19
құрдасынан бір саты жоғары тұрғандығын көрсетеді. Анық, яғни толық
көрсетілген жоғарғы білім институтының функцияларына жастарды әртүрлі
арнайы ролдер мен қоғамдағы орын алып отырған мораль және идеология
тәрізді құндылықтарды игеруге дайындауды жатқызсақ, ал жоғары білімді
игерушілер мен игере алмағандар арасындағы әлеуметтік теңсіздікті айқын
емеске жатқызуға болады.
3. Институттардың пайда болуы ежелгі дәуірден бастау алады. Ең ежелгі
болып отбасы институты орын алады (500 мың ж.б.).
Дін өзінің алғашқы
пайда болып (фетишизм, тотемизм) дамуы барысын шамамен 30-40 мың
жылға созады. Мемлекеттің пайда болуы 5-6 мың жылды көрсетеді.
Әлеуметтік институттар басты (негізгі, фундаменталды) және басты
емес (негізгі емес, жеке) болып екіге бөлінеді. Екіншісі біріншісінің
шенберінде орын ала отырып, ұсақ білім беру тәрізді олардың бір бөлігі
ретінде орын алады. Басты және басты емес болып бөлумен қатар, оларды
басқада критерилерімен класстарға жіктеуге де болады. Мысалыға,
институттар өзінің пайда болу кезеңімен және өмір сүру
ұзақтығымен де
ерекшеленеді (әрдайым әрекет етуші және қысқа уақыттағы институттар).
Сонымен қатар ережелерді бұзған жағдайда қолданатын санкциялардың
қатандығына,
өмір
сүру
жағдайына
байланысты,
басқарудағы
бюрократиялық жүйенің орын алуы немес орын алмауы, формалды ережелер
мен рәсімдердін орын алуы немесе орын алмауы т.б. байланысты.
Ч.Миллс қазіргі қоғамда бес институционалдық тәртіпке реттеп, басты
институттардын ретін көрсетті:
- эконмикалық - шаруашылық қызметті ұйымдастырушы институттары;
- саяси – билік институттары;
- отбасы – жыныстық қатынасты,бала тууды және балалардың
әлеуметтенуін реттеуші институттар;
- әскери – физикалық қауіпсіздіктерден қоғам мүшелерін қорғауды
жүзеге асырушы институттар;
- діни – құдайды ұжым болып құрметтеуді ұйымдастырушы
институттар.
Әлеуметтік институттардың ұсынылуы қоғамның маңызды өмірлік
қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып тұтастықта ұстауында. Осындай бес
қажеттіліктер орын алып, оларға бес негізгі әлеуметтік институттар сәйкес
келеді.
- ұрпақ жалғастыру қажеттілігі (отбасы және неке институты).
- әлеуметтік тәртіп пен қауіпсіздік қажеттілігі (мемлекет және басқада
саяси институттар институты).
- тіршілік етуге өндіріс құралдары табу қажеттілігі (экономикалық
институт).
- өсіп келе жатырған ұрпақты әлеуметтендіру, кадрлар дайындау,
білімді беру қажеттілігі (білім беру институты).
- өмірдің маңызы, рухани мәселерді шешу қажеттілігі (дін
институты).
20
Негізгі емес институттарды қоғамдық тәжрибелер деп те атайды.
Кез-келген басты
институттардың тәжрибелер, методтар, әдістер,
рәсімдердің арқасында өзінің жүйесі қалыптасады. Осылайша экономикалық
институттар осындай механизмдер мен тәжірибелерсіз жүзеге асырылмайды,
яғни валюта айырбастау, жеке меншікті қорғау, кәсіпқойларды іріктеп алу,
жұмысшылардың еңбегін тағайындау және бағалау, маркетинг, нарық және
т.б. Отбасы және неке институттарының ішіне әке және ана, рушылдық кек
алу, бабаларынан қалған әлеуметтік статусты иемдену және т.б. институттар
кіреді.
Басты емес
саяси институттарға тиесілер, мысалы, сот сараптамлары,
төлқұжат
тіркелімі,
кеме
өнеркәсіптері,
адвокаттар,
қылмысқа
тартылушылар, қамауға алынған сот бақылауындағылар, сот билігі,
президенттер және т.б. институттар. Үлкен топ адамдарының келісілген
әрекетін ұйымдастыруға көмектесетін күнделікті тәжірибелер әлеуметтік
шындықты болжауға және анықтауға мүмкіндік беріп, солардың арқасында
әлеуметтік институттардың өмір сүруі өз жалғасын табады. Біз ескінің орның
басатын жаңа институттардың пайда болуының куәсі болып отырмыз. Біздің
көз алдымызда жалпы соттық жүйеден Ата Заң сотының өз алдына институт
ретінде бөлініп шыққандығы. Денсаулық сақтау институтының шеңберіндегі
наркология өз алдына институт ретінде қалыптасуға мүмкіндік алды. Проф.
К.Ғабдуллинның
пікірінше, осындай саралану мен арнайылану қоғам
дамуының эволюциялық, оның әлеуметтік институттарының бірден бір
маңызды белгісі болып табылады. Эволюциялық дамудағы эффект біршама
нақты, кәсіпқой орындаушылардың қызметтерінің жемісінен көрінеді. Жаңа
әлеуметтік институттардың пайда болуы оларға деген байланысты біршама
тәуелсіз,
тұрақты
және
басқалардың
байланысымен
теңдікте
жасайды.Тергеуші өзің прокурор мен ішкі істер органдарынан тәуелсіз
болуға ұмтылса, наркология - жалпы денсаулық сақтаудан және т.б. өзінің
толық ерекше екендігін көрсетеді. Нәтижесінде
тәуелсіз әлеуметтік
институттын пайда болуына алып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: