1 – Тақырып. Саясаттану ғылым ретінде «Саясаттану»


Технологиялық детерменизм



Pdf көрінісі
бет23/31
Дата24.10.2023
өлшемі374.55 Kb.
#481508
түріҚұрамы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31
Саясаттану дәріс тезистері

Технологиялық детерменизм - технологиялық ӛзгерістер қоғам дамуының негізі 
болып табылатын және әлеуметтік ұйымдастыру, экономика қоғамның мәденитіне және 
оның құндылықтарына елеулі ықпал ететін әдістеме. Технологиялық детерменизм 
техниканың қоғам ӛмірінің саласы ретінде дербестігіне, ӛзіндігіне сүйенеді. 
Технологиялық 
детерменизм 
жақтастары 
техносфераның 
дамуы 
техникалық 
ұтымдылықтың әмбебеп тиімділік, жүйелілік, сенімділік, сияқты критерилеріне бағынады 
деп есептейді, және ол әлеуметтік-саяси, экологиялық, моральдық және ӛзге де «сыртқы» 
факторладан тәуелсіз дейді. Онымен қоймай, әлеуметтік прогресс ғылыми-техникалық, 
технологиялық прогрестерден тікелей әрі маңызды тәуелділікте болады. Технологиялық 
детерменизм әдістемелеріне негізделген тарихтың кезеңдерінде қоғамның даму кезеңдері 
технико-технологиялық саладағы түбегейлі ӛзгерістерден басы бүтін тәуелді. Осылайша 
Д.Белл, ӛнеркәсіптік технологиялардың ӛзгермелілігіне сүйене отырып, индустрияға 
дейінгі, индустриалдық және постиндустриалдық қоғамдарды анықтайды. Э.Тоффлердің 
пікірінше, ӛркенниет тарихында үш технологиялық толқын аграрлық индустриалдық және 
ақпараттық қоғамның пайда болуына себепкер болады. М.Маклюэн байланыс 
құралдарының, коммуникация түрлерінің ауысуы, мәдениетте және қоғам ӛмірін 
ұйымдастыруда тӛңкеріс жасайды.
ХХІ ғ. басында технологиялық детерменизмді, бұл әдістемені тек, жалпы қоғамға 
қатысты емес, қоғам ӛмірінің нақтылы салаларына қолдана отырып, кеңінен түсіну орын 
алуда. 
  У.Ростоу 
ӛзінің «Экономикалық даму кезеңдері» еңбегінде қоғамдық-
экономикалық дамуды технологиялық прогресс негізінде зерттейді. Әрқайсысы ӛзінше, 
бірақ барлық елдер басынан кешіретін экономикалық ӛсудің бес универсалды кезеңін 
ұсынады.
Бірінші кезең – қарапайым технология нагізіндегі дәстүрлі қоғам. Бұл жерде 
ауылшаруашылығы мен жанұялық, кландық байланыстар басым. 
Екінші кезең - ӛтпелі қоғам. Жаңа элита қалыптасып, ӛзгерістердің қозғаушы күші 
ұлтшылдық пайда болады. 
Үшінші кезең - ӛрлеу. Ұлттық кіріс салмағы ӛсіп, жаңа ӛндіріс салалары дамиды. Бұл 
кезең индустриализациядан басталады. 
Тӛртінші кезең – толысу. Экономикада шаруашылықтың кӛп салалы құрылым 
қалыптасып, химиялық, электротехникалық ӛндіріс, күрделі машина жасау пайда болады. 
Бесінші кезең - кӛпшілік тұтынушылық қоғам қалыптасады. Экономика құрылымы 
қызмет кӛрсету саласы мен ұзақ пайдаланылатын күрделі тұтынушылық тауарларды 
ӛндіруге ойысады. Адамдардың басым кӛпшілігі тамақ пен киімге емес, қолайлы үй, 
теледидар, тоңазытқыш, автомобиль сияқты мұқтаждықтарын ӛтеуге ұмтылады. Ростоу 
пікірі бойынша, бесінші кезеңге Құрама Штаттар мен жартылай Канада қол жеткізген. Ал 
басқа Батыс елдері, оның бағасы бойынша, бұл кезеңге әлі толық жеткен жоқ. Басқа елдер 
үшін бесінші кезең болмай қоймайтын перспектива. 
Бұл ілімге сүйенер болсақ барлық елдер оқиғаның объективті дамуын күтпей –ақ 
келесі кезеңдерге жетуге ұмтылулары қажет деген қорытынды шығады. Сонымен 
модернизация дегеніміз қоғамның барлық саласын қамтитын кӛпқырлы процесс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет