3.8
-сурет
. CD-ROM жəне CD-R/CD-RW дисктерінің құрылысы
Фазалық күйдің осындай өзгерісі қабаттың мөлдірлігін өзгертумен
қоса жүреді. Лазер сəулесімен қыздырған кезде кейбір сыни
температурадан жоғары тіркеуші
қабаттың материалы аморфты
күйге ауысады жəне онда суыған соң қалады, ал сыни
температудан төмен қыздырған кезде бастапқы (кристалдық) күйін
қайта қалпына келтіреді. Қайта жазатын
дисктерде тіркеуші қабат
əдетте алтынна, күмістен, кейде алюминий мен оның
қорытпаларынан жасалады.
Қайта жазатын CD-RW бірнеше мыңдаған қайта жазу
циклдарынан ондаған мың циклға дейін жазбаларға төзеді. Алайда
олардың шағылыстырушы қабілеті штамптелген CD-ROM жəне
CD-R-ден біршама төмен. Осыған орай CD-RW оқу үшін
фотоқабылдағыш күшейткішінің автоматтық
реттеуі бар арнайы
жетек пайдаланылады.
CD-R-ғы ақпарат бірнеше тəсілмен жазылуы мүмкін. Дискті
бірінші мүмкіндіктен
(disk-at-once) жазу тəсілі кең таралған,
қатқыл диск файлы тікелей бір сеанс үшін жазылады жəне дискке
ақпарат қосу мүмкін емес. Осы тəсілмен
салыстырғанда
көпсеанстық жазу тəсілі
(track-at-once) жеке учаскелердің
(тректердің) жазуын жүргізуге жəне дисктегі ақпараттың көлемін
біртіндеп арттыруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: