83
Өзегімді өртеп барады. Ақыры өзіңе айтуға бел будым. Ендеше, тыңда, жаным,
балам. Сен ол кезде нәресте едің. Әкең марқұм сені қатты жақсы көруші еді.
Екеуміз күн демей, түн демей өзіңе қарайтынбыз. Сені әрқашан еркелетуші еді
ол. Қайда барса да өзімен бірге алып жүретін. Бір күні
сені қалаға қыдыртып
қайтайық деп жолға шықтық. Ажал адамның жанын бірде ерте, бірде кеш алады
екен. Жол апаты әкеңнің жанын жалмады. Тағдыр екен. Мен жесір қалдым. Сені
сол кезде өмірімнің соңына дейін аялап өтем деп ант-су іштім. Жол апатынан
мен де жеңіл жарақат алдым. Алайда, сенің оң жақ жанарыңа қатты зақым
келіпті. Дәрігерлер көзіңді көрді. Қандай
шешім айтар екен деп қатты
үрейлендім. «Балаңыз басынан қатты жарақат алыпты. Оң жақ көзі көрмейді.
Тезірек сау көз табыңыз. Орнына соны саламыз», – деді сол кезде дәрігерлер.
Менің есім шығып, ет жүрегім дүрсілдеп кетті. Өзімді қоярға жер таппадым.
«Балам бақытты өмір сүрсін, көзі соқыр боп қалмасын, менің сау көзімді алып,
салып беріңіздерші»,–деп дәрігерлерге жалындым.Міне, балам,содан бері
соқырмын. Содан бері таңым–қайғы, кешім– мұң. Өзіңді осы жалғыз көзбен көп
ұялтсам, кешір мені, ботам. Кешіргін».
- Хатты оқыған жігіттің жүрегі алқымына келді.
Көкірегін ащы өксік,
өкініш биледі. Іші удай ашыды. Қолындағы ақ парақ жасқа шыланыпты. Сол сәт
Нұрбол бірі анасының, бірі өзінің көзімен жылап тұрған еді… Бұл–ертегі емес.
Өмірде мұндай оқиғалар көп. Болған жайттан алар сабақтар, ғибраттар бар.
Себебін білмей қате қадам басатынымызды кейде байқамай қаламыз. Ата-
анамыздың көңілін тірі кезінде таппасақ, қайтқан соң қайғырудан не қайыр?!
Достарыңызбен бөлісу: