Абилбакиева галия турысбековна


БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТАУЛАР



Pdf көрінісі
бет4/40
Дата02.11.2023
өлшемі2.47 Mb.
#482213
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Dissertation1

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТАУЛАР 
ҚР – Қазақстан Республикасы.
ҚР БжҒМ – Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі.
ҚР БжҒМ БҒСБК – Қазақстан Республикасы білім және ғылым 
министрлігінің білім мен ғылым бақылау комитеті.
ҚР МЖМБС – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті 
білім беру стандарты.
ЖОО – Жоғары оқу орны.
МДҰ – Мектепке дейінгі ұйым.
АКТ– Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. 
МЖДБ – Мектеп жасына дейінгі балалар.
БТ – бақылау тобы.
ЭТ – эксперимент тобы. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



КІРІСПЕ 
 
Зерттеудің өзектілігі. Қазірде кезде еліміздің стратегиялық дамуының ең 
басты ұстанымдарының бірі алдыңғы қатарлы дамыған елдер қатарынан 
көріну болса, осыған байланысты білім берудің жаңа заманауи сапасына қол 
жеткізуге бағытталған кең ауқымды міндеттерді шешуге қабілетті 
педагогикалық кадрларды даярлаудың маңызы артады.
Біздің жағдайда білім беру жүйесі үшін басқару құзыреттілігі бар мектепке 
дейінгі ұйым педагогтерінің педагог қызметкер – басқарушылық құзыреттілікті 
игерген менеджердің перспективалық түрін қалыптастыру міндеті өзекті болып 
табылады. 
Осы ретте Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев 
халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс 
сапасын арттыру» Жолдауында мектепке дейінгі ұйымдарға ерекше көңіл 
бөлуге шақыра отырып ...ойлау негіздері, ақыл-ой мен шығармашылық 
қабілеттер, жаңа дағдылар сонау бала кезден қалыптасады. Білім беру ісінде 4К 
моделіне: креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және 
командада жұмыс істей білуге басты назар аударылуда. Бұл салада 
тәрбиешілердің біліктілік талаптарын, оқыту әдісін қайта қарау қажет»- деп атап 
өткен болатын [1]. 
Осыған сәйкес болашақ педагогикалық мамандарды даярлауда 
жаңашылдық үрдістерді кеңінен қолдану, білімді ақпараттандырудың 
басымдығы анықталады.Еліміздің экономикасын түбегейлі жаңа даму 
траекториясына көшіруге жағдай жасауды іске асыру мақсатында Қазақстан 
Республикасы Үкіметінің «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы 
қабылданып, оның міндеттерінің бірі ретінде - орта, техникалық, кәсіби, жоғары 
білім беруде цифрлық сауаттылықты арттырудың белгіленуі осының дәлелі. Осы 
тұрғыдан келгенде болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің кәсіби мәнді 
сапаларын, басқарушылық құзыреттіліктерін қалыптастыруда ақпараттық-
комуникациялық технологиялар мүмкіндіктерін толық пайдалану мәселесін 
зерттеу педагогика ғылымының өзекті мәселелерінің қатарына жатады [2]. 
Жеке тұлғаның қарым-қаблеттерін дамыту, құзыреттіліктерін жетілдіру 
мәселесі ерте заманнан бүгінге дейін философтар, психологтар, педагогтер 
көзқарастарында орын алып, бүгінгі күні қоғам талабына сай жүйеленіп келеді. 
Зерттеу мәселесі бойынша отандық, алыс және жақын шетелдік ғалымдар 
еңбектеріне талдау жасау барысында болашақ мектепке дейінгі ұйым 
педагогтерінің басқарушылық құзыреттіліктерін қалыптастыру және 
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану мәселелерінің әр 
бағытта қарастырылғанын анықтап, оларды төмендегідей жіктеуге тырыстық: 
- Д. Дьюи [3], М.Мид [4], У.Уоллер [5], П.А.Сорокин [6], Ә.Н.Нысанбаев 
[7], Г.Ж. Нұрышева [8] және т.б ғалымдар құзыреттілікті тұлғаның сапалық 
белгісі ретіндегі іс-әрекетке қызығуы, ұмтылысы, сенімі, тілегі, білім жиынтығы 
және жоғары моральдық нормалары тұрғысынан түсіндіреді. 



- әлеуметтанушы ғалымдардың арасында М.Вебер [9], О.Дьюркгейм [10], 
Г.Спенсер [11] құзыреттілік адамның әлеуметтік мәртебесі, оның өмір 
бойындағы бейнесі, кәсіби білімнің бірлігінде екендігіне назар аударады; 
- көрнекті психологтар: 
Л.С.Выготский [12], П.Я.Гальперин [13],
В.В. Давыдов [14], Л.С. Рубинштейн [15], А.А. Деркач [16], Қ.Б. Жарықбаев [17],
Ж.И. Намазбаева [18], О.С. Сангилбаев [19] құзыреттіліктердің қалыптасуын іс-
әрекеттік-психологиялық теория тұрғысынан негіздейді
-педагогикадағы кәсіби құзыреттілік мәселесі А.К. Маркова [20], В.Ю. 
Кричевский 
[21], 
Г.Ж.Меңлібекова 
[22], 
Б.Т.Кенжебеков 
[23], 
Ш.Т.Таубаева [24], Н.Н. Хан [25], К.С.Құдайбергенова [26] еңбектерінде 
қарастырылады; 
- басқаруды тиімді жүргізудің әдіснамалық негіздерін ашып көрсететін 
басқару теорияларын: П.Друкер [27], Т.Питерсон [28], Ф.Тейлор [28],
А.Файоль [28]; ТМД педагогикасында білім беруді басқару, мектеп ішінде 
басқару саласында қалыптасқан амалдарды: Ю.А.Конаржевский [29],
М.М. Поташник [30], П.И. Третьяков [31], Т.И. Шамова [32], И.А. Зимняя [33];
- басқарушылық құзыреттілік мәселесін зерттеудің жалпы теориялық 
негіздерін: 
И.В.Бестужев-Лада 
[34], 
Е.В. 
Бондаревская 
[35],
И.А. Ильин [36], В.А. Кан-Калик [37], Л.Н. Коган [38], Н.В. Кузьмина [39],
И.Я. Лернер [40], В.Я. Ляудис [41], А.В.Беленькая [42], Е.Л.Тонконогая [43], 
А.Л.Тряпицына [44]; 
- оқу үдерісін жетілдіру жағдайында құзыреттілік қалыптастыру мәселесі, 
болашақ педагогтердің ақпараттық технологияларды қолдануға даярлығын
ақпараттық мәдениетін қалыптастыруды М.П. Лапчик [45], Е.Ы. Бидайбеков 
[46], Т.О. Балықбаев [47], В.В. Гриншкун [48], Ж.А. Қараев [49], Г.Қ. Нургалиева 
[50], Л.Л.Босова [51], С.М.Кенесбаев [52], Г.У.Сыздыкбаева [75], Б.Т. Барсай 
[53], К.Т.Мулдабекова [54], А.Қ.Мошқалов [55], Н.Т.Сартаева [56] және т.б. 
әрқырынан зерттеген.
-мектепке дейінгі ұйымдар жұмысы мен оларды басқару мәселелерін
К.Ю. Белая [57], 
Л.М.Волобуева [58], 
С.А.Езопова [59], 
Л.Поздняк [60],
Н.И. Храпченкова [61], Ф.Н. Жұмабекова [62], А.Е. Манкеш [63],
С.Н. Жиенбаева [64], Б.О. Арзанбаева [65], А.Т. Искакова [66];
- білім 
беру мекемелерінің басшыларының кәсіби құзыреттілігін 
қалыптастыру мен арттыру технологияларды пайдалану Т.И. Шамова [67], 
Г.К.Ахметова [68], З.А.Исаева [69], Ж.Б.Умирбекова [70], Н.А. Абишев [71], 
Т.М.Баймолдаев [72], З.М.Садвакасова [73], А.А.Жайтапова [74] секілді 
ғалымдардың еңбектерінде әрқырынан зерделенеді. 
Алайда, зерттеу барысында болашақ МДҰ педагогтерінің басқарушылық 
құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі арнайы зерттелмегендігі, сондай-ақ ЖОО-
да кәсіби пәндер бойынша беріліп жатқан білімде жоғары басқарушылық деңгейі
қалыптасқан педагогтер дайындауда АКТ әлеуетінің жеткіліксіз дәрежеде
екендігі анықталды. 
Осыдан: 



- қоғамның әлеуметтік дамудың талабына сай болашақ МДҰ педагогтерін 
дайындауға деген ақпараттық қоғамның сұраныстары мен олардың АКТ арқылы 
басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыруға қазіргі ЖОО тәжірибесінің 
жеткіліксіз бағытталғандығы арасындағы;
- басқарушылық құзыреттілігі қалыптасқан педагогтерге деген қажеттілік 
пен болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің аталмыш сапаны 
қалыптастырудың ғылыми-теориялық тұрғыдан әдістемелік қамтамасыз 
етілуінің жеткіліксіздігі арасындағы қарама-қайшылықтардың бар екені 
анықталды.
Аталған қарама-қайшылықтар кәсіби дайындау барысында МДҰ 
педагогтерінің 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялар 
арқылы
басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың нақты жағдайын анықтап, 
әдістемесін жасап, тәжірибеден өткізу мәселелерін туындатып, зерттеу 
тақырыбын «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет