[Введите текст]


“Зар заман поэзиясы. Генезис, типология,поэтика



Pdf көрінісі
бет14/32
Дата01.11.2023
өлшемі1.49 Mb.
#482142
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32
Қазақ әдебиеттануы

“Зар заман поэзиясы. Генезис, типология,поэтика” 
деген монографиясында (Алматы. ”Білім”,200-368 бет) 
жалғасын тапқан. Қазақ әдебиетіндегі зар заман 
ақындарының шығармашылығы дәуір құбылыстарымен, 
ұлттың мақсат-мұратымен байланыстырыла талданған 
еңбекте бұл ағымның бастау көздері, даму арналары, өзге 
халықтар 
поэзиясынан 
ұқсастық 
таба 
отырып, 
салыстырмалы -типологиялық тәсілдер арқылы талданып, 
ерекшелінеді. 
Ол 
жөнінде 
зерттеуші 
мынадай 
тұжырымдар 
жасайды: 
”...Бұл 
ақындардың 
шығармаларына тұсау салудың бірінші себебі - олардың 
өлең-жырларында 
қазіргі 
тіршілікке 
разылық 
танытпай,болашақтан аса үміт күтпей, қазақтың көшпелі
өмірінің көріністерін аңсау сарынының орын алуы. 
Қоғамды алға қарай тоқтаусыз сүйреген прогрестік 
бағдарламаның мақсат-мұраттарымен “зар заман”,”қу 
заман”,”тар заман” деп жырлаған ақындардың рухани 
үндестік таба қоймасы белгілі. 
Екіншіден, зар заман жыршылары отаршылдыққа 
қарсы бой көтерді. Олардың өлең-толғауларында 
“орыс”,”кәпір” сөздері қазақ даласын басып алып, ойран 
салған шапқыншылардың атауы ретінде жиі ұшырасады. 
Зар заман поэзиясында отаршылдықтың озбырлығынан 
күйзеліске ұшыраған қазақ елінің ауыр ахуалы, кетеуі 
кеткен тіршілігі жан - жақты баяндалады. Саяси 
қырағылық мұны да байқамай қалған жоқ. 
Үшіншіден, олардың бірқатарының шығармаларында 
ақырзамандық (эсхатологиялық) сарын орын алды. 
Айналадағы болып жатқан өзгерістерді қабылдамай, оны 
ақырзаманның тақау келгенімен байланыстыру,діни 


[Введите текст] 
153 
мистикаға телу үрдісі де әдебиеттегі кертартпалықтың 
мысалы есебінде тілге тиек болды. Міне,осы мәселелердің 
бәрі еңбектің бес тарауында жан-жақты тарқатылып
таралып, талданады. 
Ғалым,әдебиетші Тұрсын Жұртбаевтың “Бейуақ” 
(Алматы.Қазақстан,1991—304бет) атты зерттеуінде 1916 
жылғы Жетісудағы ұлт-азаттық көтеріліске байланысты 
алты жүзден астам архив документтерін, көтеріліске 
қатысқан 
кісілердің, 
қайраткерлердің 
естеліктерін 
пайдалана отырып, тарихымызда әлі терең айтылмай келе 
жатқан 
“ақтаңдақтарды 
“ашып, 
самодержавиенің 
жүргізген жазалау -геноцидтік саясатының зұлымдық 
мәнін көрсетеді. М.Әуезовтің “Қараш-Қараш” повесінің 
кейіпкері 
Т.Рысқұловтың 
әкесі, 
кітап 
кейіпкері 
Р.Жылқайдаровтың 
тағдыры, 
түрмедегі 
өміріне 
байланысты белгісіз материалдар негізінде жазылған “Үш 
Қараш” материалы да оқырмандар үшін тың дүниелер. 
Зерттеуші еңбегінде қаншама мол тарихи мәліметтер, 
бұрындары қалың көпшілік назарынан тыс қалған құнды 
тарихи 
құжаттар 
негізінде 
ұлы 
жазушының 
шығармасында астарлай берілген оқиғаларға ой жүгіртеді. 
Зерттеу тарихи шындықтың көркем шындыққа жету 
барысындағы шығармашылық шеберхананың сырын 
ашады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет