Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»


Ақпараттандырудың техникалық



Pdf көрінісі
бет5/179
Дата03.11.2023
өлшемі7.08 Mb.
#482272
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   179
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

Ақпараттандырудың техникалық құралдары компьютерлік 
техника жəне оның перифериялық құрылғыларының жиынтығын – 
ақпаратты, жинау, сақтау жəне қайта өңдеуді қамтамасыз ететін 
Hardware жəне ақпаратты қашықтықтан тасымалдауды жүзеге 
асыратын коммуникациялық техниканы (телефон, телеграф, радио, 
теледидар, спутниктік байланыс, ЭЕМ желілері) білдіреді. 
электрондық-есептеуіш машиналарын ХХ ғ. ортасында пайда 
болуы адамзат тарихындағы ең көрнекті жетістіктерінің бірі болып 
табылады. 
Компьютерлік техниканың жəне ақпараттандырудың басқа да 
техникалық құралдарының үздіксіз дамуы қысқа уақытта ғылыми- 
техникалық прогрессті анықтайтын факторлардың біріне айналды. 
Қазіргі замандағы ғарышты зерттеу, атомдық энергетика, 
экология саласындағы көптеген ірі ғылыми-техникалық жобалар 
ақпараттандырудың техникалық құралдарын пайдаланбастан іске 
асырылмаушы еді. Соңғы он жыл бойы ақпараттандырудың 
заманауи техникалық құралдарына негізделетін ақпараттық 
технологиялар адамзат іскерлігінің əр түрлі салаларына тереңірек 
ену үстінде. 
Бағдарламалық жабдықтың, ақпараттандырудың техникалық 
құралдарының жəне осының негізінде өндірілетін, ғылымды аса 
қажет ететін технологиялардың жетілдірілуінің тығыз өзара 
байланысының бар болуы шүбəсіз. Жаңа бағдарламалық жабдықты 
жасап шығару мінсіз техникалық құралдарды құруды талап етеді,
ол өз алдына ақпараттандырудың техникалық құралдарын өндіруге 
арналған жаңа өнімділігі жоғары жəне үнемді технологиялық 
процестерді жасауды ынталандырады. 



1.2. 
АҚПАРАТ САНЫ. АҚПАРАТ САНЫНЫҢ ӨЛШЕМ 
БІРЛІКТЕРІ 
 
 
Техникалық құралдардың көмегімен ақпаратты өңдеген кезде 
информатикада «ақпарат» түсінігіне қатысты белгісіздікті азайту 
шарасы ретінде кең таралған тұрғыны қолдану қолайлы. 
Кез келген өлшемді сандық анықтау үшін өлшем бірлігін таңдап 
алу керек. Ұзындықтың өлшем бірлігі метр, массаныкі - килограмм 
екені белгілі. Ақпарат санының 
бит 
бірлігі үшін белгісіздіктің екі 
есе азайған кезде орын алатын саны қабылданған. 
Компьютерде ақпарат екілік кодпен, яғни алфавиті екі саннан 
тұратын (0 жəне 1) машиналық тілде көрсетілген. Бұл сандар 
негізінде тең ықтималдық күйді білдіреді. екілік разрядтың бірін 
жазған кезде екі мүмкін күйдің (екі санның біреуі) біреуін таңдау 
жүзеге асырылады, яғни белгісіздік екі есеге азаяды. Осыдан бір 
екілік разряд бір бит ақпарат санын тасымалдайтыны келіп шығады. 
Сонымен қатар биттермен берілген ақпарат саны екілік разрядтар 
санына тең. 
Басқа жағынан 

екілік разрядтар көмегімен жазуға болатын əр 
түрлі сандар N саны: 
N = 
2
1

Халықаралық бірліктер жүйесінде (СИ) еселенген бірліктің 
көбейткішіу ретінде коэффициент 10
n
қолданылады, мысалы 

= 3, 
6, 9 болғанда бұл бірліктердің атауларында тиісінше ондық 
қосымшалар қолданылады: кило, мега, гига. Информатикада кең 
қолданылатын ақпарат мөлшерінің өлшем бірлігі байт болып 
табылады, сонымен қоса 1 байт = 8 бит. 
Ақпарат санының өлшем бірлігінің туындысы мынадай: 
1 кбайт = 2
10
байт = 1 024 байт; 
1 Мбайт = 2
10
кбайт = 1 024 кбайт; 
1 Гигабайт (Гбайт) = 1 024 Мбайт = 2
30
байт = 1 073 741 824 байт. 
Соңғы уақытта өңделетін ақпарат көлемінің артуына 
байланысты бірліктің мынадай туындылары қолданысқа кіруде: 



1 Терабайт (Тбайт) = 1024 Гбайт = 2
40
байт = 1 099 511 627 776 байт; 
1 Петабайт (Пбайт) = 1024 Тбайт = 2
50
байт = 
= 1 125 899 906 842 624 байт. 
Екілік (компьютерлік) ақпараттың өлшеу жүйесінде метрлік 
жүйемен салыстырғанда «кило», «мега» қосымшалары бар бірліктер 
негізгі бірлікті 10
3
= 1 000, 10
6
= 1 000 000 көбейткеннен емес, 2
10

1024, 2
20
= 1 048 576 жəне т.б. көбейткеннен алынатынын назар 
аудару керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   179




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет