«тарих» кафедрасы



Pdf көрінісі
бет30/38
Дата23.10.2023
өлшемі3.11 Mb.
#481446
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38
Каналхан Е.Г. 2022 сонгы вариант (1)

Сырлытам 
мавзолейі(Іңкәрдариялық). 
Сырдария 
ауданының 
Іңкәрдария ауылынан оңтүстікке қарай 25 шақырым жерде. Ол Іңкәрдария 
ауылына жақын ежелгі дарияның кепкен сағасында орналасқан. Мавзолей 
жайлы жазба деректер 1881 жылдан аталады. 1900 жылы орман қорықшысы 
Т.Жылқыбаев мавзолей суретін салған. Одан кейін ХХ ғасыр басында 
И.А.Кастанье, В.А.Каллаур 1904ж жәдігердің бітімі туралы дерек береді.. 
Кейін ХАЭЭ зерттеушілері 1952-1957 жылдары тарапынан аталған. 
«Қазақстан археологиялық картасында» (1960) есепке алынған. 
Іңкәрдария Сырлытамы ортағасырлық Сырлытам қаласының оңтүстік-
батысында 250 м қашықтықта орналасқан. Бұл ерекше архитектуралық 
құрылыстың кіру қақпасы сазды балшықтан ойып жасалған кесінділер мен 
плиталармен безендірілген. Бұл безендіруге қарап оны қарахандар дәуірімен 
мерзімдеуге болады (XI-XII ғғ.). Мазардың жоспары - шаршы төртбұрышты. 
Ұзындығы 10 м. Қабырғалары күйдірілген көлемі 27х27х4,5 см және 
25,5х2,5х4,5 см кірпіштен соғылған, күмбезбен көмкерілген. Мазардың 
бұрыштарына дөңгелек кірпішті бір жағы қабырғаға жапсырылған 
пилястлермен безендірген, диаметрі 40 см. Мазар ішіне кіре берісте бағдарлы 
арка, мазар қабырғаларында текше қуыстары бар және сазды сылаққа 


78 
өрнектелген орнаменттермен безендірілген (сурет 18). Мазардың еденінде екі 
қатардан тоғыз бейіт орналасқан[24, 35 бет]. 
Асанас кесенесі.Сырдария ауданы, Айдарлы ауылынан батысқа қарай 
15 шақырым жерде орналасқан. Асанас ата-қарақалпақ, жергілікті танымал 
әулие Қожан қожаның нағашы атасы, аңыз бойынша кесенеде оның немересі 
(қыз бала) жерленген, ал ескерткіштің өзін қарақалпақтар тұрғызған. Кесене 
туралы алғашқы мәліметтер Асанас қалашығын сипаттап жазған В.А.Каллаур 
жазбаларында кездеседі. Кесене шаршы пішінді күйдірілген кірпіштерден 
23х23х5 см, 10 қатар+ 10 жым=0,63 м) тұрғызылған, жоспарындағы аумақтық 
өлшемдері – 7,18х8,83 м. кесененің негізгі қасбеті қатты қираған-күмбезінің 
бір бөлігі құлап, қабырға қаландысы жарылған, қазіргі таңда кесене қайта 
жөнделген. Кесене призмалық қабыққа енгізілген бетше босағалы. Бетше 
босаға бастапқы бейнесін жоғалтты десе болады, тек іргесінің төменгі 
жағындағы қаландының бірнеше қатары ғана сақталған. Ол негізгі 
қасбетімен оңтүстік-батысқа бағытталған, түкпірінде, бетше босағаның 
қабырғасында камераға кіретін ағаш есікті кіреберіс ойығы бар[24]. Кесене 
екі сатылы күмбез асты барабанындағы күмбезбен тәжделген. Жоспарында 
дөңгелек іспетті болып келген күмбез асты барабанның кертпештері тік, ал 
күмбезі жеңіл сүйірленген жарты шар кескінді және ол қаландыдан шығып 
тұрған екі қатар кірпіштермен белдеуленген. Ескерткіштің қабырғалары 
ішіне қарай аздап еңкейген, бірақ сәнделмеген. Ескерткіштің барлық 
периметрі бойынша, еденнен сәл биіктеу тұстан бастап, қаландыны 
тұздалудан сақтайтын қамыс төселімінің екі қабаты ұсталған. Камера 
қабырғаларының ортасында бір-бірден жебе кескінді аркалы үлкен қуыстар 
бар. Олардан жоғары тромтардың айқын белдеуі орналасқан, оның 
деңгейінде күмбез асты сегіз қырлылық құрылған, сегіз қырлылықтың әрбір 
қырында да жебе кескінді аркалы қуыстар бар. Аркалы тромптардың 
қуыстары камера бұрыштарынан шығып тұрған үш сатылы кірпіш 
сталактиттерге тірелген қаландылармен толтырылған. Тромптар белдеуінен 
күмбез негізінің шеңберіне өту төменгі қатарларының шығарылымы есебінен 
іске асырылған. Камераның еденіне күйдірілген кірпіш төселген. Іші 
сыланбаған. Жөндеу жұмыстары кезінде камераға қалыңдық бас киімі-
сәукелесі бар қабір үсті ескерткіші қойылды. Асанас мазары Қазақстанның 
соңғы ортағасырлық мемориалды архитектурасындағы зерттелмеген 
кесенелердің бірі ретінде зор тарихи-мәдени құндылыққа ие. Сонымен қатар, 
ол композициясындағы жаңалығымен де құнды (сурет 19). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет