Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»


Автостереоскопиялық 3D-мониторлары



Pdf көрінісі
бет77/179
Дата03.11.2023
өлшемі7.08 Mb.
#482272
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   179
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

Автостереоскопиялық 3D-мониторлары соңғы кезде кеңінен 
таралған, олар параллакс барьерінің əсерін қолдануға негізделген. 
Параллакс барьері тағы бір қосымша кіріктірілген СК-экранды береді. 
«Моно» режимінде бұл экран толықтай мөлдір болады, ал стереорежимді 
активтендіру кезінде тік мөлдір емес жолақтардан тұратын торды береді, 
олар экранның қажетті жерлерінде шамнан көлеңке түзеді, бұл 4.19- 
суретте көрсетілген. Автостереоскопия əдісі барынша қарапайым жəне 
қосымша 
құрылымды 
қажет 
етпейді, 
сыртынан 
қарағанда 
автостереомониторлар əдеттегі LCD-дисплейлер сияқты көрінеді. 
3D-мониторлардың басқа тобы олармен жұмыс жасаған кезде арнайы 
поляризациялық 
көзілдіріктерді 
пайдалануды 
қарастырады. 
Көзілдіріктерді пайдалану қажеттілігі автостереоскопияға тəн кемшіліктер 
қатарын жоюмен орын толтырады. Мұндай типті 3D-мониторларды 
стереовизуалдау əдісі бойынша интерлейстік, фаза-поляризациялық жəне 
айналы деп бөлуге болады. 
Интерлейстік (жоларалық) 
3D-мониторларларда стерео жұпты 
құратын кескіннің əрқайсысының тек қана жұп немесе тақ жолдары 
шығарылады. Мұндай режимде 
əр кескін тек қана жол жартысымен 
келтірілген болғандықтан, вертикаль ажыратымдылықтың жоғалуы екі есе 
болады. Әдіс салыстырмалы қымбат емес бағасының есебінен кəсіби 
ортада кеңінен таралды, 
4.19 
-сурет. Апертуралы-растрлы автостереодисплейдің əрекет ету принципіның 
схемасы:
а 
—параллакс барьері қосылған; 
б 
—параллакс барьері өшірілген 
162 


себебі 
видеокарта 
мен 
мониторға 
қосымша 
талаптар 
қарастырмайды. 
Интерлейсті 
3D-мониторларда 
LCD-технологиясының 
арқасында экранға стереожұптың екі құрауышын біруақытта 
шығару мүмкін болды. Стереожұптың бір жартысы жұп жолдарға, 
басқасы – тақ жолдарға шығарылады. Бұдан басқа, сол жəне оң 
кескіндердің ортогоналды немесе айналмалы поляризациясы 
болады, оның арқасында поляризациялық көзілдіріктер арқылы 
қараған кезде кескіннің сол жəне оң көз үшін бөлінуі жүреді. 
Мұндай құрылғылардың артықшылықтары: ықшамдылық, 
кескіннің анықтығы, жылтылдауының болмауы, қымбат емес 
бағасы. Кемшіліктеріне келесілері жатады: ажыратымдылықтың 
жоғалтуы, түзу емес, «жолақты» кескінді ұзақ уақыт қараудан 
жоғары шаршағандық. Интерлейсті 
3D-мониторлар жартылай 
кəсіби разрядқа жатады, себебі бəрінен де көрсету мақсаттары мен 
компьютерлік ойындарды қабылдау үшін бейімделген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   179




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет