Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



Pdf көрінісі
бет158/179
Дата03.11.2023
өлшемі7.08 Mb.
#482272
түріОқулық
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   179
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

Дербес шредерлер қағазды жою үшін азкөлемді кəрзеңкемен 
немесе кəрзеңкесіз орындалады. Соңғы жағдайда, осы аппаратты 
жойылған материалдар түсе алатын, түрлі кəрзеңкелермен немесе 
контейнермен пайдалануға болады. Дербес шредерлердің сервисті 
функциялары əдетте механикалық немесе электронды датчиктердің, 
жұмыс 
режимдерінің 
жарық 
индикациясы 
мен 
пышақ 
айналымының реверстері негізінде автоматты қосу/тоқтаумен 
жасалады. Дербес шредерлердің түрлі модельдері екінші – бесінші 
деңгейдегі құпиялық құжаттарды 90 мм/с жылдамдықпен жоюға 
мүмкіндік береді жəне жойылатын материалдарды жинау үшін 
сыйымдылығы 16 ... 29 л. кəрзеңкемен жабдықтайды. 
Кеңсе шредерлері түйреуіштері бар құжаттарды жоюға 
мүмкіндік береді, жəне бірінші категориялы кешкіш механизмді 
пайдалану есебінен пластикті карталарды, CD-дисктерді жою үшін 
пайдалана алады. 
331 


Осы шредерлердің жабық корпусы жойылған құжаттар үшін 
контейнерге рұқсат ашатын есігі бар. Корпус дөңгелекшелермен 
жылжиды. Кеңсе шредерлердің қосымша сервисті функцияларына 
есік жабылмаған кезде қосылу автоматты түрде блокталады. Кеңсе 
шредерлердің екінші –бесінші деңгейдегі құриялық модельдерінің 
өнімділігі 260 мм/с дейін жəне кəрзеңке сыйымдылығы 300 л. 
болып келеді. 
Өнеркәсіпте қолдану шредерлері үлкен ұйымдарда 
құжаттарды ортадан жоюға арналған. Өнімділігі мен қуатталығы 
өте жоғары, ішкі ленталық тасымалдауышпен жабдықталған. 
Жұмыс процессінде арнайы жабдықталған бақылау органдары мен 
датчиктер есебінен барлық операциялар қауіпсіз орындалады. Осы 
сериядағы жойғыш басқарудың сенсорлы панеліне ие, контейнер 
толғанда немесе шығарылған кезінде, қағаздың тұрып қалу 
жағдайларында автоматты өшеді жəне жұмыс режимінің жарықты 
индикациясы бар. Кешкіш механизмінің жоғары сапасы құжаттарды 
бумалармен, ал басқа жеке модельдері болатты доға-бекіткішпен 
пышақтардың мұқалусыз «корона» типті тезтікпелермен бірге 
жоюға мүмкіндік береді. өнеркəсіпте қолдану шредерлердің кейбір 
модельдерінің өнімділігі — 354 мм/с, ал кəрзеңге сыйымдылығы — 
340 л. 
Ресей нарығында Rexel, Burlos, Kobra, Geha фирмаларының 
шредерлері аса танымал. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   179




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет