5
Кіріспе
ДДС ұйымы дүние жүзіндегі денсаулықты бағалау баяндамасында жаңа
туылған нәрестелердің 23% босану кезіндегі асфиксиядан
неонаталды өлімге
ұшырайтыны көрсетілді.Сонымен қатар жыл сайын 1 миллион тірі қалған
нәрестелердің асфиксия нәтижесінде церебралды салдану,ақыл мен ойлау қа-
білетінің артта қалуы және де т.б мүгедектік белгілердің даму қаупі жоғары.
Гипоксиялық-ишемиялық энцефалопатия
перинаталды асфиксияның сал-
дары болып табылады.Берілген әдістемелік ұсынымда нәрестелердегі гипокси-
ялық-ишемиялық энцефалопатияны емдеу мен диагностикалау жайлы маңыз-
ды тұжырымдар жинақталған.
Өткен ғасырдың 70 жылдарынан бастап ғалымдар ерте жастағы балалардың
перинаталды гипоксия/ишемия диагностикасын және оның жүйке-психикалық
даму байланысын қарастырды. 90 жылдардан бастап мидың зақымдану патоге-
незін және емдеу әдістерін зерттеді. Қазіргі кезде даулы мәселе энцефалопа-
тияға қарасты гипотермияны қауіпті гипоксия/ишемия емінде қолдану. Соңғы
15 жылда емдік тәсілдер ойлап табылды,оның мақсаты гипоксия/ишемия сал-
дарынан болатын мидың зақымдануының каскадтық жағдайлардың бір немесе
бірнеше компоненттерін бұғаттау.
Достарыңызбен бөлісу: