Облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасы Әдістеме – библиография бөлімі Ерлік толы даламыз, батыр біздің


Аманкелді Имановтың өмірі мен қызметінің қысқаша хроникасы



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата10.11.2023
өлшемі0.62 Mb.
#482878
1   2   3   4   5   6   7
 
Аманкелді Имановтың өмірі мен қызметінің қысқаша хроникасы 
 
Аманкелді 1873 жылы 3 апрельде Торғай уезі Қайдауыл болысының № 3 
ауылында туды. 
1881 – 1884 жылдары Аманкелді ауыл молдасынан оқып, сауат ашты. 
1887 жылдан бастап аманкелді байларға батырақ болып жалданды. 
1908 жылы қазақтардың үкімет қарауыл командасы солдаттарымен 
қарулы соқтығысын басқарып, Аманкелді бұл үшін түрмеге қамалды. 
1909 жылы Атбасарда Аманкелді Әділбек Майкөтовпен танысты. 
1912 жылы Атбасарда Аманкелді Әділбек Майкөтовпен екінші
рет кездесті. 
1912 жылдың соңы мен 2013 жылдың бірінші жартысында Аманкелді 


19 
Ә. Жанкелдинмен бірге Торғай облысының ауылдарын аралады. 
1914 жылдың февралінде түрмеге қамалған шаруалардың ісі бойынша 
Петербургке барды. 
1916 жылдың бірінші жартысында Аманкелді саяси көзқарасы үшін 
Байқоңырдың жер қазу жұмысына жер аударылған, 1905 – 1907 жылдардағы 
революцияға қатысқан И. Деевпен танысып кездесіп жүреді. 
Июль 
айының ортасында Аманкелді Иманов Торғай уезінде 
көтерілісшілердің алғашқы отрядын ұйымдастырды. 
Июль айының соңында А. Иманов Досан қопасында Торғай болысы 
көтерілісшілер отрядтары басшыларының жиынын өткізді. 
Август айының басында Торғай уезінің Сұрша тоғайына жиналған 
көтерілісшілер Аманкелді Имановты өздерінің бас қолбасшысы (сардар) етіп 
сайлады. 
Август айының соңында, сентябрь айының бірінші жартысында 
Имановтың партизандық отряды жазалаушылармен бірқатар сәтті ұрыстар 
жүргізді. 
17 
сентябрьге қарай Аманкелді Иманов бастаған жергілікті 
көтерілісшілермен қатар Ақмола облысының Петропавл және Атбасар 
уездерінің, Сырдария болысының Перовск уезінің және Торғай болысының 
Қостанай уезінің партизандық отряды Торғай уезіне шоғырландырылды. 
Олар Ырғыз, Торғай жолы бойындағы почта станциясын басып алды және 
телеграф сымдарын үзді. 
23 октябрьде көтерілісшілер Аманкелді Имановтың басшылығымен 
Торғайды қоршай бастады. 
Ноябрь айының бірінші жартысында Торғай болысындағы көтеріліс 
жалпы халықтық сипат алды. Аманкелді Иманов жауынгерлерінің жалпы 
саны 50 мың адамнан асты. 

ноябрьде Торғайды қоршауға алған көтерілісшілер отряды 
басшыларының кеңесінде қалаға шабуыл жасау жөніндегі Аманкелді 
Имановтың ұсынысы қабылданды. 
6 ноябрьде Аманкелді Имановтың басшылығымен көтерілісшілер 
шабуылға шықты, олар қаланың бір бөлігін басып алды, бірақ артиллерия 
мен пулеметтен атқылаудан кейін кері шегінді. 
Ноябрь айының соңында көтерілісшілердің көпшілік бөлігі Торғайдан 
120 -150 шақырым жердегі Батпаққара селосына бекінді. Осы жерде 
көтерілісшілер қарулы күштерінің штабы құрылды 
3 ноябрьде Торғай өзенінің бойында Аманкелді Иманов бастаған отряд 
пен жазалаушылар арасында ұрыс болды. Көтерілісшілер аса ерлікпен 
соғысты. Жау шегінді. 
1917 жылы 12 январьға қараған түн Торғай – Шолақсай жолы түгелдей 
көтерілісшілердің қол астына көшті. 
18-20 феврвльда Торғай уезінің Құмкешу ауылына жақын жерде 
көтерілісшілер мен жазалаушылар отряды арасында айқас болды. 


20 
Көтерілісші жолдастарына өз сарбаздарымен Аманкелді Иманов көмекке 
келді. 
21-24 февральда Аманкелді Имановтың көтерілісшілер отряды ерлікпен 
қарсылық көрсеткеннен кейін күш жинап, күресті онан әрі жалғастыру үшін 
Батпаққараны тастап шығып, құм арасына кетті. 
Февраль айының соңында Аманкелді Имановтың сарбаздары Батпаққараға 
қайта оралды. Көтерілісшілер отряды Торғай уезінің Қарақоға, Сарықопа, 
Бірінші Наурызым болыстарына келе бастады. 
1917 жылдың март айында Торғай даласында соғыс жағдайы әлі сақталып 
қалған еді. Жазалаушылар отряды көтеріліске қатысушылардың ізіне 
түсумен болды. 
1917 жылдың июль айында Уақытша үкімет органдарының рұқсатымен 
алашордашылар ұйымдастырған байлар соты болды. Сот Аманкелді 
Имановты Сібірге он жылға жер аударуға үкім шығарды. Ұлы Октябрь 
социалистік революциясы туралы хабардың жетуіне байланысты үкім 
орындалмай қалды.
1917 жылдың жазы мен күзінде А. Иманов және большевиктік 
көзқарастағы Н. Токарев, Қ. Қайдосов, Х. Токин Торғай кедейлерінің 
арасында үгіт жүргізді, олар өз үгіттерінде буржуазиялық Уақытша үкіметтің 
отаршылдық саясатын әшкереледі. 
1917 жылдың соңы мен 1918 жылдың басында Торғай уезінде Совет 
үкіметі орнады. Совет өкіметінің әскери тірегі А. Имановтың отряды болды. 
1918 жылдың 21 марты мен 3 апрелі аралығында А. Иманов Торғай уезі 
еңбекшілерінің атынан Орынборда өткен жұмысшы, солдат, шаруа және 
қазақ депутаттары Советтерінің Торғай облыстық бірінші съезіне қатысты. 
26 мартта А. Иманов съездің шаруашылық істері жөніндегі 
комиссиясына мүшелікке сайланды. 
4 апрельде А. Иманов Советтердің Торғай облыстық съезі делегаттары 
топтарымен бірге дутовшылардың Орынборға жасаған шабуылына тойтарыс 
беруге қатысты. 
1918 жылдың апрель – май айларында А. Иманов съезд шешімін 
түсіндірді. Торғай даласында ауылдық және болыстық Советтерді құруға 
және нығайтуға, жер туралы лениндік Декретті жүзеге асыруға қатысты. 
Май айында Торғайда контрреволюциялық төңкеріс болды. 
Июнь айынан декабрь айына дейінгі аралықта А. Иманов ақ 
гвардияшылардың тылында Дутовтың контрреволюцияшыл бандылары мен 
алашордашыларға қарсы партизандық қозғалысты ұйымдастырды. 
Декабрь айының ортасында Ә. Жанкелдин, А. Иманов және И. Киселев 
бастаған отряд Торғай қаласын ақ гвардияшылар мен алашордашылардан 
азат етті. А. Иманов Торғай уезінің әскери комиссары болып тағайындалды. 
Декабрьдің екінші жартысында Торғайда большевиктік партия ұйымы 
құрылды. Аманкелді Иманов РКП (б) мүшелігіне өтті. 


21 
1919 жылғы 8 январьда А. ИмановДалалық Қырғыз (Қазақ, - ред.) өлкесі 
Төтенше комиссары мен Торғай облыстық әскери комиссарынанҚызыл 
Армия бөлімдерін ұйымдастыру үшін қолхатпен 10 мың сом ақша алды. 
Январь-март айларында Ә. Жанкелдин, А. Иманов жастардан Қызыл 
Армия бөлімдерін құрды, уездік әскери комиссариатын, оның жанынан взвод 
және бөлім командирлерін даярлайтын мектеп, оқк командасын және 
пулеметшілер курсын ұйымдастырды. 
9 апрельде А. Иманов Қостанайдан қашып келгендерді Қызыл Армия 
отрядтарына алудың мүмкіндігі туралы губерниялық әскери комиссары 
Н. Токаревке телеграмма жіберді. 
1919 
жылдың 18 апрелінде Аманкелді губерниялық әскери 
комиссариатынан 
өз 
отрядыңмен 
Ақтөбе 
майданындағы 
совет 
жауынгерлеріне қосыл деген бұйрық алды. 19 апрельде А. Иманов барлық 
мекемелердің және гарнизонның Торғайдан Шалқарға көшуіне бұйрық берді. 
1919 жылдың 20 апрелінде Торғайға Таранның отряды келді. А. Иманов 
Л. Таранмен және К. Иноземцев және көптеген Қызыл Армия жауынгері 
тұтқындалды. 
1919 жылдың 18 майында Аманкелді Иманов алашордашылардың 
қолынан қаза тапты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет