Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министірлігі


№2 Дәріс: Әлеуметтік институттар және әлеуметтік үдерістер



Pdf көрінісі
бет7/37
Дата10.11.2023
өлшемі0.69 Mb.
#482870
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   37
Аралбай С.М.Әлеуметтану

№2 Дәріс: Әлеуметтік институттар және әлеуметтік үдерістер. 
 
Жоспары: 
1.Әлеуметтік институттар әлеуметтік өмірдің маңызды элементі ретінде. 
2.Әлеуметтік институттардың қызметтері мен белгілері. 
3.Әлеуметтік институттардың типологиясы. 
1. «Институт» ұғымы - әлеуметтанудың бірден бір өзегі, сондықтанда 
әлеуметтанушылардың 
алдында 
тұрған 
міңдет 
институционалдық 
байланыстардың қызметін зерттеу.
«Әлеуметтік институт» термині әртүрлі кең мағынады қолданылады. Ен 
бірінші болып әлеуметтік институтқа анықтама берген американ социологы 
және экономисті Т. Веблен. Оның қарастыруынша қоғам эволюциясы 
әлеуметтік институттардың табиғи сұрыпталуына алып келеді. Өзінің 
табиғаты бойынша олар сыртқы өзгерістерге икемделген жоғарғы қабілеттегі 
бейнеде болады.
Келесі американ әлеуметтанушысы, Ч. Миллс, институттын негізінде 
кейбір әлеуметтік ролдердің жиынтығының формаларын түсіндірді. 
Институттдарды ол яғни институционалдық тәртіпті қалыптастырудағы 
атқатартын міңдеттеріне байланысты класстарға жіктеді. 
Неміс социологы А.Гелен институтты ретке келтіруші кәсіпорын ретінде 
қарастырды, адамдар жануар тәрізді әрекетіне сай белгілі бір салаларға
бағытталады да, ал институт жануарлардың тәртібін бақылап отыратыны 
тәрізді.
Больвенің пікірінше, әлеуметтік институт – нақты әлеуметтік 
қажеттіліктер немесе мақсаттарын қанағаттандыруға бағытталған, мәдени 
элементтердің жиынтығы.
Дж. Бернард және Л.Томпсон институтты ережелер мен үлгілердің 
жиынтығы ретінде қарастырады. Салт-дәстүр, әдет-ғұрып, сенім, заңдардың 
ерекше 
мақсат 
пен 
ерекше 
функцияларды 
атқаратын 
күрделі 
конфигурациясы.


16 
Отандық әлеуметтану әдебиеттерінде әлеуметтік институт көптеген 
индивидуалды 
адамдардың 
әрекеттерін 
координациялап 
және 
интеграциялайтын, қоғам өмірінің арнайы салаларына әлеуметтік 
қатынастарды тағайындап отыратын, қоғамның әлеуметтік құрылымының 
негізгі компоненті ретінде анықталады. 
Егер жоғарыда айтылған әртүрлі ойларды жинақтап бір қорытынды 
шығарар болсақ, әлеуметтік институт: 
- ережелер мен статустарды қамтитын ролдік жүйе; 
- салт-дәстүр, әдет-ғұрып және тәртіп ережелерінің жиынтығы; 
- формалды немесе формалды емес ұйымдар; 
- қоғамдық қатынастардың ерекше салаларын реттеп отыратын 
кәсіпорындар мен ережелердің жиынтығы; 
- әлеуметтік әрекеттердің күрделенген кешені. 
Әлеуметтік институттар-жеке адамдар мен топтардың әрекет ету 
тәсілдерінің жүйесін, әлеуметтік бақылау құралдары мен топтардың 
әрекетін, қоғам мүшелерінің әлеуметтік өмірін реттеп, қамтамасыз ететін 
жүйесін білдіреді. Мазмұны жағынан әлеуметтік институттар-бұл жеке 
адамдардың белгілі бір жағдайларға тікелей бағытталған тәртіптік 
стандарттар жиынтығы. Әлеуметтік институттар арқылы қоғамның белгілі 
бір мүшелері өзінің қажеттіліктерін іске асырады. Әлеуметтік институттарды 
шешілетін жаттығуларына байланысты бөледі. Әлеуметтік институттарға 
өндіріс және міндеттерді бөлумен айналысатын мекемелер жатады. Саяси 
институттар-билікке күресумен оны іске асырумен, бөлумен айналысатын 
мекемелер. Әлеуметтік институттардың дамуы келесі басты варианттарда 
білінеді. Бірінші, жаңа әлеуметтік институттардың пайда болуы. Бүгін, 
бұрынғы СССР халықтарында мынадай маңызды институттар пайда болады: 
әскер, қаржы, дипломатия. Көптеген халықтар әлеуметтік институттар 
арқылы жоғарғы білім алатыны күмәнсіз. Екіншіден, құралған әлеуметтік 
институттарды жаңарту.
а)құралған 
әлеуметтік 
институттарда 
көбінесе 
дамуы 
ішкі 
дифференцияция арқылы өтеді, байланыс функцияларын мамандандыру
мекемелерді. Ескі институттарды дифференциациялау арқылы жаңа 
институттар тууының біз куәгері болып келеміз. Осының арқасында жалпы 
соттық жүйеден жеке институт болып Конституциялық сот дамыды. Осымен 
қатар нашақорлықпен күресу жеке институты пайда болды. 
б)Институализденген әлеуметтік байланыстарды қайта регуляциялау 
басты мақсат болып келеді. Осындай жағдайда осы байланыстың басты 
қатысушылары институттарды сақтап қалуға тырысады, және оны түбегейлі 
өзгерту. Әлеуметтік институттарды қайта ретте – бұл күштердің кері 
күресуімен жүретін, драмалық қиын процесс. Әлеуметтік институттар – бұл 
нақты тәсілмен ұйымдастырылған тірі адамдардың тәжірбиелік қарым-
қатынасы. 
2. Мазмұны жағынан әлеуметтік институттар – бұл жеке адамдардың 
белгілі бір жағдайларға тікелей бағытталған тәртіптік стандарттар 


17 
жиынтығы. Әлеуметтік институттар арқылы қоғамның белгілі бір мүшелері 
өзінің қажеттіліктерін іске асырады. Әлеуметтік институттарды шешілетін 
жаттығуларына байланысты бөледі. Әлеуметтік институттарға өндіріс және 
міндеттерді бөлумен айналысатын мекемелер жатады. Әрбір әлеуметтік 
институттардың өз ерекшелігіне байланысты атқаратын қызметтері бар. 
Сонымен қатар оларды біріктіріп тұратын барлығына тән ортақ белгілері бар, 
яғни институционалдық белгілері - деп аталады.
1.Қондырғылар мен тәртіп үлгілері (құштарлық, ниеттестік, 
жауапкершілік, сыйластық). 
2.Символикалық мәдени белгілері (неке сақинасы, неке дәстүрі). 
3.Утилитарлық мәдени белгілері (үй немесе пәтер, жиһаз, тұрмыстық 
техникалар).
4.Ауызша және жазбаша кодекс (отбасылық тиымдар, рұқсат етулер).
5.Идеология ( романтикалық махаббат, үйлесімділік, индивидуализм). 
Сонымен институт – бұл идеология, ережелер мен нормалардың 
негізінде өңделіп шыққан, яғни өрістеп отыратын әлеуметтік бақылаудың 
қадағалауындағы әлеуметтік қатынастардың ерекше формасы 
Функция (лат. – орындау, жүзеге асыру) – ерекше әлеуметтік институт 
немесе үдірістің жалпыға қатысты орындалуындағы бағыты немесе ролі 
(мысалы, мемлекет, отбасы және т.б. қоғамдағы функциясы). Әлеуметтік 
институттың қызметі – яғни шешілген міңдеттердің жиынтығы, қол жететін 
мақсаттар, көрсетілетін қызметтер тәрізді қоғамдағы пайдалы әрекеттер. 
Әлеуметтік институттың бірінші және маңызды міңдеті қоғамның онсыз өмір 
сүре алмайтын маңызды өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыру. Расында, 
егер біз институттардың функцияларының мәнің түсінгіміз келсе, 
қажеттіліктерімізі қанағаттандырумен тікелей байланыстыруымыз керек. Бұл 
байланысты бірінші болып көрсеткен Э. Дюркгейм: «еңбек бөлінісінің 
функциясы қаншалықты екенін сұрасақ, ол қандай қажеттілкпен сәйкестікте 
екендігі тек зерттеуді ғана талап етеді». Жаңа ұрпақпен толықтырылып, 
тіршілік құралдарын игеріп, бейбітшілік пен тәртіпте өмір сүріп, жаңа 
білімдерді игеріп және оларды ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып, рухани 
мәселелерді шешіп отырмаса ешбір қоғам өзінің өмір сүруін жалғастыра 
алмайды. Барлық институттың қызметтеріне тән регулятивтік, интегративік, 
трансляциялық, коммуникативтік әмбебап қызметтерін атап көрсетуге 
болады.Осы әмбебаптылығымен қатар өзіне тән ерекше қызметтеріде орын 
алады. Бұл функциялар бір ғана институтқа тән, мысалы, қоғамда тәртіп 
орнату (мемлекет), жаңалық ашып жаңа білімді беру (ғылым және білім 
беру) және т.б. 
Қоғамның құрылымы институттар қатарының бір уақытта бірнеше 
функияны орындай алуына және бір функцияны орындауға бірнеше 
институттың бағыт алуына мүмкіндік береді. Мысалыға, балаларды 
әлеуметтендіру немесе тәрбие беру функциясын мынадай, отбасы, дін 
орындары, мектеп, мемлекет тәрізді институттар атқара алады. Сонымен 
қатар отбасы институты балаға тек қана әлеуметтену мен тәрбие беруді 


18 
орындап қоймай, репродуктивтік, бір бірінің сезімін қанағаттандыру 
мәселесінде атқарады. 
Мемлекет өзінің қалыптасуы барысында қысқа шенбердегі міңдеттерді 
ғана шеше алды, ең алдымен ішкі және сыртқы қауіпсіздікті қанағаттандыру. 
Бірақта қоғамның шектен тыс күрделенуі мемлекеттің күрделенуіне алып 
келді. Бүгінгі танда мемлекет тек сыртқы жауынан қорғанып, 
қылмскерлермен күресіп қана қоймайды, сонымен қатар экономиканы 
реттеу, салық жинау, әлеуметтік мәселелерді шешу, денсаулық, ғылым,
мектеп және т.б. қамтамасыз ету мәселелерімен де айналысады.
Дін ошақтарының қалыптасуы маңызды дүниеге көзқарас пен жоғарғы 
ізгіліктерді тағайындау болса, қазіргі уақытта олар білім беру, эконмикалық 
қызметтермен (медресселік шаруашылық) айналысып отыр. Егер институт 
қоғамға пайдасынан гөрі зияның көп тигізетін болса ондай әрекетті 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет