Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ» акционерлік қОҒамының филиалы атырау облысы бойынша педагогикалық


Әдістемелік тәсілдерді өткізудің тәртібі



Pdf көрінісі
бет68/70
Дата11.11.2023
өлшемі0.65 Mb.
#483011
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70
«Өзін-өзі-тану»-пәні-бойынша-көмекші

Әдістемелік тәсілдерді өткізудің тәртібі 
 Жағымды көңіл күйге келу сабақтың басында және соңында өткізіледі, 
кейде сыныпта тәртіп бұзылған жағдайда сабақтың ортасында да өткізуге 
болады.
 Шығармашылық және топтық іс-әрекеттерді мұғалімнің оқиғаны айтып 
беруінен соң өткізген дұрыс. Егер оны өткізуге үлгермеген жағдайда келесі 
сабақта өткізуге болады. 
 Оқушылардың білімдерін бағалау 
 Өзін-өзі тану” пәні бойынша оқушылардың білім сапасын бағалау “Өзін-
өзі тану” рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша әзірленген 
“Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар” негізінде жүргізіледі.
 Рухани-адамгершілік білім берудің ерекшеліктеріне сәйкес сандық емес, 
сапалық бағалау маңызды, сондықтан бағалау әрбір жартыжылдықтың 
қорытындысы бойынша “сынақ” түрінде қойылады.
 “Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар” пән бойынша 
сынақ қою критерийі қызметін атқарады. 
 Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптардың барлығын 
орындаған оқушыға “сынақ” қойылады. 
 
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 
 Оқушылар: 
 бағларламада анықталған көлемде жалпыадамзаттық құндылықтар туралы 
қарапайым түсініктерінің болуы; Қазақстанның және басқа халықтардың рухани 
мұралары туралы білімінің болуы; 
 мұғалім белгілеген дәйексөздерді, өлеңдерді жатқа білуі; 
 сабақта, мектепте, қоғамдық орындарды тәртіпті сақтай білуі; 
 оқушының құқығы мен міндеттерін білуі мен түсінуі, оқушы парызын 
орындау (мектептік қажетті құралдарының болуы және үй жұмысын, сынып 
жұмысын орындауы); 
 адамдарға, табиғатқа, қоғамдық мүліктерге мұқият болуы және саналы 
қарауы; 
 денсаулықты сақтау үшін жағымды ойлаудың маңызын түсінуі, салауатты 
өмір салтының қарапайым ережелерін білуі және қолдана алуы тиіс. 
Оқыңыз, ойланыңыз! 
1.Бірде ақылы жұрттан асқан Платон көшеде жүріп бұзақылық жасап 
тұрған бір баланы ұстап алып ұрсыпты. «Мені болар- болмас нәрсе үшін сонша 
жазғырғаныңыз қалай?» -деп томсырайған баланың иығына қолын қойып тұрып 


88 
данышпан: «Жаман дағдыға ешқашан елеусіз қарауға болмайды»-деп ескерткен 
екен. 
Жай уақытта көпшілік аса мән мән бере бермейтін дағдының адам өмірінде 
алар орны ерекше. «Әр сәби өмірге күнадан таза болмыспен келеді» деп хадисте 
айтылғандай, адамның сәби шақтағы пәк болмысы есейе бастаған шағында 
жақсы –жаман орталарға тап болуына байланысты өзгереді. Әсіресе, 
жасөспірімдік жастық жастық шақта еліктеушілік қасиеті басым тұрады. Бұл 
уақытта «Бір рет сынап көргенде тұрған не бар ?», «Мен одан қалаған 
уақытымды бас тарта алам» деген жеңсік ой көп адамның алдануына әкеп 
соғады. Шын мәнінде «Бір еткеніңді екі етерсің . Екі еткеніңді үш етерсің. Үш 
еткеніңді әдет етерсің», екі-үш қайталанған іс әдетке айналғанын адам сезбей 
қалады. Бастапқыда ескермегендіктен, одан құтылу барған сайын қиындай 
түседі Бұл турасында мына ғибратты әңгіменің мазмұны адамға ой саларлық: 
Бір жас жігіт жаман әдеттерден арылудың жолын сұрап бір данышпанға 
барыпты. Данышпан кісі оған «Сен ана бір жас шыбықты суыршы»-депті. Ол 
қиналмай –ақ суырыпалды. Енді одан жуанын суыруын тапсырыпты. Ол досын 
көмекке шақырыпты. Ал одан да жуан ағашты көрсеткен екен, көп адам 
жиналып ырғыса да, оны орнынан қозғалта алмапты. Сонда данышпан: «Көрдің 
бе?»-депті, -жаман дағдыдан бастапқы кезде құтылу жеңіл.Ол кезде оған өзіңнің 
де шамаң жетеді. Кейіннен достарыңды көмекке шақырасың. Ал нашар қылықты 
көп уақыт қайталап, ол қанға әбден сіңгенде, көмекке қанша адамды шақырсаң 
да, бәрі кеш болады»-деген екен. 
Бір падишах уәзіріне ашуланып, оны зынданға отырғызып, тек қара нан мен 
су берілуін әмір етеді. Күндер ұзап бара жатқанға қарамастан уәзірдің 
шағымданбай мойынсұнып отырғанын байқаған падишах, зынданға барып 
,уәзірді алдына алып келуді бұйырды.Жегені тек қара нан, ішкені тек қара су 
болса да уәзірдің наразылық көрсетпей қалайша сабыр алатынын білгісі келеді: 
- Басына үлкен тауқымет түскеніне қарамастан, қол аяғың шынжырға 
байлаулы болса да, денсаулығың сол баяғыша жақсы, көңілің де орнында 
сияқты. Өзіңді қалай сақтай алдың? 
- Мәртебелім менің бес дәрім бар –соларды ішіп жүрмін. 
Падишах қара наннан басқа ешнәрсе берілмесін деген әмірін көмекшілері 
орындамағаны үшін қатты ашуланады. Уәзірге . 
- Қайда ол дәрілер? Көрсет маған! 
Сонда уәзір былай дейді: 
-Бірінші дәрім-ТӘУЕКЕЛ! Яғни, Аллахқа иман етіп, істерімді оған 
тастадым 
Екінші дәрім – ТАҒДЫРҒА РИЗАШЫЛЫҚ. Жазмыштан озмыш жоқ, 
маңдайыма жазылғандардың бәріне көніп еш шамданбадым. 
-Үшінші дәрім –САБЫР. 
-Төртінші дәрім–ҚАНАҒАТ. Жағдайы менен де төмендерді ойлаймын да 
шүкір етемін.


89 
-Бесінші дәрім–ҮМІТ. Қайткен күнде де бір күні бұл зынданнан 
шығатыныма үміттімін. 
1. Рахатқа толы бес күнгі, ренжіте көрме ешкімді
Баяғыда Лұқпан хакімге бір патша « Дүниедегі ең асыл затты әкел деп 
бұйырған екен». Сонда Лұқман хакім бір малды сойдырып, тілі мен жүректі
апарып беріпті. Келесі күні патша шақырып алып, «Енді дүниедегі ең жаман 
нәрсені әкел дегенде , тағы да тіл мен жүректі апарып берген екен». Бұған таң 
қалған патшаға «Жақсылық та, жамандық та тіл мен жүректің ақтығы мен 
қаралығына байланысты» деп жауап беріпті. Тілдеріңе абай болыңдар, 
Жүректеріңді таза ұстаңдар –деді. 
2. Үндістанда су тасығыш бір кісі екі шелек алып, иін ағашпен су таситын 
болса керек. Алайда екі шелектің біреуі тесік екен. Бүтін шелек өзіне құйылған 
суды қожайынның үйіне сол күці шашау шығармай жеткізеді екенде, ал тесік 
шелек болса, толтырып құйылған судың үйге жеткенше жол бойы сыздықтатып 
отырып, әрең дегенде жартысын ғана апаратын көрінеді. Бұл жағдай дәл 
осылай тұп –тура екі жыл бойы жалғасыпты. Су тасушы күн сайын қожайынның 
үйіне толықтай екі шелек емес ,бір жарым шелек қана су жеткізіп жүріпті. Бүтін 
шелек өзінің қалтқысыз қызметін мақтаныш көрген сайын ,тесік шелек 
байғұстың іштей мұңайғаны сонша, жерге кіріп кете жаздап ұялғаны сонша, өзін 
қатты ыңғайсыз сезінеді екен. 
Екі жыл өтіп, бір күні әдеттегідей өзен жағасына тағы барғанда, шыдамаған 
тесік шелек су тасушыға қысыла –қымтырыла: «Сізден кешірім сұрайын деп 
едім, білсеңіз ылғи алдыңызда ұяттан өртене жаздаймын» депті назарын төмен 
салып. Таңқалған су тасушы «Неге?» деп сұрапты.
Шелек: «Өйткені менің бір бүйірім тесік болғандықтан ылғи да сіз 
толтырып құйған судың жартысын ғана жеткізіп, өзіме жүктелген міндетті 
толық орындай алмай жүргеніме іштей қатты қысылам.» Менің кесірімнен сіз де 
өзіңізге тиесілі төлемақыңызды толықтай ала алмай келесіз» -дейді. Сонда су 
тасушы: «Оған бола қайғыратын түкте жоқ. Одан да қожайынның үйіне баратын 
жолдың сен жағындағы гүлдерін бір байқашы»,-депті жай ғана. 
Тесік шелек байқаса, қожайынның үйіне жеткенше жолдың өзі жағы, 
шындығында, жапырағы жайқалған,иісі аңқыған небір гүлдерге толы екен. Тіпті 
әлгі гүлдерге қызуы жақсы түсіп тұрған күнді де байқапты. Сонда су тасушы: 
«Көрдің бе? Бұл сендегі кемшілікті менің байқағандым әрі оның өз жөнін тауып, 
орайластыруымның жемісі»,-деп сөзін жалғастырыпты. 
Жолдың сен жағына әдейілеп гүлдер ектім, ал сен болсаң, күн сайын, біз 
өзеннен су алып қайтқанда оларды суғарып тұрдың. Екі жылдан бері осы әдемі 
гүлдерден апарып, қожайынды таңқалдыра, дастарқанын жайнатып келдім. Егер 
сен тесік болмағанда қожайынымыздың үйінде мұндай әдемілік болмас еді» -деп 
түсіндірген екен. 
Пенде болған соң тесік шелек секілді әркімнің де өзіне мәлім 
кемшіліктерінің болары сөзсіз. Алайда кемшіліктен қуыстанып, қорқа беру де 


90 
жөн емес. Қайта сол кемшіліктен де адам өзіне қажетті үлгі ала білсе, оның да 
басқалардың қуанышына жарамасына кім кепіл?!
Кей жағдайда өмірде ұсақ нәрселердің еленбеуі, кейін уақыт өте келе 
адамға опық жегізіп, сан соқтырып жатады. Асылында алғашында аса көзге 
ілінбейтін нәрселерге де мән беріп қарап жүрген дұрыс. Алаштың ардақты 
азаматы Ахмет Байтұсынұлының ұлағатты сөзі бар: «Кішкене кілттің үлкен 
сарайға жол ашатыны сияқты, үлкен іске көбіне жай істерден бастау алады, кіп-
кішкене ұшқыннан үп- үлкен өрт шығады. Расында, сарай қаншалықты зәулім 
болса да, оған кіп-кішкене кілт жол ашады емес пе?» Тұтас ормандардыалып 
кететін үлкен өрт те, қып-қызыл шоқтың майда ұшқындарынан пайда болмай 
ма? Олай болса кішкене кілтке де, ұшқынға да көңіл бөлмеуге бола ма ?
 Курстан кейінгі ой түйін 
Курсқа келген әрбір тыңдаушының пікірін талдасам: өткізілген тыныштық 
сәтінде «Нұр сәулесінде айтылған жүрекке жағымды сөз, бес сезім мүшесіне 
әсері, өзінің жан дүниесіне берілген тыныштық сабырлық, төзімділікке негіз 
болғанын айтады. Ең бірінші қоғамда мұғалім жүрегі ізгіленсе, ойы тазарса, іс-
әрекеті 
дұрыс 
болса, 
болашағымыз 
жарқын 
болатыны 
сөзсіз.Мен 
тыңдаушыларыма:«Сіздер ұлы мамандық иесісіздер», Құранда:мұғалім 
тәрбиешімен ұрыспақ түгілі оның көлеңкесін басуға қақың жоқ,ол ізгіліктің, 
мейірімділіктің нұрын себуші-деген даналы ой берілген. «Ұлы» деген сөз қандай 
адамдарға айтылады, ол- тәрбиеші ұстазға берілген ең жоғары марапат. Біз осы 
сөзге сай әрекет етіп жүрміз бе? Мұғалім-оқытушы. Біздің іс-әрекетіміз кез- 
келгенге үлгі. Өсер ұрпаққа өкпелеме оның алдындағы үлгісі-сен. Ертеңгі-
55,65,85 жасыңды бүгін тәрбиелеп отырсың. Қарттығың уайымсыз өтсін десең 
бүгін партада отырған оқушыны рухани–адамгершілік құндылықтармен 
ақиқатты айта алатындай, сөзімен ісі бір жерден шығып, жан дүниесіне үңіліп 
ар-ұят,адалдықты жанына серік етіп, жүрек тілін түсінетін, қиянат жасамай,
риясыз сүйіспеншілік нұрын шаша алатын ұрпақ тәрбиелеу сенің 
жауапкершілігіңде. Ата- бабадан қалған ұлттық құндылықтарымызды «Ақиқат, 
Дұрыс–іс әрекет, Жан тыныштығы, Қиянат жасамау, Сүйіспеншілік» ұрпақ 
санасына сіңіру үшін өзіңді-өзің таны, өзгерісті өзіңнен баста, өзіңнің іс-
әрекетіңде қолдан. Шылым шегіп тұрып, ол мұғалім, ата-ана, дәрігер болсын 
шылым шекпе деп баланы иландыра алмайсың, бала ойлайды, өздері шегеді 
маған шекпе дейді, бұлар менен қызғанғандықтан айтып тұр, сенейін десе өзіне 
ең жақын адамдардың іс-әрекеті көңіліне қонбайды. Сондықтан балаға үлгі болу 
үшін сөз бен ісің бір жерден шығу керек. Тыңдаушылардың пікірі: 
Ұстаздарымыздың берген дәрістері арқылы, күнделікті ұйықтар алдында «мен 
бүгінгі арайлы күніме кімге қандай жақсылық жасап, қуанта білдім, кімді 
ренжетіп алдым? деген сауалға іштей жауап іздей білуді үйрендім. Соңында 


91 
айтарым, мен осы курстан алған әсерім, шабытым өте керемет болды. Алдағы 
уақытта осы курстан алған ерекше әсерлерімді ұжымыма, шәкірттеріме, 
достарыма, бауырларыма қуана ерекше тебіреніспен айта аламын.
Әр күні атқан арайлы да шуақты таңымды, батқан күнімді қуанышпен 
қарсы алудың қандай тамаша сезім екенін сезіндім. Жалпы курс менің өміріме, 
көңіліме 
ерекше 
серпіліс 
сыйлады. 
Мен 
бақыттымын–деген 
курс 
тыңдаушыларының пікірін қоса отырып мен тыңдаушыларымды осылай 
шабыттандырдым.
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР! 
Рухы мықты, жан дүниесі сүйіспеншілікке толы шәкірттеріңіз көбейіп, 
риясыз сүйіспеншілік энергиясының сарқылмас көзіне айнала беріңіздер! 
Р А Х М Е Т !!! 


92 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет