Қабдол ӘУЕЗОВ,
тарихшы
Суретте:
Рудольф Ансович
ДРЕЙМАН
«АЛТЫН
СҰҢҚАР»
ОН БЕСІНШІ
МӘРТЕ
ТАПСЫРЫЛАДЫ
Биыл облыс әкімінің
бұқаралық ақпарат құралдары
қызметкерлеріне арналған
«Алтын сұңқар» сыйлығы
он бесінші мәрте тапсырыл-
мақ. 2006 жылдан бастап
аймақтағы қалам ұстаған
қауымды қолдау мақсатында
ұйымдастырылып келе жатқан
байқаудың бүгінде қоғамдағы
беделі зор.
▐ ТУҒАН ЖЕР
СҮТЕМГЕН БҮКІРОВТІҢ
ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ
ҚАРСАҚБАЙ
ТАҚЫРЫБЫ
«Жезқазған ауданы әлемдегі мысқа бай аймақтардың бірі саналады. Бәлкім оған болашақта Оралдың
қазыналы өлкесі ғана емес, Американың мысты өңірлері де біріншілік алуға жол беріп қалар»
Қ. И. Сәтбаев «Қарсақбай ауданы және оның болашағы»
1928 ж.
Фейк: «ВАКЦИНА ҚҰРАМЫНДА ГРАФЕН НАНО-
ТҮТІКШЕЛЕР БАР»
Telegram чаттарында пайдаланушылар вакцина ампула-
сына ұқсас герметикалық жабық бөтелкенің ішінде магнит
бөлшектердің барын көрсететін ерекше видеомен бөлісуде.
Сондай-ақ, COVID-19 қарсы вакциналарда магниттелетін
графен нанотүтікшелері бар деп мәлімдейді. Бұл олай емес.
Жабық шишаның ішіндегі магнит бөлшектер көрсетіл-
ген видеода вакцина емес екендігі көрініп тұр. Оны Particles
Work логотипінен, бөлшектердің өлшемі, пішіні мен архи-
тектурасы нақты басқарылатын жоғары тиімді нано- және
микроқұрылымды материалдарды өндірумен айналысатын
компанияның жапсырмасынан түсінуге болады. Particles
Work компаниясы ешқашан вакцина немесе басқа дәрі-дәр-
мек шығармаған. Компания өнімдерінің қатарында әртүрлі
металдардан жасалған магнит бөлшектер бар. Видеода ши-
шаны компанияның ресми сайтындағы осы өнімнің жарна-
масынан көруге болады.
Компания шығаратын магнит бөлшектер өнеркәсіпте
катализ және қоршаған ортаны қалпына келтіру; фармацев-
тикада – дәрі-дәрмекті мақсатты жеткізу; биомедицинада
– қатерлі ісік ауруының магниттік терапиясы, сонымен
қатар диагноз қою кезінде МРТ агенті және т.б. ретінде
қолданылады.
Графен де, графен нанотүтікшелер де компанияның сай-
тында магнит нанобөлшектер жасалатын материал ретінде
көрсетілмеген. Графен қалыңдығы бір атомдық көміртек
атомдарының қабаты арқылы түзілген көміртектің ал-
лотропты модификациясы. Ол жақында ғана анықталды.
Оны микроэлектроника, өнеркәсіп және т.б. салаларда қол-
данылады. Графен нанотүтікшелерді вакциналарды жасау
кезінде пайдалану туралы деректер жоқ. Графен және оның
туындылары COVID-19 қарсы вакциналардың құрамында
да жоқ.
Демек, вакциналардағы магнит графен түтікшелер тура-
лы хабарламалар фейк болып табылады. Видеода көрсетіл-
ген құтыда вакцина жоқ, ал иммундауға арналған препарат-
тардың құрамында бұл ингредиент көрсетілмеген.
Қастандық теорияларын жақтаушылар COVID-19 қар-
сы вакциналарда магнит барын бұған дейін де дәлелдеуге
тырысқан. Біз вакцинацияланған адамдарға магниттер тар-
тылатындығы, сондай-ақ барлық вакциналардың құрамын-
да суперпарамагниттік нанобөлшектер бар екендігі туралы
фейктерді жоққа шығардық.
Достарыңызбен бөлісу: |