«тарих» кафедрасы



Pdf көрінісі
бет33/38
Дата23.10.2023
өлшемі3.11 Mb.
#481446
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Каналхан Е.Г. 2022 сонгы вариант (1)

Қаналы мешітіХІХ ғасырлармен мерзімделеді.Мешіт пен минарет бір-
бірінен 2 метр арақашықтықта орналасқан. Мұнара биіктігі 3 м. Сыртқы 
қабырға қалыңдығы – 60 см. Мешіттің жоспардағы өлшемі – 15,9х8,5 м. 
Қабырға биіктігі – 4 м. Құрылыс аумағы – 544 куб.м. Минарет көлемі – 87,6 
куб. М. Бұл аталған ескерткіш зерттеуді және қайта қалпына келтіру 
жұмыстарын қажет етеді. Қаналы – Жаппас руының Қараша аталығынан 
шыққан, жйырма бес жасында болыстыққа сайланған адам. Қаналы елге 
сыйлы әрі жайлы болып, жйырма жыл бойы «Айнакөл» болысын Қазақ 
даласына даңқын шығарады. Қаналы мешітінің салынуы шамамен 1880 


82 
жылдарды меңзейді. Ел арасында «Ақша керек болса Қаналыға бар, ақыл 
керек болса Жаналыға бар» деген сөз ағайынды Қаналы мен Жаналының ел 
алдындағы беделінің, еңбегінің айғағы деуге болады. Қаналы 45 жасында Үш 
Жүздің басы қосылған үлкен жиында көз тиіп қайтыс болады. Ол кісінің 
сүйегі Қостанай өңіріндегі «Орқаш» деген жерде, «Бесмола» қорымында 
жерленген. Бұл кез 1926-1927 ж.ж. меңзейді. Мешіт жергілікті маңызы бар 
тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне алынған [56]. 
Мұнаралар. Мұнаралар сәулет өнері ескерткіштеріне жатқызылады. 
Сыр өңірінде мұнаралар көптеп кездеседі. Мұнара архитектуралық құрылыс, 
ерте заманан қорғаныс немесе қарауыл белгі беру мақсатында тұрғызылған. 
Кейінгі жылдары ғалымдар арасында мұнара қызметі зорастризм дінімен 
байланыстырып ертеден келе жатқан дәстүр деген ұстанымдар бар.
Солардың ішіндегі киелі Бегім ана, Ұзынтам, Сараман-қоса 
мұнаралары жатқызылады. Бұл мұнаралардың салынуы жайлы әр түрлі 
болжам бар. Солардың ішіндегі әлдебір белгі беру қарауыл қарау үшін 
салынуы мүмкін. Жоғары атап өткен мұнаралар ХІ-ХІІ ғасырларға 
жатқызылады. 
Облыс 
территориясында 
XVIII-XIX 
ғасырларға 
жатқызылатын мұнараларда кездеседі. 
Бегім ана мұнарасы - Қызылорда облысы Арал ауданы Жаңақұрлыс 
ауылнан оңтүстікке қарай 35 км жерде орналасқан. Мерзімі шамамен Х-ХІІ 
ғасырларға жатады. Мұнара шикі кірпіштен тұрғызылған, екі қатар 
күйдірлген кірпішпен (23х26х6) қапталған. Биіктігі 10,5 м. Жоғары қарай сәл 
қусырла келген сегізқырлы призма пішінді төбесі пирамида болып біткен. 
Орта деңгейге (шамамен 5,5- 6 м) дейін мұнара бағанасы тұтас одан жоғары 
бөлме бар; бұған шығыс жағындағы аркалы ойық арқылы кіруге болады. 
1989 жылы жөндеуден өткізілді [131]. 
Ұзынтам мұнарасы- Қызылорда облысы Қазалы қаласынан батысқа 
қарай 55 км жерде орналасқан. Цилиндр тәрізді жасалып, шикі кірпіш пен 
күйдірлген кірпіштен қаланған. Мұнараның диаметрі 7 м, биікт 10 м болып 
келген Мерзімделуі Х-ХІІ ғасырлармен болжамдалады [56]. 
Қуаңбай мұнарасы-Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылнан солтүстік-
батысқа қарай 27,5 шақырым жерде , Қуаңдария өзенінің сол жағалауында 
орналасқан. 2011 жылы ШРАЭ-ның (Ж.Құрманқұлов) жеке барлау отряды 
анықтады. Мұнара саз кесектен салынған, ішіне кіретін аузы оңтүстікке
қаратылған, іші қуыс, бірақ жоғары шығатын баспалдағы жоқ. Биіктігі 3-3,5 
м қабырғасының қалыңдығы 60 см. Аузының жоспары бесбұрышты төбесі 
балқы етіп жасалған [56]. 
Айвал мұнарасы- Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылынан батысқа қарай 
2 шақырым жерде, Қуандария өзенінің сол жағалауында биік құм төбенің 
үстінде орналасқан. Саз кесектен салынған мұнараның батыс қабырғасы 
толық құлаған. Сақталған қабырғасының биіктігі 3,5 м қалыңдығы 80 см 
мұнараның диаметрі 3 м Мұнара күмбезі іргесінен көтерген мавзолейге де 
ұқсайды, оңтүстігінде ауызы, күмбезінің шығысында көлемі 15х15 см 
төртбұрышты тесігі салынған [56].


83 
Қосжігіт мұнарасы-Жалағаш ауданы, Каракеткен ауылынан солтүстік-
шығысқа қарай 19,4 шақырым жерде орналасқан. Ескерткіш екі мұнарадан 
тұрады. 1-мұнара дөңгелек, үстіне қарай ақырындап тарылған конус іспетті, 
биіктігі 6 м, ішкі диаметрі 80 см, қабырғасының қалыңдығы 60 см. 2-мұнара 
шаршы пішінді өлшемдері 1,3х1,3 м, биіктігі 5 м-ге жуық. Екі мұнара да 
атмосфералық құбылыстардың әсерінен қатты зақымдалған. Мұнаралар 
тікбұрышты қам есектерден тұрғызылған. Кіреберіс ойықтары оңтүстік-
батысқа бағытталған. Екі мұнараның арақашықтығы 13-15 м. Мұнараның 
ХІХ ғ аяғы-ХХ ғ басымен мерзімделеді [56]. 
Шалбас батыр мұнарасы. ХVІІІ-ХІХ ғасырлар. Мұнара тікбұрышты 
қам кесектерден тұрғызылған, аумақтық өлшемдері: диаметрі-2,70 м, 
сақталған биіктігі-6,70 м. ғимарат жоспарында дөңгелек, үстіне қарай 
ақырындап тарылған, жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі әрең көрінетін 
«тартылым» түрінде жасалған, шығыңқы іргесі бар. Мұнараға кіретін 
қиылған жебе тәрізді аркалы ойық іргенің үстінен басталып, оңтүстік – 
оңтүстік-батысқа бағытталған, ойық сыртқа қарай кеңейген. Мұнараның 
жоғарғы бөлігінде де ойық (кескіні шаршыға жақын) бар, оңтүстікке 
бағытталған оның көлемі кішірек. Мұнараның тұрқы тік осінен аздап 
ауытқыған. Мұнараның іші қуыс, қабырғасының қалыңдығы 80 см-ге жуық, 
қаландысы іш жағынан сырғауылдармен көлденең байланыстырылған. Ішкі 
кеңістігінің үсті төселген сырғауылдардың үстіне жайылған саз балшық 
қабаттарымен жабылған [56]. 
 Көтібар мұнарасы. ХІХ ғасыр.Қызылорда қаласы, Ақжарма ауылынан 
батысқа қарай 5 шақырым жерде орналасқан. Қызылорда қаласынан 35 
шақырым қашықтықта орналасқан ескерткіш құмдауыт жазық жердегі 
қорымда орналасқан. Көтібар мұнарасы қам кесектен тұрғызылған (10х17х27 
см. 10 қатар+10жым-1,04м). Оның аумақтық өлшемдері: негізгі диаметрі – 
4,1 м. Биіктігі 9,5 м[129]. 
Мұнара бітімі жоспарында дөңгелек, төменгі бөлігі цилиндрлі, 
ортасынан сәл төмендеу жерден бастап күрт тарыла түскен, жоғарғы бөлігі 
кесілген. Ішкі қимасында төрт қоңырау тәрізді деңгей орналастырылған. Тас 
төбелік ойықтармен біріккен олардың әрқайсысының мұнараның ең биік – 
төмен парапетті (40 см) өте тар (10-15см) галереясына шығуға мүмкіндік бар. 
Алғашында жер бетінің деңгейін биіктеу салынған (шамамен бір 
жарым метрдей) және төбесі тік үшбұрышты болып келетін аркамен 
көмкерілген. Тар кіреберіс ойығы оңтүстікке бағытталған. Мұнара кесенеден 
кейін салынған. (1869 ж). Көтібар мұнарасы Сыр бойындағы 50 ден астам 
асарлар сияқты – тарихи мәдени құндылығы жоғары ескерткіш. Көтібар 
мұнарасы мен қасында орналасқан кесенесі – олар архитектуралық жерлеу 
және еске алу кешені болып табылатындығын көрсетеді [56]. 
Аймағымызда сәулет өнері ескеркіштері көптеп анықталып отыр, 
олардың салыну уақыты әр кезеңдермен мерзімделіп отыр. Солардың 
ішіндегі Оғыз, Алтын Орда кезеңдері және Қазақ халқының сәулет өнері 


84 
ескерткіштер аймақта мекендеген халықтар құрылыс салу өнері жақсы 
сақталғанын көруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет