65
Өзіңе қатысты қиянат жасамау – бұл өз сезім мүшелеріне
қиянат жасамау:
Өтірік айту, дөрекі сөйлеу – тілге қиянат;
Жаман сөз есту – құлаққа қиянат;
Барлығынан жамандық көру –
көзге қиянат;
Жаман иіс иіскеу – мұрынға қиянат;
Жаман әрекет жасау – тәнге қиянат ;
Жағымсыз ойлар – бүкіл әлемге қиянат
Қиянат жасаудың себептері:
- Сүйіспеншіліктің жетіспеуі;
- Рухани-адамгершілік білімнің жетіспеуі;
- Өзгеріске қарсылық ретіндегі қиянат;
- Әлем туралы өзіндік түсінігіне сәйкес әлемді
өзгерту ниетінен туындаған
қиянат.
Өзін-өзі тану пәнін оқыту үдерісінде қинат жасамау
Егер оқушыда өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысы болмаса, онда , түрлі
өсімдіктердің гүл жаруының өз мезгілі болатыны сияқты әрбір адамның өзінің
шынайы табиғатын түсініп, мойындауы үшін өз уақытының болатынын міндетті
түрде ескеру керек. Мұндай кезде жағдайды жылдамдату емес, ұстаздың ролін
өмірдің өзіне жүктеу әлде қайда тиімдірек болады.
Өзін-өзі танудың өзін
сынақтан өткізу жолы арқылы біз бірегей, ерекше тәжірибе жинақтаймыз.
М.Мамардашвили «кейде қиыншылық жолынан өту де қажет» деген,
себебі адам басынан кешпей ештеңенің қадірін білмеуі де мүмкін ғой.
Қиянат жасамау шексіз сүйіспеншілікті білдіреді, өз кезегінде шексіз
жанашырлықты
білдіреді.
Мен өзімді құрбан ететін көп нәрселер бар, бір-ақ мен құрбандыққа
шалатындай ешнәрсе жоқ.
Мен өмірдің апаттар қоршауында өтетінін түсіндім, тиісінше қирау
заңдылығыннан да жоғары заң болуы қажет. Тек
осындай заң болғанда ғана
қоғам дұрыс және орынды құрылады, сондықтан да өмір сүруге тұрады. Егер ол
– өмір заңы болса, біз күнделікті өмірде осы заңды ұстануымыз қажет. Қандай
ұрыс-керіс, қарсылық жанжал болмасын, қандай қарсылас кездессе де, оны
сүйіспеншілікпен жеңіңдер...
Риясыз
сүйіспеншілік
қайтарымына
не
аларын
ойланбастан-ақ,
басқалардың керегін бере алады.
Қиянат жасамау - күштілердің қаруы.
Қиянат жасамау – тек рухы күшті адамдардың қолынан келеді.
М.Ганди
Достарыңызбен бөлісу: