Гравитациалық өзара әрекеттесу
Бүл барлық әрекеттесулердің ішіндегі ең әлсізі. Өзара әсерлеуші денелердің
массалары неғурлым үлкен болса, соғұрлым гравитациялық әсер жоғары болады.
Әлсіз өзара әрекеттесу
Бүл тек микроәлемде байқалатын әрекеттесу. Олбір фермион бөлшектердің екінші
түрге айналуына қатысты, бул жағдайда өзара әрекеттесуші лептондар мен
кварктер түсі өзгермейді. Әлсіз әрекеттесудің қарапайым мысалы: бета - ыдырау
процесі барысында бос нейтрон 15 минут ішінде протонға, электронға және
электрондық антинейтроноға ыдырайды. Әлсіз заряд үш айырбас бозон
бөлшектері бар үш өріс түрін күрайды. Әлсіз өзара әрекеттесу векторлық бозондар
арқылы беріледі және әрекеттесу радиусы өте қысқа - 1015 см.
Күшті өзара әрекеттесу
Күшті өзара әрекеттесу адрондар (грекше «адрос» - күшті) және нуклондар (протондар
мен нейтрондар) және лизондар арасында орын алады. Күшті әрекеттесу үлкен
арақашықтық жағдайында мүмкін (радиусы мөлшермен 1013 см шамасында).
Электромагниттік өзара әрекеттесу
Бұл өзара әрекеттесудің де өзіндік әмбебап қасиеттері бар, бірақ гравитациялық
өзара әрекеттесуден бір айырмашылығы, өзара тартылыс (әр түрлі зарядтар
арасында) және тебіліс (бірдей зарядтар арасында) қүбылыстары байқалады.
Реактивті қозғалыс принципі – зымыран қозғалысына мысал келтірсек. Қарапайым
зымыран жану камерасы бар отын толтырған қабықтан тұрады. Отынның жануа
кезінде жоғарғы температураға дейінгі қызған жоғары қысымдағы газ Сопло деп
аталатын ерекше пішіні бар камерадан үлкен жылдамдықпен (4км/с-қа дейінгі)
атқылап шығады.Есептеуді жеңілдету үшін қабықша ішіндегі отын түгел жанады да,
жану өнімдері mV1
импульс алады деп есептейік, мұндағы V1 – атқылап шығатын
газ жылдамдығы, m – жанған отынның массасы. Газ бен зымыранның өзара
әрекеттесуі кезіндегі күштер сыртқы күштермен салыстырғанда өте үлкен
болғандықтан, «зымыран – газ» жүйесін тұйық жүйе деп есептеуге болады. Бұлай
қарастыру жүйеге импульстің сақталу заңын қолдануға мүмкіндік береді. Мәре
алдындағы зымыранның сыртқы қабығымен және отынның қоса есептегендегі
массасы М болсын. Онда газ сыртқа атқылап шыққаннан кейін де денелер
жүйесінің қорытқы импульсі өзгермейді. Онда массасы М- m болатын зымыран
қабығы модулі бойынша тең, бірақ газ импульсінің бағытына қарама – қарсы
бағытталған (М – m) V2
импульс алады, мұндағы V2 – зымыран қабығының
жылдамдығы, Онда mV1 = - (М – m) V2 болады. Ал бұдан V2 = - мв/(М- m)
Осылай зымыран газдың атқылап шығу жылдамдығы бағытына қарама – қарсы
бағытталған жылдамдық алатын болады. Дененің бір бөлігі одан қандай
да бір
жылдамдықпен бөлініп шыққан кездегі қозғалысы реактивті қозғалыс деп аталады.