ИМАНИ ГҮЛ
өмір бойы оны санасынан өшіре алмасы анық. Ғұмыр
бойы рухани күйзеліске түседі. Бала мен ана арасында
өзара рухани тығыз байланыс болатындығын ешкім де
жоққа шығара алмайды. Себебі, жаратылысының негізгі
кезеңдерін бала ананың жатырында тәмамдайды. Рухы
ананың жатырында беріледі. Құранда былай делінеді:
«Расында, біз адамды нағыз (сүзілген) балшықтан
219
жараттық. Сосын оны шәуеттің бір тамшысы күйінде
мықты жерге орналастырдық. Сосын ол тамшыны
алақаға (жабысқақ ұрықтанған клеткаға) сосын оны
мудғаға (бір тістем ет бейнесіндегі жаратылысқа)
сосын мудғаны сүйектерге айналдырдық, сосын
сүйектерді етпен қаптадық, сосын оны басқа бір жара-
тылыс жасадық. Алла – ең керемет Жаратушы»
220
.
Құранда баланың анасы ұрығын берген әйел емес,
оны дүниеге әкелген жан екені айтылады: «Oлардың
аналары – оларды дүниеге әкелгендер ғана»
221
. «Біз
адамдарға әке-шешесіне жақсылық жасауды өсиет
еттік. Анасы оны қиындықпен құрсағында көтеріп,
сондай ауыртпашылықпен дүниеге әкелді...»
222
.
«Әлсіреген үстіне әлсіреген күйде анасы оны
көтерді»
223
.
• Сәби өскеннен кейін әке-шешесіне қарсы шығып,
өзін тапқан құрсақ анасына қайтамын деп қиғылық салған
жағдайда не болмақ?
• Бұған қоса, баланың пікірімен санаспастан оны
туған анасына емес, жұмыртқа иесі әйелге тапсырылуы-
219
Бұл жерде Адам атамыздың әу баста балшықтан жаратылғандығы
яки адам денесінің топырақтағы элементтерді қамтитындығына
ишарат етілуде.
220
Муминун сүресі,12-14-аят.
221
Мужадәла сүресі, 2-аят.
222
Ахқаф сүресі, 15-аят.
223
Тафсируль-мунир, 13-т, б. 347
362
Достарыңызбен бөлісу: |