Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет28/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   205
Акмеология

52
53
• мемлекет пен қоғам үшін өзектілігіне қарай кəсіпке деген қа-
тынас; 
• қоғам үшін белгілі мəні болатын, мемлекеттік адам ретінде өзін 
кəсіпқой ретіндегі рөлі мен өзіндік бағалауы; 
• мемлекеттік маңызы бар іске кəсіпқойдың қатыстылық сезімі; 
• қоғам мен мемлекет үшін өзін қажетті, өзекті ретінде сезіну; 
• тұлғалық кəсіби стандарттардың кəсіпке қатысты мемлекеттік 
талаптармен арақатынаста болуы;
• анықтаушы арақатынас (мемлекеттің жетістіктері мен сəт-
сіздіктерін өзіндік кəсіби жетістіктері мен сəтсіздіктерімен 
арақатынасы); 
• өзін басқа еңбеккерлермен – елдің азаматтарымен біріктіру; 
• жалпы азаматтық бағдарлар мен нормалар, мінез-құлық эта-
лондарымен өзара байланыста кəсіби іс-əрекеттің бағдарларын, 
эталондары мен нормаларын жүзеге асыру. 
Сонымен бірге, кəсіби іс-əрекетке бейімделу, біртұтас кəсіби 
қалыптасу кəсіпке оқытуды ғана талап етпейді (тұлғаның кəсіби 
маңызды сапаларының, білімдері мен біліктерінің қалыптасуы), 
сонымен бірге іс-əрекет, азаматтық қоғам мен мемлекеттің 
субъектісінің қатынастарының өзекті жүйесін қалыптастыруды 
талап етеді. Кəсіпқойлықтың қалыптасуы əлеуметтік, азаматтық 
қатынастармен, құқықтар мен міндеттердің, байланыстар мен өзара 
əрекеттің сипатына негізделеді. Бұл адам ендірілген объективті 
контекст болып саналады. Соған орай, акмеология маманның 
азаматтық қалыптасуын азаматтықтың «акмесіне» жету жолындағы 
маңызды қасиет ретінде психологиялық-педагогикалық қамтамасыз 
ету мəселелерін зерттейді. 
Тұлғаның өзекті кəсіби қалыптасуымен қатар, қазіргі кезде 
қоғамда азаматтық қалыптасудың қажеттілігін қамтитын ұстаным 
айқын қалыптасып келеді. Азаматтық қалыптасу тұлғаны 
əлеуметтендірудің элементі ретінде, білім беру жəне азаматтық 
қоғамның өмір сүруін ұйымдастыру арқылы жүзеге асады. 
Азаматтықты қалыптастыру, осы үдеріске əсер ететін оның 
жағдайлары мен факторларын зерттеудің қажеттілігі, қоғамның өмір 
сүру шындығынан келетін, акмеологиядағы ғылыми парадигмадағы 
басымдылыққа сəйкес келеді. Азаматтық тұлғаның кəсіби құрамдас 
құрылымына əсер етеді жəне кəсіби саладағы азаматтықты көрсе-
тудің белгілі формаларын қамтиды. Болашақ педагогтардың 
акмеологиялық деңгейі, басқа құрамдастармен қатар əлеуметтік 
жауапкершілікті жəне азаматтық ұстанымды қамтиды. 
Акмеологиялық зерттеулердегі «азаматтық» ұғымындағы 
тұғырды теориялық сипаттауды түсіндіре отырып, келесідей
тұжырым жасаймыз: 
• қазіргі заманғы қоғамда тұлғаның өзекті кəсіби қалыптасуымен 
қатар, азаматтық қалыптасудың қажеттілігін қамтитын ұстаным 
қалыптасады;
• тұлғаны əлеуметтендірудің элементі ретінде азаматтық қалып-
тасу, білім беру жəне азаматтық қоғамның өмір сүруін ұйымдастыру 
арқылы жүзеге асырылады; 
• азаматтықты қалыптастыруды, осы үдеріске əсер ететін жағ-
дайлар мен факторларды зерттеудің қажеттілігі, қоғамның өмір 
сүруінің шындығынан келетін, акмеологиядағы басым болатын 
ғылыми парадигмаға сəйкес келеді;
• азаматтық тұлғаның кəсіби құрамдас құрылымына əсер ете-
ді жəне кəсіби салада азаматтықты көрсетудің белгілі түрлерін 
қамтиды;
• азаматтықтың мəнін игеру, азаматтықтың «акмесіне» жете-
лейтін жолдарды көру жəне түсінудің қазіргі кезде өзекті
теориялық жəне қолданбалы мəні болады. 
Азаматтық пен патриотизм ұғымдарын алуан түрлі зерттеуші 
ұстанымдар тұрғысынан қарастырып, осы терминдердің өзара 
байланысын негіздеп, біз «азаматтық-патриоттық құндылықтар» 
ұғымының негіз болатынын атап өтеміз. 
Азаматтық-патриоттық құндылықтар – бұл адамның Отанға 
қатынасын білдіретін азамат-патриоттың сезімдері, ол сезім өз 
халқының тарихына, дəстүрлеріне, мəдениетіне құрмет көрсетуде, 
адамның азаматтық ұжымның алдындағы борыш жəне жауапкерші-
лік сезімінде көрінеді, бұл сезімдер адамның азаматтық-патриоттық 
ұстанымын негіздейді. Негізгі азаматтық-патриоттық құндылықтар 
ретінде, Отанға, халыққа деген адалдық жəне махаббат; туған 
өлкенің тарихи жəне мəдени мұрасы; əлеуметтік маңызды іс-əрекет; 
азаматтық құқықтар мен еркіндік; азаматтық борыш пен намыс; өз 
Отанына деген сенім мен адалдық алынады. 
Азаматтық-патриоттық құндылықтарды қалыптастыру – бұл 
орта жəне жоғары кəсіби білім беру саласында қажетті азаматтықтың 
əлеуметтік маңызды ұстанымдарын қалыптастыру мен дамыту 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет