156
а) бүккіш бұлшықеттердің синовиалды қынаптары
retinaculum flexorum жиегінен
проксималды және дисталды бағытта 1-2 см жоғары орналасады;
б) бас бармақтың ұзын бүккіші сіңірінің қынабы дисталды бунақ негізіне дейін
жалғасады;
в) бүккіштердің жалпы қынабы алақанның
орта тұсында тұйық бітеді, ал
шынашақ аймағында – дисталды бунаққа дейін жетеді;
г) ІІ-ІҮ саусақтарға баратын беткей және терең бүккіштер сіңірлерінің
саусақтарда дисталды бунақтар негізі мен алақан сүйектерінің
басы аралығында
орналасатын, оқшауланған, тұйық аяқталатын синовиалды қаптары болады.
2) сыртқы бет: жекелеген синовиалды қынаптар
проксималды бағытта
retinaculum extensorum үстінен 2-3 см
шығып тұрады; ал дисталды бағытта алақан
сүйектерінің ортасына дейін жалғасады.
АЯҚ БҰЛШЫҚЕТТЕРІ
Жамбас бұлшықеттері
Жамбас бұлшықеттерінің жіктелуі мен топографиясы:
1 – жамбастың ішкі топ бұлшықеттері:
тт. iliopsoas, piriformis, obturatorius
internus;
2 – жамбастың сыртқы топ бұлшықеттері:
тт. gluteus maximus, gluteus medius,
gluteus minimus, quadmtus femoris, gemellus superior, gemellus inferior, tensor fasciae latae,
obturatorius externus.
Жамбастың барлық бұлшықеттерінің шығу тегі жұлындық болғандықтан
(вентралды) -
plexus lumbalis et plexus sacralis тармақтарымен нервтенеді.
І. Жамбастың ішкі топ бұлшықеттері
Мықын-бел бұлшықеті, т. iliopsoas келесі бөліктерден тұрады:
1) үлкен бел бұлшықеті,
т. psoas major:
2) кіші бел бұлшықеті,
т. psoas minor (тұрақсыз);
3) мықын бұлшықеті, m.
iliacus;
Үлкен бел бұлшықеті, т. psoas major:
- басталатын жері:
corpus et procesus tnаsversus Th
Достарыңызбен бөлісу: