53
ИМАНИ ГҮЛ
жай табады. Әйтпесе, әр
себепке құдайлық сипаттар
таңуымыз қажет болады. Ал әр себепке құдайлық сипат-
тарды таңу қисынға қайшы. Ендеше, барлық себептерді
жаратқан негізгі себеп бар. Ол, еш күмәнсіз, Алла Тағала.
АЛЛА ТАҒАЛАНЫ ТАНУ
Әлемдегі ең үлкен
ақиқат – Ұлы Жаратушыны тану,
Оған деген махаббатты ояту.
Алла Тағалаға иман келтірген мұсылман баласы Оны
көркем сипаттары арқылы тануға тиіс. Ұлы Жаратушыны
тану дәрежесіне қарай адамның Оған деген махаббаты ар-
тып, үміті мен қорқуы күшейе түседі. Оны таныған сайын
иманы күшейеді. Ұлы Жаратушысына деген жақындығын
сезініп, тақуалығы мен тәуекелі арта түседі. Ұлы Иесін
жеткілікті түрде таныған адам ғана күнә атаулыдан бо-
йын мейлінше алыс үстап, түрлі күдікті
ойлардан аулақ
жүреді. Адам ақылы Ұлы Алланы толық танып, біле ал-
майды. Өйткені адам шектеулі, ал Ол – шексіз. Деcек те,
Оны Құранда әрі хадистерде айтылған сипаттары арқылы
танып-білуге міндеттіміз.
Достарыңызбен бөлісу: