24
Медеу СӘРСЕКЕ
Әке еңбегі зая кеткен жоқ. Талапты шәкірт ескі заман ақын-
дарының асыл мұраларын өз бетінше оқитын болды...
(Арада көп жылдар өтеді. Сауықтыру орнында жатқанда, дос-жаран-
дарымен бас қосқан мәжілістерде, оңаша қалып, ойға түскен сағаттарда
Қаныш Имантайұлы парсы тілінде мақамдап сөйлеп кетер еді. Әдетте, бұл
Қожа Хафиздің иә Омар Һайямның ғазалдары болады. Қасындағылар аң-
таң. Қай уақытта оқыған, қалай үйренген?.. Шынында, ол
парсы, араб
ақындарының кейбір жырларын ғана білетін. Шаршаған, әлденеге қамық-
қан кезінде солардың мөлдір қайнарынан ләззат алып, бойын сергітіп, өзінше
демалып отырар еді).
Баланың өлең-жырға, ән-думанға құштарлығын ауылдастары
ерте аңғарған.
Ауыл ға қонақ келсе, әсіресе домбыралы, қобызды
меймандар топтап түсті ме – кішкентай Қаныш дегбірсіздене бас-
тайды. Қиыла сұрайтыны – қонақкәде алу. Оның өтеуі – ертегі,
жыр, ән. Әкесінің бір тізесіне жайғасып алып, жыршының аузы-
на қарап телміреді де отырады. Есейе келе өзі де Бөкешке еліктеп
домбыра шертетін болды. Үлкендер мадақтап: «Біз дің Қанкежан
да
әнші болады, айналайын, айта ғой!» – деп көтермелесе, шырқап
та жібереді.
Ақын-жыршылардың Айырықтағы Кіші ауылға ат басын жиі
бұрып, еру болуы кездейсоқ емес-ті. Тегінде бұл – ауыл иесінің ел
сөзін ұстап, би сайланғаннан бергі машығы емес, бойына ежел-
ден біткен қалыбы. Сөз өнерін құдірет тұтқан сері һәм сауықшыл
қауымға ол құрметпен қа рай ды.
Әсіресе шешен сөйлеп, ел ше-
жіресін төндіре шерткен зиялылармен сұхбат құ руға. Ал даулы
іске билік айтқанда өзі де ескі билердің нақыл сөздерімен мақал-
дап сөйлейді.
Әрнеге еліктегіш кішкентай Қанышқа туған ағасы Бөкештің
әуей өнегесі де айтарлықтай әсер еткен. Ғазекең келіні Шәрипа
Смағұлқызының ауызекі әңгімеде бізге:
«Ағатай қағазға өте
Достарыңызбен бөлісу: