Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет33/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   205
Акмеология

62
63
дағы түбегейлі айырмашалықтардың айқын болмауы (Н.Д. Ни-
кандров, М.В. Богуславский, В.М. Полонский).
3. Құзыреттілік тұғырдың пəндік жəне жас ерекшелік ара-
қатынасының болмауы (Г.Н.Филонов), сонымен бірге, құзыреттілік 
тұғырды ендірудің ұйымдастырушылық-басқарушы аспектілерінің 
болмауы (Н.Д.Никандров, И.И.Логвинов).
4. Стандарттарды құрастырудағы ұлттық-мəдени, əлеуметтік-
саяси жəне əлеуметтік-психологиялық контекстің, ондағы құ-
зыреттілік тұғырды жүзеге асырудың айқын болмауы (В.И. Сло-
бодчиков, Т.М. Ковалева).
Атап өтетін бір жайт, құзырлылыққа бағдарланған білім беру 
(құзырлылыққа негізделген білім: competent-based education – CBE) 
Америкада адамның əлеуметтік-кəсіби өмір сүруінің интеллекту-
алды жəне тұлғалық негізделген іс-əрекет тəжірибесіне, білімдерге 
негізделген «құзырлылық» ұғымының жалпы контексінде қалып-
тасты. 
Құзырлылық жəне құзыреттілік мəселелері бойынша еңбектерді 
талдау (Н. Хомский, Р. Уайт, Дж. Равен, Н.В. Кузьмина, А.К. Марко-
ва, В.Н. Куницына, Г.Э. Белицкая, Л.И. Берестова, В.И. Байденко
А.В. Хуторской, Н.А. Гришанова жəне т.б.) білім берудегі СВЕ-
тұғырдың қалыптасуының үш сатысын шартты түрде анықтауға 
мүмкіндік береді.
Бірінші саты (1960-1970 жж.) ғылыми аппаратқа «құзырлылық» 
категориясын ендірумен, құзырлылық жəне құзыреттілік ұғым-
дарын ажыратудың алғашарттарын құрумен сипатталады. Осы 
уақытқа дейін трансформациялық грамматика жəне тілдерді оқыту 
теориясының аясында, тілдік құзырлылықтың алуан түрлерін 
зерттеу басталды, «коммуникативті құзыреттілік» ұғымы енгізіледі 
(Д. Хаймс).
Екінші саты (1970-1990 жж.) құзырлылық жəне құзыреттілік 
категорияларын тілдерді оқытудың теориясы мен тəжірибесінде 
қолданумен, сонымен бірге басқаруда, менеджментте, қарым-
қатынасқа оқытуда кəсібилікке оқытуда қолданумен сипатталады
«əлеуметтік 
құзырлылықтар/құзыреттіліктер» 
ұғымдарының 
мазмұны құрастырылады. 
Ғылыми категория ретінде құзыреттілікті зерттеудің үшінші 
сатысы білім беруге қатысты, ол өткен ғасырдың 90-жылдары 
басталды жəне А.К. Маркованың еңбектерінің пайда болуымен 
байланысты (1993, 1996), аталған еңбектерде еңбек психологиясы-
ның жалпы контексінде кəсіби құзыреттілік жан-жақты жəне арнайы 
қарастырудың пəні болды. Осы кезеңдегі еңбектерде, құзыреттілік 
ұғымы алуан түрлі түсіндіріледі: кəсібиліктің синонимі жəне оның 
бір құрамдасы ретінде. 
Құзыреттілік тұғыр – бұл нақты өнімді алумен қайта құрушы 
іс-əрекеттің тəсілдерін, тəжірибенің бейімделген мүмкіндіктерін, 
біліктерін, хабардар болудың кешенді жүйесін дамытуға бағ-
дарланған, білім беру үдерісінің логикасын анықтайтын жалпы 
қағидалардың жиынтығын О.Е. Лебедев құзыреттілік тұғырға 
қатысты атап көрсетеді: 
– білім берудің мəні білімгерлердің əлеуметтік тəжірибені 
қолдану негізінде, іс-əрекеттің түрлерінде, алуан түрлі салаларда 
мəселелерді өз бетімен шешу қабілетін дамытудан құралады, оның 
элементі ретінде білімгерлердің өзіндік тəжірибесі алынады; 
– білім берудің мазмұны танымдық, дүниетанымдық, адам-
гершілік, саяси жəне басқа мəселелерді шешудің дидактикалық 
бейімделген əлеуметтік тəжірибесі болып табылады;
– білім беру үдерісін ұйымдастыру, білімгерлердің білім мазмұ-
нын құрайтын танымдық, коммуникативті, ұйымдастырушылық
адамгершілік жəне басқа мəселелерді өз бетімен шешудің тəжірибе-
сін қалыптастырудың жағдайларын құрудан құралады; 
– білім беру нəтижесі, білімгерлердің оқытудың белгілі сатысын-
да қол жеткізген білімділіктің деңгейлерін талдауға негізделеді. 
Атап өтетін бір жайт, білім берудегі құзыреттілік тұғырдың мəнін 
сипаттайтын ұғымдық аппараттың біржақты анықтамасы болмайды. 
Қазіргі кезде психологиялық-педагогикалық əдебиеттерде «құзы-
реттілік» жəне «құзырлылық» ұғымдарының анықтамасына қатыс-
ты алуан түрлі тұғырлар анықталған. 
С.Е. Шишов жəне И.Г. Агапов құзырлылық деп оқу-танымдық 
үдеріске тұлғаның өз бетімен қатысуына бағдарланған, оны еңбек 
іс-əрекетіне жетістікпен ендіруге бағытталған, оқыту нəтижесінде 
меңгерілген білім мен тəжірибеге негізделген, тұлғаның іс-əрекетке 
деген жалпы қабілеттілігі мен даярлығы ретінде түсіндіреді. 
Д.Б. Эльконин құзыреттілікті индивидті іс-əрекетке ендіру 
сəтінде алынған біліктілік сипаттамасы ретінде анықтайды. 
Б.И. Хасан құзырлылықты – мақсаттар (адамның алдына қой-
ған), ал құзыреттілікті – нəтижелер ретінде анықтайды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет