86
Ертоқымтәрізді буын,
articulatio sellaris, буындық беттердің пішіні ертоқымға
ұқсас,
біреуі дөңес, екіншісі ойыс болып келеді. Буынның осы пішіні бас бармақтың
білезік-алақан сүйек буынында кездеседі. Фронталды білік айналасында бүгу және
жазу, сагитталды білік бойында әкелу және әкету қозғалыстары жүзеге асады.
Айдаршықты буын,
articulatio bicondylaris, буындық беттердің біреуін
айдаршықтар түзеді, мысалы, тізе буынында буындық беттерді бір жағынан ортан
жіліктің айдаршықтары түзсе, ал ауыз омыртқа-шүйде буынында шүйде сүйектің
айдаршықтары құрайды. Бұл буындардағы біліктің біреуі әрқашанда фронталды
болады, ал екіншісі вертикалды немесе сагитталды біліктер болып келеді. Мысалы, тізе
буынындағы
қимылдар фронталды, вертикалды біліктер айналасында, ал ауыз
омыртқа-шүйде буынында фронталды, сагитталды біліктер бойынша іске асады.
Достарыңызбен бөлісу: