Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



Pdf көрінісі
бет137/179
Дата03.11.2023
өлшемі7.08 Mb.
#482272
түріОқулық
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   179
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

а-суретінде көрсетілгендей
файлды сервер орталықта орналасады. Осындай типті желінің 
мынадай 
артықшылықтары 
бар: 
бір 
ДК 
кабелінің 
зақымдалуыбарлық желінің жүмысын тоқтатпайды; қосылу үшін 
кедергі жоқ, жұмыс стансасы тек сервермен ғана қосылуы тиіс; 
рұқсат етілмеген қол жеткізуден қорғаныс тетеігі берік; жұмыс 
стансасынан ксерверге дейін деректерді таратудың жоғары 
жылдамдығы. Кемшіліктер: жұмыс стансалары арасындағы 
ақпаратты тарату жылдамдығы төмен, жұмыс стансасынан
серверге, сосын кері қарай жылдамдығы өте төмен; сервер 
мүмкіндігінен желінің барлығы қуаттылыққа тəуелді; серверді өтіп, 
жеке жұмыс стансалары арасында коммуникация мүмкін емес. 
Топология (8.5, а-суретке қараңыз) атауы «белсенді немесе 
шынайы жұлдыз». Жəне топологияда «бейтарап жұлдыз» деген атау 
да болады. Ол сыртынан жұлдызға ұқсайды, алайда осы 
топологиямын орталық желіде компьютер орналаспайды, арнайы 
құрылғы – концентратор орналасады немесе оны тағы хаб (hub) деп 
те атайды, ол келген сигналдарды жаңалайды жəне оларды басқа 
байланыс желілеріне қайта таратады. «бейтарап жұлдыз» 
топологиясы өте белгілі жəне Ethernet желіде пайдаланады. 
Сақиналық 
топология жағдайында, 
барлық 
жұмыс 
стансалары мен серверлер сақина бойынша өзара біріктіріледі, ол 
бойынша қабылдаушы адресіне деректерді жібереді (8.5, 
б-сурет
). 
Сақиналық топологияның артықшылықтары: деректерге қол 
жеткізудің уақыты қомақты қысқартылады; желіні ұзындығы 
бойынша шектеу жоқ. Кемшіліктер: бір жұмыс стансасының 
жұмыстан шығып кетуі, егер арнайы өтпелі қосылулар 
пайдаланбаса, барлық желінің жұмысын тоқтатады. Осындай 
топология оптикалық-талшықты желі 
Token Ring 
пайдаланады. 
Шиналы топология желі (8.5, в-сурет) орталық сызықтың бар 
болуын қалайды, оған сервер жəне жеке жұмыс стансалары 
қосылған. Шиналы топология кабелдің шығыны аздығы мен 
деректер тарату жылдамдығының жоғарылығынан; барлық желі 
жұмысын тоқтатусыз жұмыс стансаның жұмысын тоқтату мен қосу 
мүмкіндігінен; жұмыс стансалары өзара сервер көмегісіз 
коммуникациялану 
мүмкіндігінен 
кеңінен 
таралған. 
Қайтабейнелену салдарынан электрикалық ақпараттық сигналдың 
өшуіне жол бермес үшін осындай желінің байланыс линиясында 
сызық ұшына арнайы бітеуіш орнатылады, олар терминаторлар деп 
аталады. 
283 


8.5.-сурет. Желінің негізгі топологиялары: 
а 
— «жұлдыз» топологиясы; 
б 
— сақиналық топология; 
в 
— шиналы топология; 
г 
— «тал» топологиясы 
шиналы топологияның кемшіліктері: кабелдің үзілуі кезінде үзілген 
жерден бастап барлық желі учаскесі жұмыстан шығуына алып 
келеді. Сонымен қатар, желіге рұқсат етілмеген қол жеткізу 
мүмкіндігі бар, өйткені жұмыс стансаларының санын көбейту үшін 
желі жұмысынан үзу қажет етілмейді. 
284 


Тал топологиясы (tree)
(8.5, г-сурет) бірнеше жұлдыздардың 
комбинациясынан жиналған. Бұл ретте, жұлдыздағыдай, тал белсенді 
немесе бейтарап болуы мүмкін. Белсенді тал кезінде орталықта 
бірнеше байланыс сызбалары біріктірілген, олар орталық компьютерде, 
ал бейтарап кезде – концентраторларда (хабтар) орнатылады. 
Hub,
немесе 
концентратор, 
жеке жұмыс орындарын жергілікті желі 
құрамында жұмыс тобына біріктіру үшін арналған. Концентратор 
автосегментациясымен желіні көппортты қайталаушы ретінде 
көрсетілген. Концентратордың барлық порттары теңқұқықты. Оған 
қосылған бір стансаның сигналын алғаннан кейін, концентратор оны 
өзінің барлық белсенді порттарына жібереді. Бұл ретте, қандай да бер 
портта бұзылғандық байқалса, ол порт автоматты сөндіріледі 
(сигменттеледі), ал оны жойғаннан кейін белсенді етіледі. 
Концентраторларды автономды құрылғылар ретінде пайдалануға 
немесе бір-бірімен қосуға болады, сонымен желі өлшемін көбейтеді 
жəне аса күрделі топологияларды құрайды. Сонымен қатар, оларды 
магистральді кабельмен шиналы топологияға қосуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   179




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет