Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің


  – 486 с. 59. Оспанова Б.А., Жолдасбеков А. А., Жолдасбекова К. А. Креа- тивті психология. Оқулық. –



Pdf көрінісі
бет192/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   205
Акмеология

 
2013. 
– 486 с.
59. Оспанова Б.А., Жолдасбеков А. А., Жолдасбекова К. А. Креа-
тивті психология. Оқулық. –
 
Алматы,
 
2013. –
 
409 б.
ҚОРЫТЫНДЫ
Акмеология қазіргі заманғы қоғамның тұлғалық кемелденген 
жəне жедел өзгеретін əлеуметтік əлемнің жағымсыз жағдайларына 
төтеп беруге қабілетті, құзыретті мамандарға, жоғары білікті 
кəсіпқойларға деген қажеттілік негізінде туындады. 
Сонымен бірге, акмеология адамның өзін кəсіпқой жəне тұлға 
ретінде құруда жетілдірудің мүмкіндіктері туралы ұғымдарының 
артуына қуатты, кері əсер етуі мүмкін. 
Акмеология қазіргі заманғы əлеуметтік, кадрлық, кəсіби, білім 
беру, педагогикалық жəне басқа мəселелерді шешу үшін өзінің 
маңыздылығын тəжірибелік тұрғыда дəлелдеп, өзіндік, дербес 
ғылым ретінде айқындалды. 
Акмеологияның интегративті ғылым мен тəжірибе ретіндегі 
мəселелері, ең алдымен, субъектіге болмысты ескеріп, өзіндік 
өмірін ұйымдастырудың аса оңтайлы тəсілдерін табуға ықпал 
етумен байланысты болады, оған сүйеніп, кез келген адам өзінің 
қалыптасуында прогрессивті бағыт бойынша акмеологиялық 
құралдарды қолданып дами алады. Мұнда қажетті алғышарттар 
ретінде, адамның өзіндік сана, рефлексия, өзін-өзі анықтау, өзіндік 
қатынас, қалаулар деңгейі, мағыналық құрылым, өзін-өзі реттеу
өзіндік өмірді ұйымдастыру сияқты бағыттар бойынша өмірлік 
стратегияның аясында өзін-өзі жүзеге асыру қабілеті алынады.
Кəсіби білім беру жағдайында, кəсібиліктің мəнін игерудің, 
оған жетелейтін жолдарды көру жəне түсінудің теориялық жəне 
практикалық мəні болады. 
Акмеологияның негізгі ғылыми жəне практикалық қызы-
ғушылықтары саласы көпжоспарлы, ал оның «пəндік өлшемдері» 
жоғары кəсіби білім беруде мəні болатын мəселелердің кең 
шеңберін қамтиды: топтық əлеуметтік субъектілердің қоғамдық 
маңызды қызметінің жағдайлары мен факторлары; əлеуметтік 
субъектілердің аса маңызды, өмірлік-əрекеттік байланыстары: 
қоғамдық маңызды іс-əрекет, өмірлік қатынастар, шығармашылық 
өзіндік даму; əлеуметтік-əрекеттік контекстке толыққанды енудің 
негізі ретіндегі кəсібилік; нəтижелі модельдер, алгоритмдер жəне 
технологиялардың жиынтығында көрінетін шығармашылық адамзат 
əлеуетінің əрекет етуі. 
Бұл саланың аталған өрісі толық зерттелмеген, ал континуумы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет