576
Медеу СӘРСЕКЕ
та жүрген негіздерден бас тартуға тиіс еді. Алайда олай болмады.
1960 жылдардың бас шенінде Ленинград ғалымдары мен оларды
қостаушы бір топ Мәскеу металлогенисі академик Сәтбаевтың
бұл саладағы көшбасшылық рөліне төз гісі келмей,
ұйымдасқан
түрде шабуыл бастаған. Сол күресте олар қазақ ғалымы ғылыми
айналымға енгізген металлогениялық ұстанымға ашық тиіспей,
жөткірліктің ежелгі әді сін қолданып, Сәтбаев ұсынған идеяның
аспаннан түспей, шетелдіктер баяғыда
ойлап тапқан жаңалық
екенін мәлімдеген. Сол жолда бетке ұстаған басты «көсемі» – «еу-
ропа металлогенистерінің атасы» атанған әйгілі неміс ғалымы
Г. Шней дерхен.
Қысқасы, бұл дау әр түрлі деңгейде өрбіп, ақыры «Кеңестік
геология» журналының бетінде бірнеше жылға созылған ғылыми
ай тыс қа ұласады. Талай білімпаздар бұл жайында өз топшылаула-
рын жария етті. Жұрт күткендей, негізгі тәжіке тағы да ВСЕГЕИ
мен ҚазГҒИ металлогенистері арасында жүреді.
Қ.СӘТБАЕВ, И.Бок, Г.Б. Жилинский («Кеңестік геология»
журналы, 1960 жыл, № 9):
«Әрқилы кезеңдерде түрліше ағымдардың жолды болғаны
мәлім. Солардың бәрі де артында белгі қалдырмай жоқ болды,
анығында оларды өмірдің өзі ұмыттырды. Кен орындарының
тұнба тегі туралы соңғы жылдары жолды болған жаңсақ
теориялардың баянсыз тағдырын еске алай ық. Бұл да метал-
логениялық зерттеулер деректерін ескермей, өмірден алшақ, ой-
дан шығарыл ған болжамдауға жалаң елік теудің салдары...
Ю.А. Билибин – еліміздің геология ғылымының жедел өріс-
теп, шикізат қорының еселеп өсуіне елеулі еңбек сіңірген та-
маша маман. Алайда оның геосинклинальды жүйелердің ме-
таллогениялық дамуы жө нін дегі қағидаларын барлық аймаққа
бір дей қолдануға болмайтындығы бүгінде даусыз ақиқат. Біз
Достарыңызбен бөлісу: