1 – Тақырып. Саясаттану ғылым ретінде «Саясаттану»


• мемлекеттің жетілген және жетілмеген формалары



Pdf көрінісі
бет4/31
Дата24.10.2023
өлшемі374.55 Kb.
#481508
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Саясаттану дәріс тезистері

мемлекеттің жетілген және жетілмеген формалары. 
• мемлекет қызметтерінің шегі, азаматтардың құқықтары мен міндеттері.  
• Құқық дегеніміз не: құдайдың құдіреті, билеушінің ӛкімі немесе ақыл– ойдың жетілуі.  
• Шындық неден тұрады. Әділетсіздікке тӛзуге бола ма немесе онымен күресу керек пе?  
Саясат және мораль. Мемлекет қайраткері он қағиданы сақтау керек пе немесе оған 
барлық құқық берілген бе? 
1. Ежелгі дүниедегі саяси идеялар 
Саяси ілімдер алғашқыда Ежелгі дүниеде пайда болды. Осы ілімдердің кӛптеген ой-
желісі саяси ойдың бұдан кейінгі дамуына айтарлықтай ықпал етті. 
Идеялары одан кейінгі саяси ойға қомақты ықпал еткен ойшылдардың қатарына кӛне 
шығыс философтары – Зороастра, Лао-Цзы, Конфуций, Шан-Ян Мо-цзы, Махавира, 
Сиддхартха (Будда), Каутилья және ежелгі грекия философтары – Сократ, Демокрит
Платон, Аристотель, сондай-ақ ежелгі Рим философтары – Лукреций мен Цицерон 
жатады. Олар тек философ қана болып қоймады, сонымен қатар тереңнен ойлайтын саяси 
ойшылдар да болды. 
Шығыстың саяси ойы. Ежелгі Шығыс қоғамы кӛптеген білім саласында 
ойшылдарға бай болды. Әсіресе саяси ой ерекше дамыды. Біз тек аса белгілі ойшылдар – 
Зороастра, Конфуций және Каутильяның кӛзқарастарына тоқталамыз. Олар әйгілі ғылыми 
шығармалар мен әлеуметтік-саяси ойларды туындатқан Шығыстың, жалпы бүкіл әлемнің 
ұлы ғалым-энциклопедистері болып табылады. Олардың дүниеге келіп, қайтыс 


болғанынан бері мыңдаған жылдар ӛтті, бірақ адамзат бұрынғысынша олардың 
шығармаларынан даналықтың кӛзіне кенеліп, шабыт алуда. 
Зороастра Парсының, Шығыстың ірі ойшыларының қатарына жатады. Ежелгі 
парсылардың ерте мифтік кӛзқарастарының жаңаруы Зороастраның есімімен байланысты, 
оның ілімі ежелгі дүниеге мейлінше кең тарап (Таяу Шығыс, Алдыңғы Азия, Үндістан, 
Грекия), христиан доктринасының қалыптасуына айтарлықтай ықпал етті. Зороастраның 
кӛзге түскен уақыты б.д.д. IX – VII ғасырлар; б.д.д VII ғасырға таман зороастризм – саяси 
ойдағы ағым және ілім болып қалыптасқан еді. 
Ежелгі дүниедегі бірден-бір ықпалды саяси ілім – конфуцияндық болды. Бұл Ежелгі 
Шығыстағы басты идеялық-саяси ағымдардың бірі еді. Оның негізін қалаушы біздің 
заманымызға дейін 551-479 жылдары Қытайда ӛмір сүрген Конфуций (Кун – фамилиясы, 
Цзы – ұстаз дегенді білдіреді).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет