Жарық мұндай құрылымнан «бекітулі» жағдайда өтіп, өзінің
энергиясының көп бөлігін жоғалтады. DSTN кереғарлығы мен айыру
қабілеті барынша жоғары, сондықтан түрлі түсті дисплей жасап шығаруға
мүмкіндік
пайда болды, мұнда əр пикселге үш СК-ұяшық пен негізгі
түстердің үш оптикалық сүзгі келеді. Түрлі-түсті дисплейлер шағылысқан
жарықтан жұмыс жасай алмайды, сондықтан артқы көмескі жарықтың
шамы – олардың міндетті анықтауышы. Сырт аумақтық өлшемдерді
қысқарту үшін
шам бір жағынан болады, 4.6-суретте көрсетілгендей оған
қарсы айна болады, сондықтан көптеген LCD-матрицалардың ортада
жарықтығы шет жақтарына қарағанда жоғары болады (бұл үстелге
қойылатын СК-мониторларға қатысты емес).
Сонымен қатар STN-ұяшықтары TSTN режимінде қолданылады
(Triple
Super Twisted Nematic), полимерлі пленканың екі жұқа қабаты түрлі-түсті
дисплейлердің түс жіберуін жақсарту үшін немесе монохормдық
мониторлардың жақсы сапасын қамтамасыз ету үшін қосылады.
СК-ұяшықтардың тез əрекеттігін жоғарылату үшін қосарлап сканерлеу
технологиясы қолданылады (DSS —
Dual Scan Screens), барлық СК-экран
жұп жəне
тақ жолдарға бөлінеді, олардың жаңартуы біруақытта
орындалады. Қосарлап сканерлеу көбірек қозғалғыш молекулаларды
пайдаланумен бірге СК-ұяшықтың реакция уақытын төмендетуге жəне
экранның жаңарту жиілігін барынша көтеруге мүмкіндік берді.
Тұрақтылық, сапа, кескіннің ажыратымдылығы мен ашықтығы
көзқарасы жағынан ең жақсы нəтижелерді алу үшін бұрын қолданылған
пассивті матрицадан айырмасы активті матрицамен мониторлар
қолданылады.
Пассивті матрица термині (Passive Matrix) монитордың
келесі құрылымдық шешіміне жатады, оған сəйкес монитор
бөлек
ұяшықтарға бөлінген, олардың əрқайсысы басқаларынан тəуелсіз қызмет
етеді, осылайша нəтижесінде əр мұндай элемент кескін түзу үшін бөлек
жарықтандырыла алады.
Достарыңызбен бөлісу: