79
Солтүстік бөлмесінде 4х4метр көлемде «балхи» сәулет әдісімен
шаршылы қыш кірпіштен қаланған әулиенің сағанасы орны алған. Оны
«гөрқана» деп атайды. Ал оңтүстік бөлмесі зиратхана. Батысында 1,5х5метр
өлшемді бағыт алып намазға жығылатын сыртында «михрабы» бар. Бұдан
жұмалық намаз оқитын мешіт ретінде де болғаны көрінеді.
Оның сәулет құрылымына келсек, ХІІ ғасырда Хакім ат Термези мешітінде,
бұрынғы желілік (михрабты қабырғалы) мен орталықтылық жоспары (көп
күмбезді) құрылыс салу дәстүрлері сіңісу көрініс берген [37].
Үстіңгі жағы 28х5х28см, 19х5х19см т.б. қыш кірпіштерден өрілген.
Іргелік жоспары Оңтүстік Үзгент кешені мавзолейіне ұқсаса, ал
кірпіш
өлшемдеріне қарағанда ХІ-ХІІ ғасырлардағы Термездегі Хусеин мавзолейіне,
Буран минареті, Аламбердара мавзолейлеріне сәйкес келеді. Ескерткіш Х-ХV
ғасырларға мерзімделеді.
Мавзолейдің кімдікі, қай қалада орналасқаны жайлы мәлімет жоқ.
Н.Веселовский, С.А.Аманжолов, М.Тынышбаев, С.П.Толстов Хорезм елінің,
оң жағы Арал теңізінің бөлігі 1000 жылдары Кердері теңізі болғанын, екі
қаланың су астына кеткені жайлы деректер келтіреді [125; 128].
Кердері жайлы дерек Иақұт Әл-Хамауи-ар Румидің (1179-1229)
«Мұғджан әл-буядан» («Елдер сөздігі») еңбегінде, Әбу әл-Ғафур әл-Кердери
атты ғұламаны айтқан. Ол ислам туы тігілген өлкелерде кеңінен тараған Ән-
Нұғман Әбу-Ханифа (699-767) мектептің теориялық, тұжырым-қағидаларын
насихаттау, зерттеумен айналысқан. Мұхаммед әл-Кердери (1202-1244),
Хафиз ад-дин Мұхаммед әл-Кердери (1924 жылы дүниеден өткен) және ХІV
ғасырда өмір сүрген Махмұд ибн Әли артында өшпес еңбек қалдырған.
Сондықтан Арал теңізінің кепкен табанындағы жәдігерді «Кердері»
мавзолейі деп атаған.
Ортағасырлық
кесенелер қатарында Оқшы ата, Асан ата, Жүніс ата,
Қасым ата кесенелерінен сәулет өнерінің ерекше белгілерін байқауға болады.
Алғашқы екі ескерткіш Сырдарияның төменгі ағысындағы (ХІ-ХІІ ғғ.)
тұңғыш мұсылмандық кесенелердің қатарында және құндылығы жағынан зор
маңызға ие. Оларға қайта қалпына келтіру және жөндеу жұмыстары
жүргізіліп, бастапқы түрін жоғалтқан. Жүніс ата кесенесі үйіліп жатқан
қиранды
жағдайында, құрылыстың архитектуралық барлық белгілеріне
қарағанда, кесене күмбезді болғанға ұқсайды. Қасым ата кесенесі де
жойылған, тек қана бір аркалы парустары сақталған.
ХVІ-ХХ ғасырдың басындағы кесенелер тобы күйдірілген кірпіштен
тұрғызылып, Сырдарияның төменгі ағысы бойына ислам дінін әкелген араб
миссионерлерінің ұрпақтарымен байланысты – Мүлкәлән (Молда-калан),
Қорасан ата,
Қылышты ата, Асанас ата, Қожан Қожа, Сүнбибі (Шынқыз
әулие), Құлболды ишан, Айқожа ишан, Қарасопы кесенелерін атауға болады.
Мүлкәлән (Молда-калан), Асанас ата, Айқожа
кесенелері қазіргі уақытта
қайта қалпына келтірілген, Қожан Қожа, Сүнбибі кесенелеріне жөндеу
жұмыстары жүргізілген, сондай-ақ Қарасопы
кесенесі қалпына келтірілген,
80
ең өкініштісі Қорасан ата, Қылышты ата және Құлболды ишан кесенелері
сырылып тасталып, олардың орнына жаңа кесенелер тұрғызылған
Бастауын
ежелден алған, XVIII ғ. аяғы – XIX ғ. жататын, өзіндік
архитектуралық ерекшелігі бар қазақ мавзолейлері, мешіттері және
мұнаралары Орта Азия және Қазақстан
архитектурасында ғылыми
қызығушылық туғызып отырған қазақ халқының ерекше архитектуралық
туындылары болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: