60
61
• құзыреттілік тұғыр адамның оқу сюжеттері мен оқу жағ-
даяттарының шекарасынан тыс тиімді əрекет ету қабілетінің
жалпылама шарты ретінде (В.А. Болотов);
• құзыреттілік жаңартудың түбегейлі құралы ретінде көрініс та-
бады (Д.Б. Эльконин);
• құзыреттілік қабілеттерді жағдайларға өткізудің мүмкіндігімен
сипатталады (В.В. Башев);
• құзыреттілік «маманның белгілі іс-əрекетке енуге дайындығы»
ретінде (А.М. Аронов) немесе маманның болашақ кəсіби іс-əрекетке
даярлығының белгісі ретінде анықталады (П.Г. Щедровицкий).
Осылайша, құзыреттілік тұғырды талқылау, соңғы онжылдықта
қазіргі білім берудің келесі үрдістерімен ұсынылған, ерекше мəдени-
білім беру контексіне енгізілгенін айтуға болады (В.В. Краевский,
С.А. Пиявский, Н.Ф. Виноградова, В.И. Капинос, А.Г. Бермус):
• бірлік пен білім беру жүйелерінің анықталуының жоғалуы,
еңбек нарығының жəне онымен байланысты білім беру қызметі
нарығының қалыптасуы;
• білім беру бағдарламаларының нұсқалығы жəне баламалығы,
білім беру жүйесінің қызметінде бəсекелестік пен коммерциялық
фактордың артуы;
• білім берудегі мемлекеттің қызметінің өзгеруі: жаппай бақы-
лаудан жəне жоспарлаудан – білім беруде туындайтын қатынастарды
жалпы құқықтық реттеуге дейін;
• жоғары білім беруді жəне қазіргі заманғы экономиканы еңбекті
бөлудің халықаралық жүйесіне біріктірудің перспективасы (атап
айтсақ, еуропалық).
Құзыреттілік тұғырдың қазіргі заманғы ұғымдарының қайта
құрылған бейнесі ретінде, дамытушы жəне тұлғалық-бағдарлы
білім берудің психологиялық-педагогикалық тұжырымдамалары
контексінде құрастырылған, жалпы жəне тұлғалық даму идеялары
алынады. Соған байланысты құзырлылықтар дəстүрлі білімдерді,
жалпылама интеллектуалды, коммуникативті, креативті, əдіс-
намалық, дүниетанымдық жəне басқа біліктерді біріктіретін жанама,
метапəндік құрылымдар ретінде қарастырылады.
Құзыреттілік тұғырдың категориялық базасы, білім беру үдері-
сінің мақсатты бағыттылық жəне мақсат ұсыну ой-пікірімен тікелей
байланысты, оның барысында құзырлылықтар білімгерлердің
біліктері мен дағдыларының жоғары, жалпылама деңгейлерін
ұсынады, ал білім берудің мазмұны аталған білім берудің маз-
мұнының төрт компонентті үлгісімен анықталады (білімдер, білік-
тер, шығармашылық іс-əрекет тəжірибесі жəне құндылық қатынас
тəжірибесі).
Құзыреттілік тұғырдың ішінде екі базалық ұғым айқындалады:
құзырлылық жəне құзіреттілік, мұнда бірінші ұғым «заттар мен
үдерістердің белгілі шеңберіне қатынасы бойынша ұсынылатын,
тұлғаның өзара байланысқан сапаларының жиынтығын қамтиды»,
ал екінші ұғым «адамның іс-əрекет пəніне тұлғалық қатынасын
қамтитын, сəйкес құзырлылықты меңгеруімен, игеруімен»
арақатынаста болады. Бұл контексте «білім беру құзырлылығы»
ұғымы қызмет етеді, аталған ұғым «тұлғалық жəне əлеуметтік-
маңызды тиімді іс-əрекетті жүзеге асыруға қажетті, шынайы
болмыстың объектілерінің белгілі шеңберіне қатынасы бойынша,
студенттердің білімдері, біліктері, дағдылары мен іс-əрекет тəжі-
рибесі, мағыналық бағдарларының жиынтығы» ретінде түсіндіріледі
(Хуторской А.В.).
Білім беру құзырлылықтары білім берудің мазмұнының дең-
гейлері бойынша сараланады:
• түйінді (барлық пəндерге ортақ, метапəндік мазмұнда жүзеге
асырылатын);
• жалпы пəндік (білім беру саласындағы пəндердің жиынтығы
үшін біріктіруші мазмұнда жүзеге асырылатын);
• пəндік (жекеленген пəндердің аясында қалыптасатын).
Білім берудің нормативті жəне тəжірибелік құрамдасына білім
беру құзырлылығы ұғымын енгізу, студенттердің теориялық білім-
нің жиынтығын меңгергеннен кейін, осы білімді нақты міндеттерді
немесе проблемалық жағдаяттарды шешуге қолдануды талап ететін,
іс-əрекетте біршама қиындықтарға кезіккенде мəселені шешуге
мүмкіндік береді.
Алайда, құзыреттілік тұғырды талқылауда келесі мəнді қарама-
қайшылықтарды айқындауға болады:
1. Құзыреттілік тұғырдың бастапқы тəжірибелік бағдарлануы
мен педагогикалық тəжірибенің пəндік (атап айтсақ, метапəндік)
бағдарының сəйкессіздігі (Е.А. Ямбург).
2. Құзыреттілік тұғырдың тұжырымдамалы жəне инновациялық
əлеуетінің белгісіздігі, атап айтсақ əрекеттік жəне дамытушы
бағыттылықта психологиялық-педагогикалық тұжырымдамалар-
|