17
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Оқу-бiлiмнiң тiршiлiкке қажет екендiгiн Шорман бидiң iзба-
сар тұяғы, тумысынан алғыр, аса зерек Мұса мырза да көрсеткен.
Оқуы тек – «өмiр мектебi», би әкесiнiң Тұзқаладан (Ертiстiң оң
жағасындағы Жәмiш бекiнiсi) шақырып, ауылында екi жыл
ұстаған Александр Лукин деген казак-орыстан үйренген жазу-
сызуының арқасында орыс тілін мектепсіз меңгеріп, өзi араласқан
патша ұлықтарымен тiлмәшсiз тү сi нi сiп, қазына қағаздарын да
өзi оқитын бi лiм дарлыққа жеткен.
Соның арқасында он алты жа-
сынан бастап болыс упра вите лi не сайланып, одан әрі Баянауыл
дуанында қазы, аға сұлтанның кандидаты болып жүрiп, ақы ры он
бес жыл бойы, 1869 жылдың аяғына дейiн, яғни дуан тарағанша
аға
сұлтан мiн
детiн үздіксіз атқарып, полковник дәрежесімен
зейнетке шыққан. Әрине, орыс оқуына деген ділгерлікті Мұса
Шорманұлы өз ұрпағына ғана емес, құзырындағы ағайын жұрты-
на да таратқан. Мысалы, әр болысқа қарауындағы елден жыл са-
йын бiрнеше баланы Павлодар мен Омбыда оқытып, қаражатын
көтеруді мiндет қылған...
Шорман бидiң естияр ұрпағын орыс тiлiне үйреткен үлгісi
заманы бір ру басыларына,
сол уақытта атқа мініп, ел билiгi не
шыққан игi жақсылардың бәрiне де өнеге болып тараған. Шоң,
Қазанғап билердiң, Сүйiндiк-Айдаболдың сол күндегі iрi шонжар-
лары Боштай, Айтбақы сияқты байларының iзбасар ұрпақтары
Омбы қаласына барып, кейбiрi одан да ұзап, орысша бiлiм алуға
құлықты болған. Кейбiрi Троицкiдегi
мұсылман медресесiнде
оқыған. Сол үлгiнi Сәтбай ауылының да жас құрақтай жетiлiп
келе жатқан жас толқыны да қызу қолдаған...
Әлбетте, бастапқы жол-жоба Сәтекеңнiң iзбасар үлкенi Иман-
тайға түскен. Ауылда жүрiп мұсылманша сауатын ашқан соң-ақ
ол 1862 жылы он жетi жасында ту қияндағы (салт атты жолау-
шыға үш күндiк жол) Ом бы шәрiне аттанып, Әбдiрахим есімді
ғұламаның мед ресе сiн де үш жыл дәрiс алып, араб, парсы, шаға-
тай тiл дер iнде кiтап оқитын сауатқа же те дi.
Орысшаға да тілі
жаттығып, аз-кем түсiнiк ал ған (1897 жылғы санақтың арнайы
сұрауына Имантай Сәтбаев:
«По-русски понимаю, читаю», – деп
жауап берген).
Достарыңызбен бөлісу: