Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



Pdf көрінісі
бет93/179
Дата03.11.2023
өлшемі7.08 Mb.
#482272
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   179
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

5.6. 
ЦИФРЛЫҚ ДЫБЫСТЫҚ ЖҮЙЕ 
 
ДК дыбыстық жүйесінің архитектурасы 5.6-суретте көрсетілген. 
Мұндай дыбыстық жүйеде дыбыстық кодек AC (Audio Codec)
енгізу-шығару аналогты микросхемасы мен цифрлық бақылаушы 
DC (Digital Controller құрылғылары арасында аналогты жəне 
цифрлық сигналдарды өңдеу функциялары арасында бөліну болады. 
Бұл құрылғыларды арнайы цифрлық интерфейс жалғайды А AC- 
linc. Дыбыс сапасы электр бөгеттеріне бейімсіз, ДК корпусның 
ішінде болатын байланыстың цифрлық желісінің көмегімен 
аналогты жəне цифрлық микросхемаларды жалғау есебінен 
барынша көтеріледі. Дыбыстық жүйеде дамытылған интерфейс 
жəне өткізудің кең жолағымен PCI, USB, IEEE 1394 шиналары 
қолданылады. 
Цифрлық акустикалық жүйені USB негізінде жалғау кезінде 
цифрлы-аналогты түрлендіргіш ДК электр бөгеттерімен қаныққан 
корпусының сыртына шығарылады жəне 5.7-суретте көрсетілгендей 
мысалы, акустикалық жүйенің бағаналарына орнатылады. Кабель 
бойымен цифрлық пішіндегі бөгеттерден бос дыбыстық сигналдар 
жіберіледі, дыбысты жаңғырту сапасы артады. 
Digital Ready жүйелері PCI- дыбыстық жүйелердің келесі буыны 
болып табылады. Бұл жүйелерде цифрлік бақылаушы мен PCI 
интерфейсті басқа дыбыстық құрылғылар дыбыстық ақпарат 
ағындарын өңдейді, содан кейін оларды USB немесе IEEE 1394 
интерфейстері арқылы сыртқы құрылғыларға бағыттайды. Digital 
Ready дыбыстық жүйелердің араласқан кескіндемесі болуы мүмкін, 
яғни аналогты да, цифрлік те шеткері құрылғылар кіру мүмкін. 
189 


5.6 
-сурет. Audio Codec 97 сипаттамасына сəйкес ДК дыбыстық жүйесінің құрылымы 


5.7 
-сурет. USB негізінде аналогты жəне цифрлық акустикалық жүйелердің жалғау 
нұсқалары 
Digital Only жүйелері USB интерфейсімен шығарылады жəне тек 
қана цифрлық дыбыстармен жұмыс жасайды. Деректерді енгізу- 
шығару үшін сыртқы микрофондар мен USB интерфейсті бағаналар 
қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   179




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет