Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев


Омыртқа бағанасының рентгенанатомиясы



Pdf көрінісі
бет45/200
Дата23.10.2023
өлшемі2.15 Mb.
#481502
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   200
АА Досаев Адам анатомиясы оқулық

Омыртқа бағанасының рентгенанатомиясы 
Омыртқа бағанасының рентгенографиясы әдетте артқы және бүйір проекцияларда 
түсіріледі. Артқа проекцияда омыртқа денелері төртбұрышты көлеңке, ал олардың 
араларындағы шеміршектік дисктер жарық кеңістіктер түрінде айқын көрінеді. 
Омыртқа денелерінің аздап жіңішкірген ортаңғы бөлігі «омыртқа белі» деп аталады. 
Омыртқа белі әсіресе бел омыртқаларында анық білінеді. Омыртқа доғасы көлденең 
көлеңке түрінде омыртқа денесінің көлеңкесіне қабаттасады. Көлденең және қылқанды 
өсінділер ажыратылады. Қылқанды өсінділер тамшы түрінде көрініп тұрады. Жоғарғы 
және төменгі буындық өсінділер бір-біріне, ал қабырға басы мен мойны көлденең 
өсінділерге қабаттасып, нашар ажыратылады. Ауыз омыртқа мен біліктік омыртқа 
оларға төменгі жақсүйектің қабаттасуына байланысты артқы (түзу) проекцияда әдетте 
анықталмайды. 
Бүйірлік проекциядағы рентгенограммаларда ауыз омыртқаның алдыңғы, артқы 
доғалары, біліктік омыртқаның тісі, омыртқалардың денелері, доғалары, буындық, 
қылқанды өсінділері, омыртқааралық тесіктері анықталады. 
Омыртқа бағанасының қозғалыстары 
Әрбір екі омыртқаның арасындағы қимыл өте шектеулі болады, себебі олар өзара 
үздіксіз (синдесмоз, синхондроз, синостоз - сегізкөзде), симфиз және жалпақ буындар 
арқылы байланысқан. Бірақ, әрбір омыртқаның арасындағы аз көлемдегі қимылдар бір-
бірімен қосылып, омыртқа бағанасында ауқымды қозғалыстар туғызады. 
Омыртқа бағанасының мойындық бөлігі ең қозғалмалы, ал кеуделік бөлігі 
қабырғалармен байланысуына байланысты аз қозғалысты болып табылады. Омыртқа 
бағанасында фронталды білік айналасында бүгу және жазу (еңкею және шалқаю - 170-
245° шамасында), сагитталды білік бойынша әкету және әкелу (оң және сол жаққа 
еңкею, иілу – 55-165° аралығында), вертикалды білік бойынша айналу (оң және сол 


93 
жаққа бұрылу – 90-120° шамасында) және шеңбер бойынша қозғалу (circumductio) 
қимылдары іске асады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет