болып табылады: саяси партия, одақ және бірлестіктердің белсенді
қызметтері. Партия (pars, лат. – бөлік) – адамдардың еркін бірлестігі, яғни
белгілі бір экономикалық, діни, саяси, ұлттық және қоғамның
идеологиялық қызығушылықтарын, билікке деген ұмтылысын, билік
құрылымын басқаруға деген талабын көрсету. Партия сол белсенділік
танытқан әлеуметтік қауымның қызығушылығын жеткізуші ұйым. Партияда
болуға тиіс: бағдарламасы, идеологиясы, ұйымдары, мүмкін жастардың
болуыда. Партиядан басқа, адамдардың бір идеяға бірігіп белгілі бір
мақсатты көздеген саяси қозғалысы да өмір сүреді. Партиядан
айырмашылығы, олардың анық мүшелерінің болмауы, адамдар құрамы еркін
кездейсоқ. Қозғалысқа адамдар жеке мүдеден емес, жалпылама қоғамға
қажеттілік туудан шығады. Мысалы, бейбітшілікке, ядролық қарудан бас
тартуға, қоршаған ортаны сақтауға және т.б. Көпке танымал халықаралық
экологиялық ұйым Green Peace. Қазахстанда орын алған «Невада-Семей».
4. Саясат әлеуметтануының маңызды ұғымдарына «саяси қызмет», «саяси
қатынас», «саяси қызығушылық» және т.б. жатады. Саяси қызмет -
өзгертуге немесе бекітуге бағытталған нақты саяси әрекеттер:
- саяси институттардың өмір сүруі;
- азаматтар құқығы мен еркіндігі;
- тұтастай мемлекеттік құрылым;
Саяси әрекеттер осы қоғамдағы басқа субъектіге негізделеді.
- сол бағытта мақсатты қарсы әрекетті тудыру;
- үшінші субъектінің жат әрекетін мақсатты бейтарап ету.
Саяси өзара әрекеттер: кез келген субъектінің саяси әрекеті әрқашан
басқа субъектіге есептеліп бағытталады. Саяси қатынас саяси субъектінің
қызметінен көрінеді. Саяси қатынастар саналы түрде орын алады, бірақ:
- саяси қызығушылықтардың өзі объективті әлеуметтік ортаның
жағдайымен, яғни субъектінің санасы мен еркінен тәуелсіз орын алады;
- орын алып отырған саяси қатынас саяси шындықтын объективті бір
сәті ретінде орын алады.
Саяси қызметтің әлеуметтік формалары – билікке деген күрес нәтижесінен
туындаған әлеуметтік топтар, ұлттық қауымдастықтар арасындағы саяси
қатынас.
Қоғамдық өмірдің салаларына байланысты саяси қатынас былайша
бөлінеді:
- эконмикалық саясат;
- әлеуметтік саясат;
- мемлекет саясаты;
Достарыңызбен бөлісу: |