратын жолдар жүйесімен шектеліп, Ескі-Амудария жүйесімен қосылып, 
орналасқан [7, 142 бет]. 
ІХ-Х ғасырларда басында оғыз тайпалары Сырдың төменгі ағысынан 
Еділдің төменгі бойына дейінгі орасан зор территорияны мекендеген. 


19 
Оғыздар туралы алғашқы деректер Х-ХІ ғасырлардың басында араб тілінде, 
мысалы, әл-Якубидің еңбегінде айтылады [3, 146-150 бет]. 
Орта Азия мен Шығыс Еуропаға және Орталық Азияға баратын керуен 
жолдарының тоғысқан жерінде жатқан Янгикент (қазіргі Жанкент қаласы) 
қаласы Х ғасыр оғыз мемлекетінің астанасына айналды. Оғыз мемлекетінің 
халқы-түркі және иран тілінде сөйлеген. «Жабғы» атағы бар жоғарғы 
билеуші Оғыз мемлекетінің басшысы болған. Оғыз жабғыларының 
орынбасарларын Күл-еркін деп атаған. Жоғарғы билеушілер өкіметі 
мұрагерге- «иналамиға» беріліп отырған [8].
Жабғы яғни билеуші мемлекетінде оғыз әскерінің «сюбаши» деп 
аталатын бас қолбасшысы маңызды рөл атқарған. Оғыздар мал 
шаруашылығымен айналысты. Отырықшылықта қатар дамып отырды оған 
дәлел Сырдария бойындағы Жент, Сауран, Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ 
деген қалалары [9].
VIІІ-ІХ ғасырлада Арал теңізі мен Сырдарияның орта ағысы 
аралығындағы аймақта қаңғар тайпалары этникалық қауымының қалыптасу 
кезеңі жүріп өтті. Сырдария араб және қытай деректерінде Қаңғар деп 
аталады. Ертедегі түріктердің орхон жазбаларындағы кеңгерестер, Византия 
авторы Константин Багрянородныйдың (Х ғ.) кангарлары және араб 
географы әл-Идрисидің (ХІІғ.) хангакиштері – кангюйлердің этнонимдік 
дәстүрін сақтаушы кангар деген бір тайпалық атаудың әр түрлі нұсқалары 
Кангарлардың тайпаластары арасындағы билеуші үстем тобы болғаны анық 
[5, 544 бет]. VІІІ ғасырдың екінші жартысында кангар-печенег тайпалары 
Жетісу өңірінен кете бастаған оғыз тайпаларының бірлестігіне қарсы 
табанды күрес бастады [8, 220-225 бет]. Рашид ад-Диннің Жамиғат тауарих 
атты еңбегінде Оғыз хан әкесі және туыстарына қарсы соғыста жеңіске 
жетіп, Талас, Сайрам батыста Мәуеренахр Бұқар және Хорезмге дейін билігін 
жүргізді деп көрсетеді. Рашид ад-Диннің аңызы бойынша Оғыз хан Жанкент 
қаласын салдырған. Ханның уәзірі болып Иырқыл қожа сайланады. 
Оғыздардың оң және сол қанаттары арасында тәртіп орнатылып қысқы, 
жазғы көш жолдарының шекарасы белгіленді. Оғыздардың арнайы 
мерекелерінде оңғы, тамға, тотемдердің шығуы Иырқыл қожаның есімімен 
байланысты [9, 664 бет]. 742 жылы Батыс Түрік қағанатының құлауымен 
моңғол даласындағы билік ұйғырлар, басмылдар, қарлұқ тайпаларының 
қолына өтеді. Басмылдардың көсемі бұрынғы титул қаған дәрежесін алып, 
ұйғыр, қарлұқ көсемдері жабғу атағын алады. Орталық Азиядағы тарихи 
процестер оғыздарға да әсер етті. Оғыздардың басым көпшілігі Жетісу жерін 
мекендеді. Гардизидің айтуынша сол кезден бастап оғыздар мен қарлұқтар 
арасында билікке талас басталады. Ірі әскери қақтығыстардан кейін оғыздар 
яғни 766 жылы Арал өңіріне қоныс аудара бастайды. Оғыз көсемдері 
Сырдария бойында билік ету үшін печенег-қанғар тайпаларымен соғыстар 
жүргізді. Тек ІХ ғасырда ғана оғыз билеушілері билікті толығымен өз 
қолдарына алды[10, 181-184 бет]. Оғыз тайпалары ІХ-ХІ ғғ. Орталық Азия 
мен Шығыс Еуропа тарихына өз үлестерін қосты. ХІ ғасырда селжүк 


20 
державасының құрылуы оғыздардың мұсылман әлемінде маңызды рөл 
атқаруына ықпал етті [10, 295 бет].Оғыз атауы Орталық Азияда ІХ-Х ғғ. 
кеңінен тарады. Бұл кезең Сырдария оғыздарының печенег одағын 
талқандаған кезеңіне тұстас келді. ІХ ғасырда оғыздар хазарлармен 
одақтасып печенегтерді ойсырата жеңіп, ХІ ғасырдың ортасында дейін Еділ 
мен Орал өңіріне оғыз көсемдері саяси билігін жүргізді [11, 11-15 бет].
Византиялық деректерде VІІІ ғасырда оғыз-қарлұқ тайпалары бірігіп, қанғар, 
печенег, баджгар тайпаларына қарсы соғысады. Масудидің шығармасында 
бұл оқиға туралы қысқаша мынадай мәлімет береді [10, 167-181 бет]. 
Дурджание теңізі маңында (Арал теңізі) түркі тайпаларының арасында ірі 
әскери қақтығыстар болады. Қақтығыстар нәтижесінде баджгарлар, 
нукардалар, печенегтер оғыз-қимақ-қарлұқтарға төтеп бере алмай Кіші 
Азияға қоныс аударады [12, 129 бет]. әл- Йакубидің деректерінде Түркістан 
аймағында мекендейтін түркілер бірнеше халықтарға және бірнеше 
мемлекеттерге бөлінеді делінген. Атап айтқанда бұл халықтарға тоғыз-
ғұздар, қарлұқтар, түргештер, қимақтар кіреді. ибн әл-Факихтың 
шығармасында оғыздар өздерін түркілердің басқа тайпаларынан қарағанда 
биігірек санайды деп жазылған.
Әйгілі Идрисидің картасында оғыздардың жаңа және көне астанасы 
көрсетілген. Китаб-Руджар шығармасында оғыздар елін жаңа және көне деп 
бөлінген. Идрисидің жазбасында Хийам мен Көне Гузияның арасы төрт 
күндік жол деп көрсетілген. Ескі Гузия Китаб-Руджар шығармасының кейбір 
тізімінде 1154 жылғы атлас карталарында көрсетілген. Оғыздар деп Каспий 
өңірі, Арал өңірі, Сырдарияның бойындағы түркі тілдес көшпелі тайпалар 
аталды. Бұл көшпелі тайпалардың көбісі Х-ХІ ғғ. жабғу билігіндегі оғыз 
мемлекетінің құрамына кірді. Орталығы Сырдарияның төменгі ағысындағы 
Жанкент қаласы болды.Оғыздар тарихының маңыздылығы зерттеушілердің 
көпшілігінің қызығушылығын тудырды. Оғыздардың этникалық шығу 
тарихы күрделі қиындықтар тудыруда. Ортағасырлық тарихи деректерде 
оғыз тайпаларының алғашқы ставкалары Ыстықкөлдің жағасында 
орналасқан деп көрсетілген [14,309-313].
Махмұд Қашқаридің деректерінде де оғыз және шігіл тайпалары 
Ыстықкөлдің маңайын мекендеген деп көрсетіледі. Рашид ад-Диннің 
еңбектерінде оғыздардың Еуразия даласы арқылы шығыстан батысқа қарай 
қозғалысы туралы мәліметтер берілген. [14,309]. Тарихи деректерге сүйенсек
ҮІІІ ғасырда Орталық Азияда ірі тарихи оқиғалар болуына Батыс Түрік 
қағанатының құлауы салдарынан түркі тайпаларының қақтығыстары әсер 
етті.  
ХІІІ-ХVІІІ ғғ. саяси оқиғалар салдарынан жазба деректердің көбі 
Түркістан, Отырар, Сауран, Сығанақ, Аққорған, Қырөзгент қалаларына 
қатысты мәліметтік сипатта болып келеді. Бұл кезеңде Баршынкент, Асанас, 
Құмқала, Жент, Жанкент т.б ескерткіштердің жайы туралы деректер 
тапшы.[15, 5-20 бб.].


21 
Қазақстанның ортағасырлық қалаларының археологиялық зерттелу 
тарихын қазіргі күні үш кезеңге бөліп қарастыруға болады. 
Алғашқы кезең, қазан революциясына дейінгі кезең. Бұл кезең 
В.В.Бартольдтың Түркістан археология әуесқойлары үйірмесінің атқарған 
қызметімен ерекшеленеді. Үйірменің зерттеулері барысында өз алдына 
қойылған мәселелері мен оларды шешу жолдары көптеген әдебиеттер мен 
оқу құралдарында қамтылған. 
Зерттеу жұмысымызда бізді, бұрынға жүргізілген археологиялық 
жұмыстардың ұйымдастырылуы мен далалық зерттеулердің өрісі, қазба 
жұмыстарының сипаты мен әдістеріне, қойылған мәселелерді шешу 
жолдарына байланысты тәжірибелері қызықтырады.
Орыс деректері бойынша Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштері 
жайлы алғашқы мәліметтер ХVІІІ ғасырда жарық көген «Үлкен сызба 
кітабы» мен С.Ремезевтің «Сібірдің сызба кітабы» шығармаларында 
кездеседі. Алайда Қазақстандағы нағыз археология ғылымының қалыптаса 
бастауы 1866-1867 жж. В.В.Радлов пен П.И.Лерхтың жүргізген 
зерттеулерімен байланысты. 
Шығыс 
Арал 
өңіріндегі 
археологиялық 
зерттеле 
бастауы, 
шығыстанушы Орыс Императорлық археологиялық қоғамының мүшесі 
П.И.Лерхтың 1867 жылы ортағасырлық Жанкент қалашығында жүргізген 
археологиялық жұмыстарынан басталады. П.И.Лерх өзінің білікті зерттеуші 
ғалым екенін көрсете отырып, алғашқы археологиялық барлау негіздерін 
қалады. Жанкент қалашығында жүргізген ғылыми ізденістері барысында 
П.И.Лерх ескерткіштің алғашқы топогарфиялық жоспарын жасайды [16]. 
Ескертіште ғылыми зерттеулерді, Ташкентке бара жатырған сапарында 
танымал суретші В.В.Верещагин, П.И.Лерхтың бастаған қазба жұмыстарын 
өз күшімен ұйымдастырып, жалғастырады. В.В.Верещагин жүргізген 
археологиялық қазба барысында қалашықтан малдың, адамдардың сүйектері 
керамикалық ыдыстар табылғанын баяндайды[10, 8 б]. 
Орта Азияға 1885 жылы келген Н.В.Веселовский археологиялық 
ескерткіштерге қазбалары мамандар арқылы жүргізуді бастайды. 1886 
жылдан Ресей Археологиялық комиссиясымен тығыз байланыс орнатылып, 
жергілікті зерттеу саласы жандана бастады. Ескерткіштерді зерттеуде бірінші 
кезекте топографиялық жоспар жасау, географиялық сипаттама беру, сәулет 
ескерткіштері есепке алыну секілді жұмыстар қолға алына бастады [15, 30-
43 бб.]. 
ХІХ ғасырдың аяғында Тараз, Исфиджаб қалаларына және Шу өңірі 
қалаларына В.В.Бартольдтың жүргізілген зерттеулері ортағасырлық 
қоныстарды анықтаудың алғашқы үлгісін көрсетті. В.В.Бартольд қалдырған 
мол мұра, бүгінгі күнге дейін Қазақстанның ортағасырлық мәдениеттерін 
шығыстық жазба деректер арқылы тұжырымдауда, көшпенділер мен 
ортаазиялық отырықшылар арасындағы барлық жағын қамтитын қарым-
қатынастарын 
зерттеуде, 
қалалардың 
ораналасуын 
айқындайтын 
археологиялық бағытта өз құндылығын жойған жоқ. 


22 
В.В.Бартольдтың жетекшілігімен көптеген ғылыми ізденістер 
ұйымдастырылып, оның бастамасымен 1895 жылы құрылған Түркістан 
археология әуесқойлары үйірмесі құрылды. Түркістан археология 
әуесқойлары үйірмесі сол кезеңдегі гуманитарлық ғылымдар саласындағы 
мамандандырылған жалғыз ғылыми-өлкетанушылық қоғамдық ұйым еді. Ол 
жиырма жылдан астам уақыт бойы (1895-1917 жж.) Орта Азия мен 
Қазақстанның археологиясын және материалдық мәдениетін зерттеумен 
айналысты. В.В. Бартольд, В.В. Радлов, В.Смирнов, В.А. Каллаур, 
А.Кастанье секілді көптеген білімді ғалымдар мен шығыстанушылардың 
есімдері Түркістан археология әуесқойлары үйірмесінің жұмысымен тығыз 
байланысты. Үйірме мүшелерінің еңбектері Ташкент қаласында басылып 
отырған «Түркістан тізімдемесінен» және «Хаттамалар» жинақтарында 
жарыққа шығарылып отырды [17, с.43-48]. 
Түркістан археология әуесқойлары үйірмесінің мүшесі – Перовск, 
Әулиеата уездерінің бастығы В.А.Каллаур археологиялық ескерткіштерді 
іздестіруде, оларды тізімге алуда, картаға белгілеп түсіруде көп еңбектер 
атқарды. Ол өзінің жүргізген жұмыстарында жергілікті топонимдерге зер 
салып, оларды ертедегі араб деректері арқылы салыстырып, ертедегі 
қалалардың орналасуын және олардың нақты атауларын анықтауға күш 
жұмсады.[18]. 
ХХ ғасырдың басында аймақтың археологиялық ескерткіштерін есепке 
алып, зерттеуге Орынбор мұрағат комиссиясы қарқынды араласа бастады. 
Осы комиссия ішінде И.А.Кастаньенің есімі ерекше – ол далалық зерттеулер 
барысында ескерткіштерді сипаттаумен, құжаттаумен қатар, археологиялық 
қазба жұмыстарын жүргізіп отырған. Өз жұмыстарының нәтижесін 1911 
жылы И.А.Кастанье «Древности киргизских степей и Оренбургского края» 
деген жинақтама еңбегінде жариялайды [19]. 
Зерттелу тарихына келетін болсақ осы аймақта орын тепкен Жeтiacap 
ескерткіштері бірнеше ортағасырлық қалалар мен қоныстары оның ішіндегі 
Жанкент қаласы, Асанас қаласы, Сырлытам қаласы, Шірік - Рабат қаласы, 
Жент қалаларына патшалық Ресей тарапынан осы аймақты барлау жүргізу 
үшін әр түрлі ғылыми экспедициялар жіберлді 
Осы зерттеулердің алғашқысы Жeтiacap қалалары туралы ғалым 
саяхатшы этнограф А.И. Левшиннің 1832 жылы жарық көрген Орыс 
географиялық қоғамының хабарламасының бірінші бөлімінде Сыpдaрияның 
төменгі ағысындағы ескерткіштері жайлы оның ішіндегі Жанкент, Сырлы-
там қала, Күйік там қалалары жайлы сипаттама береді. Жeтiacap қаласы 
жайлы оның орналасқан аймағы Қуаңдария арнасы жайлы деректі кездестіріп 
отырмыз. Жeтiacap қалалары туралы: «Джит-кала (семь городов) лежат на 
правом берегу рек Кувана, туть-нынь строеный, но еще видны рвы 
служивщие укреплениемь, вороть, каналы и прочее»-деп жазады[12, 20 бет]. 
Сыр өңірінің археологиялық ескерткіштері мен табиғи-географиялық 
жағдайы туралы мәліметтер А.И. Макшеевтің 1856 ж. «Морской сборник» 
жинағында жарық көрген «Описание низовьев Сырдарьи» мақаласында 


23 
жазылған. Ол Сыpдaрияның төменгі ағысында орналасқан ескерткіштерді 
бірнеше түрлерге бөліп, олардың арақашықтығын есептеп, обалар мен 
қалаларды тізімге алады [13, 40 бет]. Осының ішіндегі Жeтiacap қалалары 
Үлкен Қара-acap мен Көктонды обасы жайлы дерек берген: Возвышности 
Меде, на левомь берегу р. Сыра, по дорог изь форта Перовский вь 
упраздненый форть №3 занимають собою довольно значительно 
пространство. Два общирных кургана Кось-acapь, обнесены рвомь, 
находится не далеко оть леваго берега р. Кувана по дорог изь форта 
Перовский вь форта №3-го. Два кургана Кара-acapь, изь которыхь одинь на 
правомь берегу р. Кувана, а другой двумя верстами северного западные 
первого.
Курган Кукь-тунды, недалеко оть праваго берега Джамань-дарьи, по 
дорогь из форта №3 вь форты №2, на немь, по словамь Киргизовь, 
находилось, во времена Каракалпаковь укрепление [20, с.69-71 ]. Бұл 
сипаттамада айтылып отырған ескерткіштер қазіргі Қызылорда облысының 
Жалағаш пен Қармақшы аудандар ортасында орналасқан Кіші Қара acap 
және Көктонды обалары болып табылады. Ол 1867 ж. «Санкт-Петербургские 
ведомости» 
және 
«Русский 
инвалид»газеттерінде 
жарияланған 
мақалаларында қала қирандылары жайлы сипаттамасын жазады [13, с. 106]. 
Олардың ішіндегі Райым бекінісі,(қазіргі Арал ауданы аумағында ), 
Хожанияз бекінісі, Қамыс Қорған бекінісі, (қазіргі Жалағаш ауданы 
аумағында ) Ақмешіт бекінісі (қазіргі Қызылорда қаласы ) жайлы мәлімет 
беріп олардың жоспарын қағазға түсіреді және аймақта отырған халықтың 
этнографиясы, тарихы жайлы біраз еңбек қалдырды [21, с. 30 ]. Осы
жазылған естеліктері кейінен 1896 жылы «Путешествия в Киргизская 
степямь Туркестанскому краю » еңбегі және бірнеще мақаласы жарыққа 
шықты [22, с.10 ].
Жeтiacap қалалары жайлы деректі, аңыздарды жинастырған алғаш 1865 
ж. басылып шыққан «Мaтeриaлы для гeoгpaфии и стaтистики России, 
собранные офицерами генерального штаба» жинағында Бас Штaб 
пoдпoлкoвнигi Л.Мейердің «Киргизcкая cтeпь Oрeнбyргcкoгo ведoмства» 
атты мақаласында осы өңірлердің қала қирандырларына байланысты VIII-
бөлімінде « Развалины в степи соединения с преданами жителей ». Бұл 
мақаласында Жанкент қаласы мен Бегім ана ескерткіштеріне тоқталып, басқа 
ескерткіштерді үш топқа, кезеңдерін бөліп қарастырады. Сыpдaрияның 
төменгі ағысындағы Жаңадария мен Қуаңдария арналарның бойында орын 
тепкен 
қала 
қирандыларына 
сипаттама 
береді. 
Оның 
iшiндeгi 
тaқыpыбымызғa apқaу болып отқaн Жeтiacap қaлaлaры жaйлы eрeкшe көңiл 
бөлiп oл тyрaлы «мeждy Кyвaнaмь и Сыpoм нecкoлькo oтдeльных 
yкpeплeнных поcтoвь, нoсяшихь oбщее название Acapы, а все урочище
называется Джит-acap, т.е. семь acapов–обь этох развиланах точно также вы 
народ сохранилось разные преданья, но на разрушения ихь указывают как на 
события более, близкое именно на эпоху освобождения киргизовь от 
владычоства калмыковь»....деп сипаттама береді. Жергілікті халықтан аңыз 


24 
әңгімелерді жинастырып Жeтiacap шатқалына байланысты ауыз әдебиеті 
шығармаларын жазып қалдырды [23, с. 420 ]. 
1911 ж. Түркістан археология әуесқойлары үйірмесінің мүшесі 
А.Кастаньенің Сыр бойындағы археологиялық ескерткіштеріне жасаған 
сипаттамасы оның «Древности киргизских степей и Оренбургского края» 
деген еңбегінде берілген [19, 295-341бет]. Осы еңбегінің қайта басападан 
2007 жылы шыққанында « Перовский уезд» бөлмінде Шірік-Рабат қала 
қорымы, Орынбай қала, Сырлытам кесенесі мен қаласы, Сараман қоса, Бегім 
ана мұнаралары, Күйік қала қаласы, Жанкент қаласы ,Жент қаласы, Асанас 
қаласы, оның ішіндегі Жeтiacap қалалары жайлы былай деп келтіреді; «В 
1893 году, по поручению Н.П. Остроумова, здесь был поручик А. Симонов, 
но он, выехав из укрепления Кармакчи посетил только урочище Джеты-Acap, 
то есть семь городов, между тем, как видно из карты Туркестанского края, 
этих acapов по Яны-Дарье и Куван-Дарье весьмо много; из них более 
замечателны: Тибет-acap, Ирис-куль-acap, Бидайық acap, Кум-чеку, Унгурлы, 
Караш, Тектурмас и другие; кроме того по линии действующих и сухик русел 
находится множество бугров, по распросным сведениям похожих на 
Ташкентские; есть также целые города с развалинами стен и следами башен, 
частоью глинобитых, частью из сырцового кирпича». [18, 295-341 бет].
Жалпы қазіргі уақытта Жeтiacap ескерткіштеріне зерттеп аңыз 
әңгімелерді жинастырып, оларды жарық шығарған әкелі балалы Әуелбек 
Қоңыратбаев пен Тынысбек Қоңыратбаев болғанын айтуға болады [24].
Аңыз-әңгімелерден белгілі болғандай бұл ескерткіштерге қарап тың 
мәліметтер алуға және ұмыт қалған жер су аттарын білуге болады. Жeтiacap 
қалалары жайлы қазіргі уақытта екі аңыз сақталған. Солардың біріншісі
халық аузындағы әңгімелерге қарағанда «Қамбар батыр» жыры осы Жeтiacap 
маңында болғаны туралы айтылады.
Ә. Қоңыратбаев «Туркестанские ведомости» газетінде жарық көрген 
Жeтiacap қаласы туралы мақалаларды аударып жарыққа шығарады. 
Жоғарыда атап өткендей Л.Мейердің «Киргизская степь Оренбургского 
ведомства» мақаласында «Назым деген қазақтың қызы болыпты оны қалмақ 
ханы сұратып, бірақ Қамбар батыр қалмақты жеңіп, Назымды өзіне алады 
деп айтылады». А.Симоновтың мақаласында бұл қалалардың салынып 
салтанат құруы Алесандр Македонский заманы байланыстарылса кейбірінде
бұл қалалардың Әмір Темір қиратқан деп айтылады [25, 3 бет]. 
Ортағасырлық деректер қорытындылай келе Сырдың төменгі ағысы 
бойындағы ескерткіштер Жaнкeнт, Жeнт, Шірік–Рабат қалалары жайлы 
деректерді кездестіруге болады. 
Өлкетанушылық кезеңде өлкеде жұмыс жасаған ғалымдар тек 
ортағасырлық қалалар жайлы деректердегі қалаларды тауып іздеп баламалну 
мәселесін көтерген. Соның ішіндегі Жанкент, Жетіасар қалалар жайлы аңыз 
әңгімелерді кездестуруге болады.


25 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет